Қолданыстағы ред. 13.06.2008

Облыс аумағындағы жекеленген ауылдарды тарату туралы от 13.06.2008 г. № 126а (Облыс аумағындағы жекеленген ауылдарды тарату туралы)

0

Облыс аумағындағы жекеленген ауылдарды тарату туралы
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабы 3 тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Жекелеген аудандардың төменде аталған ауылдары таратылып, тұрғындары сол селолық округке ең жуық елді мекендерді құрамына енгізілсін:

1

1) Алакөл ауданы бойынша:
Қамысқала селолық округінің Ұялы ауылы, тұрғындары Қамысқала ауылының құрамына.

2

2) Балқаш ауданы бойынша:
Жиделі селолық округінің Айнакөл ауылы, тұрғындары Жиделі ауылының құрамына;
Миялы селолық округінің Құланбасы ауылы, тұрғындары Миялы ауылының құрамына.

3

3) Сарқан ауданы бойынша:
Аманбөктер селолық округінің Үштөбе ауылы, тұрғындары Аманбөктер ауылының құрамына.

4

4) Талғар ауданы бойынша:
Бесқайнар селолық кругінің Алматау ауылы, тұрғындары Бесқайнар ауылының құрамына;
Бесағаш селолық округінің Алмалы ауылы, тұрғындары Бесағаш ауылының құрамына енгізілсін.

2

2. Облыстық статистика басқармасы (Б.Төлепбаев) облыстың әкімшілік - аумақтық бірліктерін есепке алу мен тіркеуіне өзгерістер енгізсін.

3

3. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Г. Баталовқа жүктелсін.

4

4. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.