Қолданыстағы ред. 14.07.2008

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы от 14.07.2008 г. № 103/7 (Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы)

0

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» № 558 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтірдің тізілімін бекіту туралы» № 561 қаулысына сәйкес және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызметтерді көрсетудің стандарттары бекітілсін:

1

1) Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты (1-қосымша);

2

2) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты (2-қосымша);

4. Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

Баянауыл ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 14 шілдедегі
№ 103/7 қаулысымен бекітілген
1-қосымша
Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

5. Жалпы ережелер

Жалпы ережелер

1

1. Осы стандарт жұмыссыздарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет қөрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
Жұмыссыздарды тіркеу – жұмысқа орналасу мәселелері бойынша хабарласқан азаматтарды есепке қою.

2

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 15-бабына сәйкес көрсетіледі.

4

4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын: «Баянауыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Павлодар
облысы , Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 49 үй., 6, 7 – кабинеттерде көрсетіледі.
5.Тұтынышы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): Жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою немесе тіркеуден бас тарту.

2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

6

6. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті мына құжаттар ұсынылады (деректерді тіркеген соң түпнүсқа қайтарылады):

1

1) Жеке куәлігі (паспорт);

2

2) Әлеуметтік жеке коды ;

3

3) Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);

4

4) Еңбек қызметін растайтын құжаттар.

7

7. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштер нысанын беру орны - Бөлімінің ғимараты, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл селосы, Сәтбаев көшесі, 49 үй, кабинеттер.

8

8. Мемлекеттік қызмет тұтынушыға Бһлімге (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сатпаев көшесі, 46 үй. 6, 7 –кабинеттер, телефоны 9-18-31) және бару арқылы көрсетіледі.

9

9. Тұтынушыға Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту осы стандарттың қосымшысына сәйкес жүргізіледі.

3. 3. Жұмыс қағиттары

3. Жұмыс қағиттары

10

10. Бөлім қызметі:

1

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;

2

2) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;

3

3) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау.

4. 4. Жұмыс нәтижелері

4. Жұмыс нәтижелері

11

11. Тұтынышыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштірмен өлшенеді.

12

12. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітілді.

5. 5. Шағымдану тәртібі

5. Шағымдану тәртібі

13

13. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне шағымдану қажеттілігі кезінде Бөлімнің бастығы шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымдайындауға жәрдем көрсетеді.

14

14. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын не лаузымды адам кабинетінің нөмірін көрсеті:
Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылының Сатпаев көшесі, 49 үй, 1-кабинет, Бөлімнің қабылдау бөлмесі телефоны 9-14-81, электрондық почтасы жоқ.

30. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

Баянауыл ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 14 шілдедегі
№ 103/7 қаулысымен бекітілген
2-қосымша
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Осы стандарт Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды.
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендерге 1949-1965, 1966-1990 жылдарда радиоактивті заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет атқарған азаматтар жатады..

2

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтін нысаны: автоматтандырылмаған.

3

3. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын: «Баянауыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауыды, Сәтбаев көшесі, 49 үй.

4

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны:

1

1) Осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тану не болмаса танудан бас тарту туралы шешімі;

2

2) Осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тану не болмаса оларды танудан бас тарту туралы жазбаша хабарлама;

5

5. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлғалар категориясына 1949 жылдан 1965 жылға дейін, 1966 жылдан 1990 жылға дейін радиоактивті ластанған аумақта тұрған және тұратын, жұмыс істеген, әскери қызметін өткерген (оның ішінде жедел әскери қызметте болған) азаматтар жатады.

6

6. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

7

7. Мемлекеттік қызметті алу үшін мына құжаттарды ұсынылады (деректерді тіркелген соң түпнұсқа кайтарылады):

1

1) Жеке куәлік (паспорт);

2

2) Азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекен-жай бюросынан анықтамасы (мекен-жай) бюросы мына мекен-жайда орналасқан: Павлодар облысы, Павлодар қаласы Торайғыров көшесі, 70/1, жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-ден 14-ге дейін, сенбі, жексенбі күні және мереке күндері – демалыс, телефоны 55-27-75;

3

3) әлеуметтік жеке коды (ӘЖК);

4

4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);

3. 3. Жұмыс қағидалары

3. Жұмыс қағидалары

8

8. Қызмет тұтынушыға қатынасты Бөлімінің басшылық ететін жұмыс қағидалары:

1

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;

2

2) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;

3

3) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау;

4

4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;

5

5) тұтынушылардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермеу;

4. 4. Байланыс ақпараты

4. Байланыс ақпараты

9

9. Тұтынушылардың қабылдау бөлімінің жұмысының белгіленген кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлім бастығы, 1-кабинет, телефоны және факс 9-14-81,
Азаматтарды қабылдау кестесі, телефоны және факс 9-14-81,
Мекен жайы: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Баянауыл аулының Сатпаев көшесі 49 үй, электрондық почтасы жоқ;
Әлеуметтік көмек секторның меңгерушесі, 2-кабинет, телефоны 9-14-85.