Түркістан қаласы бойынша Жеке кәсіпкерлердің кәсіпкерлік қызметтерінің түрлеріне байланысты бір айлық тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 394-бабына, ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы №1016 «Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Түркістан қаласы бойынша Жеке кәсіпкерлердің кәсіпкерлік қызметтерінің түрлеріне байланысты бір айлық тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы от 02.07.2008 г. № 9/62-IV (Түркістан қаласы бойынша Жеке кәсіпкерлердің кәсіпкерлік қызметтерінің түрлеріне байланысты бір айлық тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы)
1. Түркістан қаласы бойынша жеке кәсіпкерлердің кәсіпкерлік қызметтерінің түрлеріне байланысты бір айлық тіркелген жиынтық салық ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданыска енгізіледі.
Түркістан қалалық мәслихатының
2 шілдедегі 2008 жылғы №9/62-ІV
шешімімен бекітілген
Тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері
№
Салық салу объектісі
Салық ставкаларының мөлшері (АЕК)
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы
15
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы
30
3
Ойын жолы
55
4
Ойын өткізу үшін пайдаланатын жеке компьютер
12
5
Карт
25
6
Бильярд үстелі
35