Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи по программе "Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов"

Қаулы · № 667 · қабылданған 16.06.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-40934/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи по программе "Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов" Күшін жойған Қаулы ·№ 667 ·16.06.2008
02.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи по программе "Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов"

Күшін жойған Қаулы ·№ 667 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи по программе "Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов"
Атауы (қаз.)
"Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
667
Қабылданған күні
16.06.2008
Көрсетілген редакция
02.04.2010 AI40934_4.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08VB000093
ЭКБ идентификаторы
40934
Редакция идентификаторы
AI40934_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:17

0 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек көрсету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағы 14)тармақшасы, 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Қазақстан Республикасы бюджеттік кодексінің 53 бабының 1 тармағы 4) тармақшасы негізінде, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" жөніндегі 007 бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек түрлерінің көбейуі және әлеуметтік төлемдердің көлемінің өсуіне байланысты Семей қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің" 007 бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек төмендегі санаттарға көрсетілсін:

1

1) аз қамтамасыз етілген отбасылары (азаматтарға), олардың ортақ табыстары бір адамға шаққанда күнкөріс деңгейінен төмен болса, халықтың осал - әлсіз топтарына өмірдің күрделі жағдайларына байланысты (ауырғанда, отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болса, апат жағдайларында, коммуналдық қызметтің, азық-түліктердің қымбаттауы және басқа да ойлағаннан басқадай қарекет жасауға мәжбүр ететін төтенше жағдайларда), мерекелік және атаулы күндерге Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Кеңес армиясы мүгедектеріне, интернационалист - жауынгерлерге, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушылар мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың жесірлері, Ауғанстанда қайтыс болған әскерлердің отбасылары, фашистік концлагерлер тұтқындары, тыл еңбеккерлері, көп балалы аналарға Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы қалалық филиалы тізімі бойынша зейнеткерлер мен мүгедектерге қоғамдық бірлестіктердің ұсынысы негізінде (басқадай құжаттар тапсырмай-ақ) күнкөріс деңгейіне дейінгі көлемде, қалалық бюджеттегі бар қаржыға сәйкес;

2 2) Семей қаласының Құрметті азаматтарына қала әкімдігінің тізімі негізінде Құрметті азаматтың арнайы дипломы және куәлігі бойынша ай сайын 1,4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде есептеліп, тоқсан сайын төленсін.

3

3) Республикалық және облыстық маңыздағы дербес зейнеткер мәртебесі бар адамдардың мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мақсатында 2009 жылдың қаңтарынан бастап ай сайын бюджетте көзделген қаржы мөлшерінде материалдық көмек берілсін. Осы санаттағыларға материалдық көмекті төлеу Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың қалалық филиалының тізімдеріне немесе ұсынылған өтініштерге сәйкес жүргізілсін.

2

2. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің" 007 бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек көрсетуді азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық комиссия қамтамасыз етсін. Комиссия отырысы айына бір рет қала әкімдігінде өткізілсін.

3 3. Тиісті қаржы жылында қала бюджетінде осы мақсатқа белгіленген қаржы көлемінде "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" жөніндегі 007 бағдарламаны қаржыландыруды қалалық қаржы бөлімі қамтамасыз етсін.

4 4. Төмендегідей болып белгіленсін:

1 1) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық комиссия әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындамау жөнінде шешім қабылдайды;

2 2) өтініш беруші тапсырылған құжаттардың толықтығына және сенімділігіне Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша жауап береді.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Ж. Мүсәпірбековке жүктелсін.

6 6. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді

Қолданыстағы