Үйден оқытылатын мүгедек балаларға
материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 23.01.2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 13.04.2005 жылғы № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Үйден оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы от 11.07.2008 г. № 276 (Үйден оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы)
1. Он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек үйде оқытылатын балаларға оларды жалпы немесе арнайы мектепке дейінгі мекемелерде және оқу орындарында тәрбиелеуді және оқытуды жүзеге асыру мүмкіндігі болмаған жағдайда ата-анасының біреуіне немесе оның орнындағы адамға (қамқоршыға) психологиялық-медициналық-педагогикалық-консультацияның (бұдан әрі-ПМПК) анықтамасының негізінде материалдық көмек (бұдан әрі-Көмек) көрсетіледі.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі-Уәкілетті орган) болып табылады.
3. Көмекті тағайындауға қажетті құжаттар Қосымшаға сәйкес белгіленеді және құжаттар салыстыру үшін түпнұсқаларымен қоса ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары арыз берушіге қайтарылады.
4. Өтініш беруші азаматтар табыс еткен құжаттарының дұрыстығына толық жауаптылық тартады. Төлем жүргізілгеннен кейін деректердің анық еместігі айқындалған жағдайда, заңсыз төленген сомалар заңнамамен белгіленген тәртіппен кінәлі адамдардан өндіріледі.
5. Уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде табыс етілген құжаттардың негізінде Көмекті тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
6. Көмек аудандық бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын төленеді.
7. Көмектің дұрыс тағайындалып, мезгілінде төленуіне Уәкілетті орган жауаптылық тартады.
8. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Жарылғаповаға жүктелсін.
9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Қани С.Қ____________
Аудандық экономика және бюджетті
жоспарлау бөлімінің бастығы
11.06.2008 жыл
Шүкірбаева Д.С____________
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
11.06.2008 жыл
Үйден оқытылатын мүгедек балаларға
материалдық көмек көрсету туралы
аудан әкімдігінің
№ 276 қаулысына қосымша
Көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізімі:
1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінен мүгедектігін белгілеу туралы анықтаманың көшірмесі;
2) ПМПК-ның анықтамасы;
3) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
4) тұрғындар есебі кәтабының көшірмесі;
5) арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
6) салық төлеушінің тіркелу нөмірі;