Облыс аумағындағы жекеленген ауылдарды тарату туралы Қолданыста
Басқа 0
Облыс аумағындағы жекеленген ауылдарды тарату туралы
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабы 3 тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жекелеген аудандардың төменде аталған ауылдары таратылып, тұрғындары сол селолық округке ең жуық елді мекендерді құрамына енгізілсін:
Тармақша 1
1) Алакөл ауданы бойынша:
Қамысқала селолық округінің Ұялы ауылы, тұрғындары Қамысқала ауылының құрамына.
Тармақша 2
2) Балқаш ауданы бойынша:
Жиделі селолық округінің Айнакөл ауылы, тұрғындары Жиделі ауылының құрамына;
Миялы селолық округінің Құланбасы ауылы, тұрғындары Миялы ауылының құрамына.
Тармақша 3
3) Сарқан ауданы бойынша:
Аманбөктер селолық округінің Үштөбе ауылы, тұрғындары Аманбөктер ауылының құрамына.
Тармақша 4
4) Талғар ауданы бойынша:
Бесқайнар селолық кругінің Алматау ауылы, тұрғындары Бесқайнар ауылының құрамына;
Бесағаш селолық округінің Алмалы ауылы, тұрғындары Бесағаш ауылының құрамына енгізілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық статистика басқармасы (Б.Төлепбаев) облыстың әкімшілік - аумақтық бірліктерін есепке алу мен тіркеуіне өзгерістер енгізсін.
Тармақ 3
3. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Г. Баталовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.