Об установлении размеров ставок ежемесячной платы за размещение наружной (визуальной) рекламы в населенных пунктах Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размеров ставок ежемесячной платы за размещение наружной (визуальной) рекламы в населенных пунктах Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы ставкалар мөлшерлерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 89
- Қабылданған күні
- 18.06.2008
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2009 40732_139811.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08C0003263
- ЭКБ идентификаторы
- 40732
- Редакция идентификаторы
- 40732_139811
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:17
0 Ақтөбе облысының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы ставкалар мөлшерлерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 491 бабының 2) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Ақтөбе облысының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы ставкалар мөлшерлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы шешім алғаш рет жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Облыстық мәслихатының
2008 жылғы 18 маусымдағы
N 89 шешіміне қосымша
Ақтөбе облысының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі)
жарнама орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы
ставкалар мөлшерлері
Жарнама ауқымының көлемі, аумағы, шаршы метр
«А» категориясы
«Б» категориясы
3 шаршы метрге дейінгі жарнама нысанның аумағы
3 айлық есептік көрсеткіш
2 айлық есептік көрсеткіш
3 шаршы метрден артық жарнама нысанның аумағы
ставка нысан аумағының көлемін айлық есептік көрсеткішке көбейтілгеніне тең
ставка нысан аумағының 2/3 көлемін айлық есептік көрсеткішке көбейтілгеніне тең
Көлік құралының сыртқы жағындағы жарнама:
1 1) (Жүк көтерімі 1,5 тоннадан астам) автобустар, троллейбустар, жүк машиналары, және т.б.
2 2) (Жүк көтерімі 1,5 тоннаға дейін) микроавтобустар, такси, жеңіл машиналар
10 айлық есептік көрсеткіш
5 айлық есептік көрсеткіш
10 айлық есептік көрсеткіш
5 айлық есептік көрсеткіш
Ескерту: Жарнама объектісінің бір жағы үшін төлемақы ставкалар мөлшерлері қолданыстағы айлық есептік көрсеткішінің мөлшерімен есептеледі.
Көлік құралдарында орналасатын сыртқы (көрнекі) жарнаманың ай сайынғы төлемақы ставкалары категория бойынша бөлінбейді.
"А" категориясы: Әбілқайыр хан даңғылы, Ә.Молдағұлова даңғылы, әуежай трассасы, айналмалы жол (312 атқыштар дивизиясы даңғылынан Елек көпіріне дейін), 312 атқыштар дивизиясы даңғылы, Сәңкібай батыр даңғылы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, Есет батыр көшесі, М.Мәметова көшесі, Ш.Уәлиханов көшесі, Пацаев көшесі, 101 атқыштар бригадасы көшесі.
"Б" категориясы: Ақтөбе қаласының "А" категориясына кірмеген даңғылдары мен көшелері және Алға, Хромтау, Шалқар, Қандыағаш, Темір, Ембі қалалары мен аудандар орталықтары.