О ставках платы за размещение наружной (визуальной) рекламы, размещаемой в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования местного значения в городе Семей и административно-подчиненных городу населенных пунктах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ставках платы за размещение наружной (визуальной) рекламы, размещаемой в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования местного значения в городе Семей и административно-подчиненных городу населенных пунктах
- Атауы (қаз.)
- Семей қаласының жергілікті маңызды ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және қалаға әкімшілік-бағынышты елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8/73-IV
- Қабылданған күні
- 20.06.2008
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2009 AI40929_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VB000090
- ЭКБ идентификаторы
- 40929
- Редакция идентификаторы
- AI40929_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:16
0 Семей қаласының жергілікті маңызды ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және қалаға әкімшілік-бағынышты елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 491 бабының 2 тармағына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Семей қаласының жергілікті маңызды ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және қалаға әкімшілік- бағынышты елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
2 2. Қалалық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1
1) 2002 жылғы 27 қарашадағы № 24-3 «Семей қаласының жергілікті маңызды ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және қалаға әкімшілік-бағынышты елді мекендерде сыртқы(көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» (2002 жылғы 25 желтоқсанда № 1036, нормативтік құқықтық кесімдер мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2002 жылғы 18 қазандағы «Семей таңы» газетінің № 42, 2002 жылғы 18 қазандағы «Семипалатинские вести» газетінің № 36 сандарында жарияланған).
2
2) 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 12-5 «2002 жылғы 27 қарашадағы № 24-3 «Семей қаласының жергілікті маңызды ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және қалаға әкімшілік-бағынышты елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» (2005 жылғы 27 қаңтарда № 2155, нормативтік құқықтық кесімдер мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2005 жылғы 4 ақпандағы «Семей таңы» және «Семипалатинские вести» газетінің № 5 сандарында жарияланған).
3 3. Шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Семей қаласының жергілікті маңызды ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және қалаға әкімшілік-бағынышты елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары
2008 жылғы 20 маусымдағы
N 8/73-IV шешіміне
қосымша
Семей қаласының жергілікті маңызды ортақ
пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген
белдеуінде және қалаға әкімшілік-бағынышты елді
мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары
Әрбір беті үшін жарнама алаңының көлемі (алаң шаршы метрмен)
Төлем сомасы (айлық есептік көрсеткіште)
1 ш.м.дейін
1 АЕК
1-ден 3 ш.м.дейін
2 АЕК
3-тен 5 ш.м.дейін
4 АЕК
5-тен 10 ш.м. дейін
6 АЕК
10-нан 20 ш.м.дейін
10 АЕК
20-дан 30 ш.м.дейін
16 АЕК
30-дан 60 ш.м.дейін
18 АЕК
60-тан жоғары
20 АЕК
10-нан 20 ш.м.дейінгі призматрон, онымен бірге бейнелеу
10 АЕК
1 ден 20 ш.м.дейінгі тұрақты объектілерге арналған автомобильдер жарнамасы (орнату)
28 АЕК
Қалалық мәслихаттың
хатшысы Қ. Мирашев