Об ограничениях на период высокой пожарной опасности на территории государственного лесного фонда Акмолинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об ограничениях на период высокой пожарной опасности на территории государственного лесного фонда Акмолинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт шығу қаупі жоғары кезеңіндегі шектеулер туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-5/297
- Қабылданған күні
- 16.07.2008
- Көрсетілген редакция
- 25.05.2016 40731_94907.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08B0003257
- ЭКБ идентификаторы
- 40731
- Редакция идентификаторы
- 40731_94907
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:05
0 Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт шығу қаупі жоғары кезеңіндегі шектеулер туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман
кодексінің
63-бабындағы 4-тармағына сәйкес, өрт шығу қаупі жоғары кезеңінің басталуына байланысты облыс әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Өрт шығу қаупі жоғары кезеңінде жеке тұлғалардың орманда болуын және онда көлік құралдарымен кіруіне, сондай-ақ Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жұмыстың белгiлi бiр түрлерiн жүргізуге шектеу қойылсын.
2
2. "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы"»мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президенті Істері басқармасының "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы" (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Көкшетау орман селекциялық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақмола облысының ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесе отырып өрт шығу қаупі жоғары кезеңінде орман өртенуі бойынша ең қауіпті учаскелерге кіре берістің басты жолдарында пост бекеттерін қоюды қамтамасыз етсін.
3
3. "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі орман алқабында өрт шығу қаупі жоғары кезеңінің басталуы туралы ақпаратты Ақмола облысының әкімдігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақмола облысының ішкі істер департаментіне" (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Ақмола облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне" (келісім бойынша) дер кезінде тапсырсын.