Ірі қара малдарының «Пастереллез» ауруының шағуына байланысты Қараөзен ауылдық округінің «Жас», «Саршығынақ» елді мекенінен шектеу белгілеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ірі қара малдарының «Пастереллез» ауруының шағуына байланысты Қараөзен ауылдық округінің «Жас», «Саршығынақ» елді мекенінен шектеу белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Ірі қара малдарының «Пастереллез» ауруының шағуына байланысты Қараөзен ауылдық округінің «Жас», «Саршығынақ» елді мекенінен шектеу белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 276
- Қабылданған күні
- 21.07.2008
- Көрсетілген редакция
- 21.07.2008 · қолданыстағы 40989_329702.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.07.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZH000068
- ЭКБ идентификаторы
- 40989
- Редакция идентификаторы
- 40989_329702
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:03
0 Ірі қара малдарының «Пастереллез» ауруының шағуына байланысты Қараөзен ауылдық округінің «Жас», «Саршығынақ» елді мекенінен шектеу белгілеу туралы
Аудан көлемінде ірі қара малдарынан пастереллез ауруының шығуына байланысты шектеу алу жөніндегі Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бас ветеринариялық инспекторының 2008 жыл 18 шілдедегі ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасының 2002 жыл 10 шілдедегі №339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңының 10, 26, 27 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтарындағы № 148 - II « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сүйене отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қараөзен ауылдық округінің «Жас», «Саршығанақ» елді мекендерінде ірі қара малының пастереллез ауруы шығуына байланысты , ауру ошағы деп танылғандықтан шектеу белгіленсін.
2
2. Ауру ошағы табылған «Жас», «Саршығанақ» елді мекендерінде ауылға шектес жатқан елді-мекендерге аурудың таралмауының алдын-алу шараларын жүзеге асыру Қараөзен ауылдық округінің әкіміне /М.Халимуллин/ және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясына /Н.И.Құтхожинге/ тапсырылсын.
3 3. Осы округтерден мал өнімдерін шығаруға және басқа жерден әкелуге тиым салынсын.
4
4. Казталов аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы /Т.Хайдаров келісім бойынша/ және Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің «Казталов ауданының Жалпақтал аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны /Е.Рабаев келісім бойынша/ ауырған малдармен қарым-қатынаста болған адамдарды анықтап, тиісті шараларын алсын.