Қолданыстағы ред. 30.06.2008 (Редакция 40649_182569.kaz)

Көшелерге атау беру туралы от 30.06.2008 г. № 1 (Көшелерге атау беру туралы)

0

Көшелерге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына сәйкес Қайрақты селолық округ Әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Қайрақты селолық округі халқының пікірін ескере отырып, Талдық ауылының көшелеріне атау берілсін:

1

1) "Талдық" көшесі ауыл Талдық өзенінің жағасында орналасқандықтан.

2

2) "Нұрман Әлдекешов" көшесі Социалистік Еңбек Ері Талдық ауылынан шыққан белгілі азамат, Ленин орденімен марапатталған "1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін" медалінің иегері.

3

3) "Әйтеке би" көшесі қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан, мемлекет қайраткері. Кіші жүздің бас биі.

4

4) "Әлия Молдағұлова" көшесі Кеңес Одағының батыры, шығыстың қос шынарының бірі.

5

5) "Мәншік Мәметова" көшесі, Кеңес Одағының батыры, шығыстың қос шынарының бірі.

2

2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.