Құжат мәтініне өту

Некоторые вопросы организаций образования Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Қаулы · № 1446 · қабылданған 31.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-40879/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Некоторые вопросы организаций образования Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 1446 ·31.12.2014
31.12.2014 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Некоторые вопросы организаций образования Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 1446 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Некоторые вопросы организаций образования Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының кейбір мәселелері
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1446
Қабылданған күні
31.12.2014
Көрсетілген редакция
31.12.2014 AI40879_0.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400001446
ЭКБ идентификаторы
40879
Редакция идентификаторы
AI40879_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:07

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық білім беру жүйесін одан әрі оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.

2 2. 1-тармаққа сәйкес қайта аталатын мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және бекітілген штат санының лимиті шегінде жүргізіледі деп белгіленсін.

3 3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер таратылсын.

4 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тізбесінде:
«1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 18, 22, 24, 25-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Астана қаласы)»;
«22. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Теміртау қаласы)»;
«24. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Қостанай қаласы).
25. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Ақтау қаласы).»;
реттік нөмірлері 19, 20, 21, 23, 26-жолдар алып тасталсын;
2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде
1-бөлімде:
мына:
«
Об­лы­стар­дың бюд­жет­те­рі мен рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның бюд­жет­те­рі есе­бі­нен ұста­ла­тын іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның әкім­ші­лік по­ли­ци­я­сы, оның ішін­де:
46 924
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Об­лы­стар­дың бюд­жет­те­рі мен рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның бюд­жет­те­рі есе­бі­нен ұста­ла­тын іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның әкім­ші­лік по­ли­ци­я­сы, оның ішін­де:
46 753
»;
2), 10), 12), 13) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«
2)
Ақ­мо­ла об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
2629
10)
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
4970
12)
Қо­ста­най об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
2755
13)
Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
1874
17)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гіне ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер, оның ішін­де:
84 694, 5
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 29-1), 29-2), 29-3), 29-4) жолдармен толықтырылсын:
«
29-1)
ІІМ Оқу ор­та­лы­ғы (Аста­на қа­ла­сы)
58
29-2)
ІІМ Оқу ор­та­лы­ғы (Те­мір­тау қа­ла­сы)
40
29-3)
ІІМ Оқу ор­та­лы­ғы (Қо­ста­най қа­ла­сы)
44
29-4)
ІІМ Оқу ор­та­лы­ғы (Ақ­тау қа­ла­сы)
29
».

5 5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қайта аталған мемлекеттік мекемелерді Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді;
2) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

6 6. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

1 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы қайта аталатын мемлекеттік мекемелердің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1446 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы қайта аталатын мемлекеттік мекемелердің тізбесі

1 1. «Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Астана қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесіне.

2 2. «Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Теміртау қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесіне.

3 3. «Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Қостанай қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесіне.

4 4. «Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Ақтау қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесіне.

2 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы таратылатын мемлекеттік мекемелердің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1446 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы таратылатын мемлекеттік мекемелердің тізбесі

1 1. Ақтөбе облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы.

2 2. Атырау облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы.

3 3. Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы.

4 4. Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы.

5 5. Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы.

Қолданыстағы