Қолданыстағы ред. 30.06.2008 (Редакция 40947_156595.kaz)

Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Ақсукент ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы от 30.06.2008 г. № 8-104/IV (Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Ақсукент ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы)

0

Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Ақсукент ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 23-1-бабының 1-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1

1. Ақсукент ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 278,0 гектар жер телімі алынып, Ақсукент ауылының шегіне енгізілсін.

2

2. Жалпы көлемі 278,0 гектар жер телімі қосылып, Ақсукент ауылының шегі өзгертіліп, осы елді мекенді дамыту және салу схемасы (оңайлатылған бас жоспары) бекітілсін.

3

3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.