Об утверждении Правил содержания собак и кошек в городе Державинске и сельских населенных пунктах Жаркаинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил содержания собак и кошек в городе Державинске и сельских населенных пунктах Жаркаинского района
- Атауы (қаз.)
- Жарқайың ауданының Державин қаласы және ауылдық елді мекендерінде иттер мен мысықтарын ұстау Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4С-7/7
- Қабылданған күні
- 23.06.2008
- Көрсетілген редакция
- 23.06.2008 40882_354428.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.06.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08BL000092
- ЭКБ идентификаторы
- 40882
- Редакция идентификаторы
- 40882_354428
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:15
0 Жарқайың ауданының Державин қаласы және ауылдық елді мекендерінде иттер мен мысықтарын ұстау Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, аудан әкімдігінің 2008 жылғы 17 мамырдағы № 01-267 ұсынуымен, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Жарқайың ауданының Державин қаласы және елді мекендерінде иттер мен мысықтарын ұстау Ережесі бекітілсін.
2 2. Осы шешім Жарқайың ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Жарқайың аудандық мәслихатының
2008 жылғы 23 маусымдағы
№ 4С-7/7 шешімімен
бекітілген
Жарқайың ауданының Державин қаласы және ауылдық елді мекендерінде иттер мен мысықтарын ұстау Ережелері
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы ережелер Жарқайың ауданының аймағындағы иттер мен мысықтары бар барлық жеке және заңды тұлғаларға таратылады.
2 2. Осы ережелерде келесі түсініктер қолданылады:
1 1) ит - ит тұқымдас барлық жануарлар, мөлшеріне, түсіне және басқа да белгілеріне қарамастан;
2 2) мысық - мысық тұқымдас барлық жануарлар, мөлшеріне, түсіне және басқа да белгілеріне қарамастан;
3 3) иттің және мысықтың иесі - меншігінде немесе өзге иелігінде иті немесе мысығы бар жеке және заңды тұлға;
3
3. Еріп жүрген адамсыз қоғамдық жерлерде жүрген иттер және мысықтар (көшелер, аула аймақтарында, бақтарда және өзге де жерлерде), иелерімен байланысып қалдырылғанынан басқалары, қаңғыма болып табылады, қаңғымаларды аулау және өлген иттер мен мысықтардың өлекселерін жинайтын мамандандырылған ұйымның аулау қажетіне және олардың жеті тәулік ішінде торлы қорада ұсталуына жатады. Қаңғыма иттер мен мысықтарды кез келген әдіспен өлтіруге, оларға аулау кезінде зақым келтіруге тыйым салынады.
Қаңғыма иттер мен мысықтарда аулау мамандандырылған ұйымның немесе Жарқайың ауданының «Тұрғын-үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесіндегі тіркеу журналында белгіленген тікелей аулау уақыты жануарларды аулау уақыты болып саналады. Тіркеу журналы иттер мен мысықтардың түрі, оның жынысы, түсі, профиліне фотосуреті (электрондық түрде болуы мүмкін) және жануармен жасалған кейінгі істер туралы ақпарат мазмұнды болу керек.
Иттердің және мысықтардың иелері ауланған күннен кейін жеті тәулік ішінде иттер мен мысықтарды ақы төлемей қайтарып алу үшін мамандандырылған ұйымына немесе Жарқайың ауданының «Тұрғын-үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесіне өтініш жасауына болады.
2 2. Иттер мен мысық иелерінің құқықтары мен міндеттері
4 4. Кез келген ит және мысық иесінің меншігі болып табылады және басқа да меншіктер сияқты заңмен сақталады.
5 5. Иттер мен мысықтардың иелері еркін және қараусыз қыдыртуға құқылы:
1 1) иттерді жақсы қоршалған жеке иеліктегі үйдің аумағында, қоршау жануардың қашып кетуін, жүргіншілерді тістеуін болғызбау керек, иттің бары туралы кіре берісте, 20x30 көлемінен кіші емес иттің суреті бар, «Итпен қорғалады!» деген жазуы бар ескерту кестесі болу керек;
2 2) осы мақсаттарға арналған арнайы алаңдарда, бос қалған, басқа да елсіз жерлерде.
Аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімімен, аудандық жер қатынастары бөлімімен иттер мен мысықтардың серуендетуіне арналған жерлер бөліну керек.