Құжат мәтініне өту

Об организации работ по определению Первичных Дилеров на рынке государственных ценных бумаг

Бұйрық · № 396 · қабылданған 01.08.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4078/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об организации работ по определению Первичных Дилеров на рынке государственных ценных бумаг Күшін жойған Бұйрық ·№ 396 ·01.08.1999
29.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации работ по определению Первичных Дилеров на рынке государственных ценных бумаг

Күшін жойған Бұйрық ·№ 396 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации работ по определению Первичных Дилеров на рынке государственных ценных бумаг
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногындағы Бастапқы Дилерлерді айқындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
396
Қабылданған күні
01.08.1999
Көрсетілген редакция
29.11.2012 AI4078_4.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V990000884_
ЭКБ идентификаторы
4078
Редакция идентификаторы
AI4078_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:00

0 Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногындағы Бастапқы Дилерлерді айқындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы

📌 Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрiнің 2012.11.29 № 523 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту: Бұйрықтың бүкіл мәтіні бойынша "таңдау" деген сөз "конкурстық іріктеу" деген сөздермен, "Брокерлер - дилерлер"
деген сөздер "Брокерлер, Дилерлер" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 10 маусымдағы N 266 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар рыногында екінші деңгейдегі банкілерді, брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар және Бастапқы Дилерлердің қызметінің тиімділігін арттыру, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар арасында мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының субъектілерін айқындау мақсатында бұйырамын:

1 1. Бастапқы Дилер функцияларын орындауға шарт жасасу үшін екінші деңгейдегі банктерді және институционалды инвесторларды - үміткерлерді (бұдан әрі - Үміткерлер) конкурстық іріктеудің мынадай тәртібі белгіленсін:

1 1) Осы бұйрықтың 2-тармағына сәйкес Үміткерлердің құжаттаманы дайындауы, оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынуы;

2

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Үміткерлердің сақтауға міндетті пруденциялық нормативтерді немесе қаржылық тұрақтылық өлшемдерін сақтау бөлігінде, Үміткерлердің іріктеу өлшемдеріне сәйкестілігін, бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестілігін Ұлттық Банктің келісу-хатын ұсыну жолымен келісу;

3 3) Бастапқы Дилер функцияларын орындауға шарт жасасу үшін екінші деңгейдегі банктерді және институционалды инвесторларды - үміткерлерді конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) Үміткерлер ұсынған құжаттарды және Ұлттық Банктің келісу-хатын қарауы;

4 4) Комиссияның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің басшылығына Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі эмиссиялаған мемлекеттік бағалы қағаздар рыногында Бастапқы Дилер функцияларын орындауға шарт жасасу (немесе жасасудан бас тарту) туралы ұсынымдарды дайындауы.

Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 10 маусымдағы N 266 бұйрығымен.

2 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар рыногында Бастапқы Дилер функцияларын орындауға арналған шарт жасасу үшін Үміткерлерді конкурстық іріктеудің негізгі өлшемдері айқындалсын (одан әрі - Шарт):

1 1) бары-жоғы:

брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - Брокерлер, Дилерлер) ұсынған екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - Банктер) және институционалдық инвесторлар үшін бағалы қағаздардың атаулы ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру құқығына бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) лицензиялары;
зейнеткерлік активтерді басқару жөніндегі компаниялар (бұдан әрі - ЗАБК) ұсынған институционалдық инвесторлар үшін атаулы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру құқығына, зейнеткерлік активтерді инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар;

2 2) Шарт жасасуға өтінім беру күні алдындағы үш ай ішінде мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу туралы "Орталық депозитарлық бағалы қағаздар" жабық акционерлік қоғамның растамасы; оларды ішкі рынокта бастапқы орналастыру мынадай көлемде:

Банкілер үшін - ең кем дегенде 200 миллион теңге;
ЗАБК үшін - ең кем дегенде 100 миллион теңге;
Брокерлер, Дилерлер үшін - ең кем дегенде 50 миллион теңге.

3 3) хаттың қолда бары - Үміткерлермен шарт жасасқан жағдайда олар мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуда Бастапқы Дилер функциясын орындауды мерзім ішінде қамтамасыз ететіні жөніндегі міндеттемесі, олардың ішкі рыноктағы мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы мына көлемде:

Банкілер-ЗАБК үшін - ең кем дегенде 200 миллион теңге;
Брокерлер, Дилерлер үшін - ең кем дегенде 100 миллион теңге.

4 4) Үміткерлердің мемлекеттік бағалы қағаздар аукционында қатарынан екі аукционнан астам рұқсатсыз Бастапқы Дилер функциясын орындау мерзімі ішінде қатысуы.

5 5) Мыналарды:

Банктердің - сақтауға міндетті пруденциялық нормативтерді, бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарға сәйкестілігін;
Брокерлердің, Дилерлердің және ЗАБК - шарт жасасуға өтініш беру күнінің алдындағы алты ай ішінде уәкілетті органдар белгілеген пруденциялық нормативтерді немесе қаржылық тұрақтылық өлшемдерін сақтауы.
Ескерту: 2-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 10 маусымдағы N 266 бұйрығымен.

3

3. Комиссия Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдерінен құрылатыны, оның құрамы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілетіні белгіленсін. Комиссия конкурстық іріктеуді және Бастапқы Дилер функцияларын орындауға шарт жасасу жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.
Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 10 маусымдағы N 266 бұйрығымен.

4 4. Осы бұйрықтың атқарылуына бақылау жасау Қаржы вице-Министрі А.Ғ.Дунаевқа жүктелсін.

Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 10 маусымдағы N 266 бұйрығымен.

5 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы