Құжат мәтініне өту

Аудан көлемінде Жарсай елді мекенінде ауыл шаруашылығы малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу шараларын қолдану туралы

Қаулы · № 120 · қабылданған 11.06.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-40597/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Аудан көлемінде Жарсай елді мекенінде ауыл шаруашылығы малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу шараларын қолдану туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 120 ·11.06.2008
26.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Аудан көлемінде Жарсай елді мекенінде ауыл шаруашылығы малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу шараларын қолдану туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 120 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аудан көлемінде Жарсай елді мекенінде ауыл шаруашылығы малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу шараларын қолдану туралы
Атауы (қаз.)
Аудан көлемінде Жарсай елді мекенінде ауыл шаруашылығы малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу шараларын қолдану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
120
Қабылданған күні
11.06.2008
Көрсетілген редакция
26.04.2010 · қолданыстағы AI40597_1.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08CG000051
ЭКБ идентификаторы
40597
Редакция идентификаторы
AI40597_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:19

0 Аудан көлемінде Жарсай елді мекенінде ауыл шаруашылығы малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу шараларын қолдану туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" N 339 Заңының 10 бабының талаптарын орындау мақсатында аудандық аумақтық инспекциясының бас мал дәрігерлік инспекторының 2008 жылы 16 мамырдағы N 3–6/326 ұсынысын қарап, 2001 жылғы 23 қаңтарында "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекция бастығы (Рысқұлов У.С.), Ақтөбе облысының мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Қобда аудандық бөлімі (Кубаев Ғ.Т.) Жарсай ауылдық округінің Жарсай елді мекенінде адамдардың денсаулығы мен жануарлардың қауіпсіздік мәнін белгілейтін шектеуіс шараларды ұйымдастыру сұралсын.

2 2. Қоса беріліп отырған Қобда ауданы Жарсай ауыл округі Жарсай елдімекенінде ауыл шаруашылығы малдары арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты 2008 жылға арналған ветеринариялық сауықтыру шараларының кешенді жоспары бекітілсін.

3

3. Жарсай ауыл округі әкімі (Е. Өтегенов), аудандық аумақтық инспекциясының бас малдәрігерлік инспекторы (Т. Ашекбаев) Жарсай елді мекенінде ауыл шаруашылық малдары бруцеллез ауруының шығуына байланысты 2008 жылға арналған ветеринариялық сауықтыру шараларының кешендегі жоспарын уақытылы және сапалы өткізу жүктелсін.

4 4. Аудан әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі бастығының міндетін атқарушы (Б. Құрманиязов) осы қаулының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізу тапсырылсын.

5 5. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Ү. Рысқұловқа жүктелсін (келісім бойынша).

Аудан әкімі:                        Л. Исмағамбетова

Қолданыстағы