Құжат мәтініне өту

Карантиндік аймақтарға ветеринариялық режим мен шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Қаулы · № 124 · қабылданған 10.06.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-40802/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Карантиндік аймақтарға ветеринариялық режим мен шектеу іс-шараларын енгізу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 124 ·10.06.2008
20.11.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Карантиндік аймақтарға ветеринариялық режим мен шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 124 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Карантиндік аймақтарға ветеринариялық режим мен шектеу іс-шараларын енгізу туралы
Атауы (қаз.)
Карантиндік аймақтарға ветеринариялық режим мен шектеу іс-шараларын енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
124
Қабылданған күні
10.06.2008
Көрсетілген редакция
20.11.2008 · қолданыстағы AI40802_1.kaz
Соңғы өзгеріс
20.11.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08DN000062
ЭКБ идентификаторы
40802
Редакция идентификаторы
AI40802_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:19

0 Карантиндік аймақтарға ветеринариялық режим мен шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 18)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы, 2-тармағы, 9)-тармақшасына сәйкес және бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2008 жылғы 03 маусымдағы N 219 ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ұсақ мүйізді малдары арасынан сарып ауруы туындаған жағдайға байланысты төмендегі карантиндік аймақтарға ветеринариялық режим мен шектеу іс-шаралары енгізілсін:

1 1) Қаблиса ауылдық округінің "Алмалы" учаскесіне (12 бас, 2008 жылдың 20 мамырдағы N 409 сараптамасы, 3 бас 2008 жылдың 27 мамырдағы N 438 сараптамасы);

2 2) Лабасы ауылдық округінің Еңбекшіқазақ ауылына (23 бас, 2008 жылдың 03 маусымдағы N 532 сараптамасы, 13 бас, 2008 жылдың 03 маусымдағы N 533 сараптамасы).

2 2. Сарып ауруының ошағын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С.Қабдолданов (келісім бойынша), Көксу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Е.Ешкенов (келісім бойынша) сарып ауруының ошағын жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Бейсеновке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Көксу ауданы әкімдігінің

2008 жылғы 10 мамырдағы
"Карантиндік аймақтарға
ветеринариялық режим мен
шектеу іс-шараларын енгізу
туралы" N 124 қаулысына
қосымша
Сарып ауруының ошағын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Р/с
Іс-шараның аталуы
Орындау мерзімі
Орындауға
жауаптылар
1. Ұйымдық-шаруашылықтық шаралары
1
Ауылдық округтердегі
ауылшаруашылық
малдардың толық есебін
жүргізу.
Тұрақты түрде
Кенттік, ауылдық
округтерінің әкімдері,
ветеринариялық
инспекторлары
(келісім бойынша)
2
Арнайы мал соятын
орындар мен өлген
малдарды тастайтын
шұңқырды әрбір елді
мекенде жасау жұмысын
жалғастыру.
Жыл аяғына дейін
Кенттік, ауылдық
округтерінің әкімдері,
ветеринариялық
инспекторлары
(келісім бойынша)
2. Арнайы ветеринариялық шаралар.
3
Сарып ауруына оң
нәтиже беріп тіркелген
малдарды тез арада
жалпы отардан аластау.
Сараптау актісін
алысымен
Кенттік, ауылдық
округінің
ветеринариялық
инспекторлары,
лицензиялық мал
дәрігерлері
(келісім бойынша)
4
Ауру болып тіркелген
малдарды
ветеринариялық-
санитариялық
талаптарға сай есепке
қойып, жою.
3 күн ішінде
Кенттік, ауылдық
округінің
ветеринариялық
инспекторлары,
лицензиялық мал
дәрігерлері
(келісім бойынша)
5
Мал тұрған қоралар мен ауланы қидан тазарту және мал тұрған орынды арнайы дәрілермен залалсыздандыру.
Тез арада, мал
жойылғаннан кейін
Кенттік, ауылдық
округінің
ветеринариялық
инспекторлары,
лицензиялық мал
дәрігерлері
(келісім бойынша)
6
Ауру шыққан ауладағы
қалған малдардан
15-20 күн сайын қан
алынып, 2 қайтара таза
шыққанша сарып ауруына
қарсы тексеру.
Тұрақты түрде
Кенттік, ауылдық
округінің
ветеринариялық
инспекторлары,
лицензиялық мал
дәрігерлері
(келісім, бойынша)
7
Ауру мал шыққан
ауладағы адамдарды
сарып ауруына қарсы
тексеру.
Маусым
Аудандық
санитарлық-
эпидемиологиялық
қадағалау
басқармасы,
кенттік, ауылдық
округтерінің
ветеринариялық
инспекторлары
(келісім бойынша)
8
Аудан тұрғындары
арасында сарып ауруына
қарсы шаралар және
сақтану жөнінде
үгіт-насихат
жұмыстарын жүргізу.
Тұрақты
Аудандық
санитарлық-
эпидемиологиялық
қадағалау
басқармасы,
кенттік, ауылдық
округтерінің
ветеринариялық
инспекторлары
(келісім бойынша)

Қолданыстағы