Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңы және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылдың 13 сәуіріндегі Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері туралы от 08.07.2008 г. № 69 (Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері туралы)
0
1
1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға арналған әлеуметтік, көмек тоқсан сайын 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
2
2. Мемлекеттік мекеме «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» үйде оқытылып және тәрбиеленетін мүгедек балаларға, аудандық бюджеттен бөлінген қаржыны уақытында игерілуін қамтамасыз етсін.
3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
4
4. Осы қаулы Қорғалжын ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күні күшіне енеді және бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннің өтуі бойынша әрекетке енгізіледі.