Об определении Перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в аульной (сельской) местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать процентов должностные оклады и тарифные ставки по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях, за счет районного бюджета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении Перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в аульной (сельской) местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать процентов должностные оклады и тарифные ставки по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях, за счет районного бюджета
- Атауы (қаз.)
- "Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының Тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 174
- Қабылданған күні
- 12.06.2008
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2015 40853_Some(101932).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08SE000079
- ЭКБ идентификаторы
- 40853
- Редакция идентификаторы
- 40853_Some(101932)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:18
0
"Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының Тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 3-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айбек Оралбеқұлы Күшеновке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
4 Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 12 маусымдағы № 174
қаулысына қосымша
2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстарғанда жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі
1 1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
1 1) Үйдегі әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі;
2 2) Әлеуметтік жұмыс жөнінде маман;
2 2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1 1) Мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар, соның ішінде мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелер және қазыналық
кәсіпорындар басшылары мен орынбасары (соның ішінде бірінші);