Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» № 558 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтірдің тізілімін бекіту туралы» № 561 қаулысына сәйкес және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызметтерді көрсетудің стандарттары бекітілсін:
Тармақша 1
1) Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты (1-қосымша);
Тармақша 2
2) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты (2-қосымша);
Басқа 4. Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Баянауыл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 шілдедегі № 103/7 қаулысымен бекітілген 1-қосымша Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Тарау 5. Жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы стандарт жұмыссыздарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет қөрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет). Жұмыссыздарды тіркеу – жұмысқа орналасу мәселелері бойынша хабарласқан азаматтарды есепке қою.
Тармақ 2
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 15-бабына сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын: «Баянауыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Павлодар облысы , Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 49 үй., 6, 7 – кабинеттерде көрсетіледі. 5.Тұтынышы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): Жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою немесе тіркеуден бас тарту.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті мына құжаттар ұсынылады (деректерді тіркеген соң түпнүсқа қайтарылады):
Тармақша 1
1) Жеке куәлігі (паспорт);
Тармақша 2
2) Әлеуметтік жеке коды ;
Тармақша 3
3) Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
Тармақша 4
4) Еңбек қызметін растайтын құжаттар.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштер нысанын беру орны - Бөлімінің ғимараты, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл селосы, Сәтбаев көшесі, 49 үй, кабинеттер.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызмет тұтынушыға Бһлімге (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сатпаев көшесі, 46 үй. 6, 7 –кабинеттер, телефоны 9-18-31) және бару арқылы көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Тұтынушыға Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту осы стандарттың қосымшысына сәйкес жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Жұмыс қағиттары
3. Жұмыс қағиттары
Тармақ 10
10. Бөлім қызметі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
Тармақша 2
2) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау.
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижелері
4. Жұмыс нәтижелері
Тармақ 11
11. Тұтынышыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштірмен өлшенеді.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітілді.
Тарау 5. 5. Шағымдану тәртібі
5. Шағымдану тәртібі
Тармақ 13
13. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне шағымдану қажеттілігі кезінде Бөлімнің бастығы шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымдайындауға жәрдем көрсетеді.
Тармақ 14
14. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын не лаузымды адам кабинетінің нөмірін көрсеті: Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылының Сатпаев көшесі, 49 үй, 1-кабинет, Бөлімнің қабылдау бөлмесі телефоны 9-14-81, электрондық почтасы жоқ.
Басқа 30. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Баянауыл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 шілдедегі № 103/7 қаулысымен бекітілген 2-қосымша Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы стандарт Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендерге 1949-1965, 1966-1990 жылдарда радиоактивті заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет атқарған азаматтар жатады..
Тармақ 2
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтін нысаны: автоматтандырылмаған.
Тармақ 3
3. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын: «Баянауыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауыды, Сәтбаев көшесі, 49 үй.
Тармақ 4
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны:
Тармақша 1
1) Осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тану не болмаса танудан бас тарту туралы шешімі;
Тармақша 2
2) Осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тану не болмаса оларды танудан бас тарту туралы жазбаша хабарлама;
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлғалар категориясына 1949 жылдан 1965 жылға дейін, 1966 жылдан 1990 жылға дейін радиоактивті ластанған аумақта тұрған және тұратын, жұмыс істеген, әскери қызметін өткерген (оның ішінде жедел әскери қызметте болған) азаматтар жатады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызметті алу үшін мына құжаттарды ұсынылады (деректерді тіркелген соң түпнұсқа кайтарылады):
Тармақша 1
1) Жеке куәлік (паспорт);
Тармақша 2
2) Азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекен-жай бюросынан анықтамасы (мекен-жай) бюросы мына мекен-жайда орналасқан: Павлодар облысы, Павлодар қаласы Торайғыров көшесі, 70/1, жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-ден 14-ге дейін, сенбі, жексенбі күні және мереке күндері – демалыс, телефоны 55-27-75;
Тармақша 3
3) әлеуметтік жеке коды (ӘЖК);
Тармақша 4
4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
Тарау 3. 3. Жұмыс қағидалары
3. Жұмыс қағидалары
Тармақ 8
8. Қызмет тұтынушыға қатынасты Бөлімінің басшылық ететін жұмыс қағидалары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
Тармақша 2
2) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау;
Тармақша 4
4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
Тармақша 5
5) тұтынушылардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермеу;
Тарау 4. 4. Байланыс ақпараты
4. Байланыс ақпараты
Тармақ 9
9. Тұтынушылардың қабылдау бөлімінің жұмысының белгіленген кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бөлім бастығы, 1-кабинет, телефоны және факс 9-14-81, Азаматтарды қабылдау кестесі, телефоны және факс 9-14-81, Мекен жайы: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Баянауыл аулының Сатпаев көшесі 49 үй, электрондық почтасы жоқ; Әлеуметтік көмек секторның меңгерушесі, 2-кабинет, телефоны 9-14-85.