Құжат мәтініне өту

О реорганизации республиканского государственного казенного предприятия "Казахский национальный аграрный университет" Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қаулы · № 698 · қабылданған 17.07.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-40677/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О реорганизации республиканского государственного казенного предприятия "Казахский национальный аграрный университет" Министерства образования и науки Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 698 ·17.07.2008
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации республиканского государственного казенного предприятия "Казахский национальный аграрный университет" Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 698 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации республиканского государственного казенного предприятия "Казахский национальный аграрный университет" Министерства образования и науки Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ ұлттық аграрлық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
698
Қабылданған күні
17.07.2008
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI40677_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000698_
ЭКБ идентификаторы
40677
Редакция идентификаторы
AI40677_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:04

0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ ұлттық аграрлық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ ұлттық аграрлық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Республикалық ауыл шаруашылығы ғылыми кітапханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және Білім және ғылым министрліктерімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

2

2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимаратын республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 78 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 3, 36-құжат):
1-тармақта "жалдау ақысы алынбай, орналасқан үй-жайларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Республикалық ғылыми ауыл шаруашылығы кітапханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қалдыру шартымен" деген сөздер алынып тасталсын.

3 3) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген 1-бөлімде реттік нөмірі 12-жол алынып тасталсын.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы