Құжат мәтініне өту

Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді төлеу туралы

Қаулы · № 10/182 · қабылданған 30.06.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-41018/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді төлеу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 10/182 ·30.06.2008
30.06.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді төлеу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 10/182 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді төлеу туралы
Атауы (қаз.)
Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді төлеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10/182
Қабылданған күні
30.06.2008
Көрсетілген редакция
30.06.2008 · қолданыстағы 41018_321719.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08KP000035
ЭКБ идентификаторы
41018
Редакция идентификаторы
41018_321719
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:12

0 Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді төлеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13,14 тармақшаларына және 27 бабының 17 тармақшасы негізінде жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қолдау және төлемдерді жүзеге асыру мақсатында Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға бір мәрте берілетін материалдық көмектің қажеттілігін анықтай, мөлшерін белгілейтін аудандық комиссия құрылсын (№1 қосымшада көрсетілген).

2 2. Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүзеге асыру ережесі бекітілсін (№2 қосымшада көрсетілген).

3 3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, әлеуметтік көмек сұраған азаматтардың құжаттарын жинастыруға ықпал жасау тапсырылсын.

а а) Берілген материалдық көмектің мөлшері уәкілетті органның есептері негізінде Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңымен жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің шегінде белгіленсін.

4 4. Осы қаулының орындалысын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Қожақметовке жүктелсін.

6 Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға бір мәрте материалдық көмек беру бойынша құрылған аудандық комиссияның құрамы

Ұлытау ауданы әкімдігінің
«30» маусым 2008 жылғы
№ 10/182 қаулысына
қосымша
Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға бір мәрте материалдық көмек беру бойынша құрылған аудандық комиссияның құрамы
Қожақметов Манарбек Сұлтанбекұлы – Аудан әкімінің орынбасары комиссия төрағасы
Ершуманова Қорлан Болатқызы – Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы комиссия хатшысы
Мүшелері
Мазитов Орал – Аудандық медицина бірлестігінің директоры (келісім бойынша)
Шайхин Тасболат Зайырұлы – Аудандық қаржы бөлімінің бас маманы
Ахметбеков Абзал Мәжитұлы - – Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
Жолдыбаев Нұрбол – Аудандық фтизиатр

7 Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді төлеудің Ережесі

Ұлытау ауданы әкімдігінің
2008 жылғы «30» маусым
қаулысымен бекітілсін
Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді төлеудің Ережесі

1 1. Берілетін материалдық көмекті алудың құқығы.

1.1 1.1. Берілетін материалдық көмекті тағайындауға жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға бюджет қаражатына байланысты көмек алуға құқылы болады.

2 2. Көрсетілген атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері.

2.1 2.1. 2008 жылға қаралған бюджет қаражаты шегінде желеген санаттағы мұқтаж азаматтарға 510 теңгеден 150 күнге төленеді.

3 3. материалдық көмек көрсетудің тәртібі.

3.1 3.1. Туберкулез ауруымен ауратын азаматтарға амбулаторлықемдеу жолы мен тамағына ай сайынғы ақшалай көмек туберкулезге қарсы диспансердің ата-тегі, аты-жөні, тұрғылықты жері, почта бөлімшесінде жеке есеп шоты көрсетілген тізім арқылы осы көрсетілген тұлғалардың есеп шоттарына аударылуымен беріледі.

3.2 3.2. Аудандық медицина бірлестігі (фтизиатр) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жоғарыда айтылған төлемдерді алуға құқылы адамдардың саны туралы ақпарат беріледі.

3.3. Қаржы түсуіне орай берілетін материалдық көмектің соммаларын, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне берген тізімдері бойынша «Қазпошта» бөлімшелеріне аударады.

4 4. Берілетін атаулы әлеуметтік көмекті қаржыландыру көздері, аудан бюджетінің қаражаты есебінен беріледі.

Қолданыстағы