Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые Законы Республики Казахстан и Указы Президента Республики Казахстан, имеющие силу Закона

Жарлық · № 2824 · қабылданған 26.01.1996
Заңдық күші: Қолданыста · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4075/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые Законы Республики Казахстан и Указы Президента Республики Казахстан, имеющие силу Закона Қолданыста Жарлық ·№ 2824 ·26.01.1996
26.01.1996 редакциясы
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые Законы Республики Казахстан и Указы Президента Республики Казахстан, имеющие силу Закона

Қолданыста Жарлық ·№ 2824 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые Законы Республики Казахстан и Указы Президента Республики Казахстан, имеющие силу Закона
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілері мен Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтарына өзгерту және толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2824
Қабылданған күні
26.01.1996
Көрсетілген редакция
26.01.1996 4075_543866.kaz
Соңғы өзгеріс
26.01.1996
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U9600002824
ЭКБ идентификаторы
4075
Редакция идентификаторы
4075_543866
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:26

0 Қазақстан Республикасының кейбір заң актілері мен Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтарына өзгерту және толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығының шығарылуына байланысты қаулы етемін:

I. Мына Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтарына өзгерту мен толықтырулар енгізілсін:

1. "Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы" 1991 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ведомостары, 1991 ж., N 51, 624-құжат) мынадай мазмұндағы 2-1 баппен толықтырылсын:

"2-1-бап. Заңның арнайы экономикалық аймақ аумағында
қолданылу ерекшеліктері
Осы Заң арнайы экономикалық аймақта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады".

2. "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 516-құжат) мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

"Осы Заң арнайы экономикалық аймақта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады".

3. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заң күші бар N 2198 Жарлығының 4-бабы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат) мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерін есепке алу тіркеуін тікелей арнайы экономикалық аймақ аумағында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің уәкілді органы жүргізеді".

4. "Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі Заң күші бар N 2235 Жарлығының 2-бабы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат) мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

"4. Арнайы экономикалық аймақтар бойынша жалпымемлекеттік және жергілікті салықтар мен алымдар арнайы экономикалық аймақтар туралы заңда белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың қаржы қорының (бюджетінің) кірісіне түседі".

5. "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі Заң күші бар N 2368 Жарлығының 3-бабы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 13):

мынадай мазмұндағы жаңа үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Арнайы экономикалық аймақ аумағында еркін кеден аймағы режимі қолданылады. Осындай арнайы экономикалық аймақ құру тәртібі арнайы экономикалық аймақтар туралы заңмен белгіленеді";
үшінші бөлік төртінші бөлік болып саналсын.

II. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы