Қолданыстағы ред. 24.03.2017 (Редакция 41011_177589.kaz)

Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі, Жағабұлақ ауылында көше атауын қайта атау туралы от 30.06.2008 г. № 8 (Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі, Жағабұлақ ауылында көше атауын қайта атау туралы)

0

Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі, Жағабұлақ ауылында көше атауын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, Жағабұлақ ауылы тұрғындарының конференциясы және аудандық ономастика комиссия отырысының 2008 жылғы 12 маусымдағы № 3 хаттамасының негізінде, Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Жағабұлақ ауылындағы Набережная көшесі Бірлік деп қайта аталсын.

2

2. Жағабұлақ ауылындағы Нефтянников көшесі Жастар деп қайта аталсын.

3

3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа он күнтізбелік күнінен кейін енгізіледі.