Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка обеспечения граждан, имеющих льготы на проезд, и возмещения затрат перевозки на предоставление льгот

Өзге акт · № 84 · қабылданған 15.04.1997
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-408/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении порядка обеспечения граждан, имеющих льготы на проезд, и возмещения затрат перевозки на предоставление льгот Күшін жойған 15.04.1997 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении порядка обеспечения граждан, имеющих льготы на проезд, и возмещения затрат перевозки на предоставление льгот

Күшін жойған Өзге акт № 84 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка обеспечения граждан, имеющих льготы на проезд, и возмещения затрат перевозки на предоставление льгот
Атауы (қаз.)
"Жолақылық жеңiлдiктермен пайдаланатын азаматтардың құқығын қамтамасыз ету және жеңiлдiк берiлген жолаушыларды тасымалдауға кеткен шығынның орнын толтыру тәртiбi туралы"
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
84
Қабылданған күні
15.04.1997
Көрсетілген редакция
15.04.1997 408_264820.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.1997
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V97U0000017
ЭКБ идентификаторы
408
Редакция идентификаторы
408_264820
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:08
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Жолақылық жеңiлдiктермен пайдаланатын азаматтардың құқығын қамтамасыз ету және жеңiлдiк берiлген жолаушыларды тасымалдауға кеткен шығынның орнын толтыру тәртiбi туралы"

📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 05.10.2001 № 211 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi № 527 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қарашадағы № 1365 қаулысын орындалуға байланысты:

1. "Жолақылық жеңiлдiктермен пайдаланатын азаматтардың құқығын

қамтамасыз ету және жеңiлдiк берiлген жолаушыларды тасымалдауға кеткен
шығынның орнын толтыру тәртiбi" бекiтiлсiн.

2. Көлiк департаментiне (М.О.Алиев) Оңтүстiк Қазақстан облысының

аумағы бойынша меншiктiң барлық түрiндегi тасымалдаушыларға "Жолақылық
жеңiлдiктермен пайдаланатын азаматтардың құқығын қамтамасыз ету және
берiлген жолаушыларды тасымалдауға кеткен шығынның орнын толтырудың"
бiрыңғай тәртiбiн ендiрудi қамтамасыз ету тапсырылсын.

3. Бұл шешiмнiң орындалуын бақылау Әкiмнiң орынбасары К.С.Iзбасқановқа

жүктелсiн.

4 Жолақылық жеңiлдiк берiлген азаматтардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету және жеңiлдiк берiлгендердi тасымалдаушыларға кеткен шығындарды өтеу Тәртiбi

Оңтүстiк Қазақстан облыстық
әкiмiнiң 1997 ж. 16 сәуiрдегi
№ 84 шешiмiмен бекiтiлген
Жолақылық жеңiлдiк берiлген азаматтардың
құқығын қорғауды қамтамасыз ету және
жеңiлдiк берiлгендердi тасымалдаушыларға
кеткен шығындарды өтеу
Тәртiбi
Бұл тәртiп - ереже Оңтүстiк Қазақстан облысының аумағында ғана жарамды болып табылатын және азаматтардың жекелеген категорияларына берiлетiн жеңiлдiктер мен соған байланысты тасымалдаушыларға кеткен шығындарды өтеудiң жолдарын белгiлейдi.
Азаматтардың әрбiр категориялары бойынша берiлетiн жеңiлдiктердiң тiзiмi мен мөлшерi Қазақстан Республикасының аумағында ғана жарамды болып есептелетiн тиiстi заңдар мен нормативтiк актiлер бойынша iске асырылады.
Көпшiлiк пайдаланатын жолаушылар куәлiктерiнiң барлық меншiктiк түрлерi бойынша тегiн жүру тек бiрыңғай жол билетi бойынша жүзеге асырылады.
Жол билеттерi Шымкент қаласында - жол билеттерiн тарату бөлiмдерiнде, ал қалалар мен аудандарда автостанциялар мен автовокзалдарда берiледi. Жол жүру жеңiлдiгiмен пайдалануға құқы бар азаматтарға бiрыңғай үлгiдегi жол билеттерi
- Оның бұл туралы статустық құқықтық белгiлерiн дәйектейтiн, журналдық тiркеуден өткен, нөмiрi,аты-жөнi көрсетiлген құжаты арқылы берiледi.
Жол билеттерiн тарату бөлiмiнде, аудандардағы автовокзалдар мен автостанцияларда құжатындағы статустық құқықтық белгiлерi бойынша жеңiлдiктермен пайдаланатын тұлғаларға жол билеттерi жол жүрудiң мына түрлерi бойынша берiледi:
- Қала iшiндегi маршруттар
- Қала төңірегiлiк маршруттар
Жол билеттерiн тарату бөлiмi әр тоқсан қорытындылығы бойынша, өздерiне берiлген жол билеттерiнiң қаншасы жеңiлдiктермен пайдаланатын категориялық тұлғаларға берiлгендiгi жөнiнде Облыстық Қаржы басқармасына есеп берiп отыруға тиiс. Жол билетiнiң құны қоғамдық көлiктердегi тасымалдау жөнiндегi Оңтүстiк Қазақстан облыстық Мәслихатының 15.03.1996 ж. № 7/73 шешімімен белгiленген тарифтiк бағадан аспауға тиiс.
Шығындарды өтеуге жұмсалатын сома мөлшерi, бұл жөнiндегi 1997 жылға арналған облыстық бюджетте қаралған сома шеңберiнде болуы керек.