О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, "О налогах и других обязательных платежах в бюджет"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, "О налогах и других обязательных платежах в бюджет"
- Атауы (қаз.)
- "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2827
- Қабылданған күні
- 26.01.1996
- Көрсетілген редакция
- 26.01.1996 4076_607987.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.1996
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U9600002827
- ЭКБ идентификаторы
- 4076
- Редакция идентификаторы
- 4076_607987
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:26
0 "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша уәкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес, Ақмола қаласын абаттандыру және оны дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау үшiн инвестициялар тарту мақсатында Қаулы Етемiн:
1."Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Заң күшi бар N 2235 Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, N 43-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 34-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:
"2) Ақмола қаласында тiркелген және құрылыспен шұғылданатын шетелдiк немесе шетелдiң қатысуымен құрылған ұйымдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн ұйымдар, құрылысқа байланысты қызметiнiң кезеңiне, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмге";
2), 3), 4), 5) тармақшалар тиiсiнше 3), 4), 5), 6) тармақшалар болып саналсын.
2. 123-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) Ақмола қаласында құрылыспен шұғылданатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн заңды тұлғалар, құрылысқа байланысты қызметiнiң кезеңiне, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмге";
7), 8) тармақшалар тиiсiнше 8), 9) тармақшалар болып саналсын.
3. 134-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен
толықтырылсын:
"4) Ақмола қаласында құрылыспен шұғылданатын, Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлейтiн заңды тұлғалар, құрылысқа
байланысты қызметiнiң кезеңiне, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмге
босатылады".