Об утверждении Правил оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Жезказган
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Жезказган
- Атауы (қаз.)
- Жезқазған қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8/87
- Қабылданған күні
- 02.07.2008
- Көрсетілген редакция
- 02.07.2008 41060_262349.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.07.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08KB008266
- ЭКБ идентификаторы
- 41060
- Редакция идентификаторы
- 41060_262349
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:10
0 Жезказған қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы
Жезказған қаласы әкімдегінің ұсынысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001жылғы 23 қантардағы Заңының 6-бабын басшылыққв ала отырып, Жезказған қалалық маслихаты шешім етте:
1 1. Қоса берілген Жезқазған қаласындағы мұқтаж азаматтардын жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он кұнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
КЕЛІСІЛДІ
«Жезқазған қалалық
жүмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы Мырзаханов Бағлан Мырзаханұлы
02.07. 2008жыл
3 Жезқазған қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы.
Жезқазған қалалық Маслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 8\87 шешімімен бекітілген
Жезқазған қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы.
Бұл Жезқазған қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы (бұдан әрі қарай Қағида) Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, «2006-2008 жылдарғы мүгедектерді оңалту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 Қаулысына сәйкес дайындалды.
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек (бұдан әрі - Әлеуметтік көмек) тегін қызметтер ұсыну мен ақшалай төлемдер түрінде ұсынылады. Әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі, көлемі және түрлері осы Ережемен анықталады.
2 2. Әлеуметтік көмек Жезқазған қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.
3 3. Әлеуметтік көмек қаржыландыру көзі - Жезқазған қаласының бюджеті
4
4. Әлеуметтік көмек «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмек» бюджеттік бақдарламасына сәйкес (бұдан былай қарай бағдарлама) беріледі. Бағдарламаның әкімшісі «Жезқазған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесі (бұдан былай қарай әкімші) әлеуметтік көмек қала бюджетінде қаржы жылында осы мақсатқа сай қарастырылған қаражат шегінде көрсетіледі.
5
5. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Әкімші мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес әлеуметтік көмектің тегін қызмет көрсету түрін көрсететін жеткізіп берушілерді (бұдан әрі қарай жеткізіп берішілер анықтайды, мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт жасасады, келісім шартта екі жақтың міндеттемелері және осы міндеттемелерді орындаудың шарттары айтылады)
6
6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықты Жезқазған бөлімшесі (бұдан былай қарай ЗТМО) қажетіне қарай Әкімші Қағидасында көрсетілген санаттарға жататын азаматтар туралы мәліметтер, сондай -ақ әр ай сайын ЗТМО-ның мәліметтер базасында тіркелген жаңадан зейнетақы тағайындалғандар және ауысып келген зейнеткер азаматтар туралы мәліметтер береді.
7 7. Жезқазған қаласынан тіркеуден шыққан жағдайда немесе әлеуметтік көмек алушы қайтыс болған жағдайда Әлеуметтік көмек көрсету сол оқиға болған айда тоқтатылады.
8 8. Аталған Ережеде төмендегідей түсініктер пайдаланылады:
1 1) соғыс ардагерлері - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер; ау,ан соғысы ардагерлері - Ауған соғысына қатысушылар, мұгедектер және ауған соғысында қаза тапқан жауынгердер отбасы;
2 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер - организмнің қызметінің қатты бұзылып, денсаулықтың нашарлауына байланысты адамның өмір сүру қызметінің шектелуінің дәрежесі;
3 3) омыртқасына зақым келгендер - арнаулы қозғалыс кұралдарымен (кресло -коляскалармен) жылжитын 1 және 2 топтағы мүгедектер;
4 4) туберкулезбен ауыратындар - аурудың белсенді формасымен сырқаттанған, тубдиспансерде есепте тұратындар;
5 5) аз қамтамасыз етілген отбасылар - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған, табысы жлқ немесе кедейшілік шегінен төмен;
6 6) бала жасынан мүгедектер – 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
7 7) ата - анасының екеуі де қайтыс болған немесе біреу қайтыс болған жетімдер;
8 8) көпбалалы отбасының балалары - төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар, оның ішінде бірге тұратын орта арнаулы, жоғары және орта кәсіптік мектепте күндізгі бөлімде оқитын, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін - олардың оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ 23 жасқа толғанға дейін;
9 9) бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің балалары;
10 10) балалар үйінің түлектері - балалар үйлері мен жетімханаларда қорғаншылық органдарының шешімі бойынша тәрбиеленетіндер;
11 11) аз қамтамасыз етілген отбасыларының балалары - табысы кедейшілік шегінен аспайтын отбасыларының балалары;
12 12) орта кәсіптік білімді балалар - жалпы білім беретін орта мектепті орта кәсіптік оқу орнын бітірген балалар;
13 13) дәрігер – мамандар - Жезқазған қаласына жіберілген Қарағанды медицина Академиясының түлектері;
14 14) оқыға ақшалай төлем алатындар - осы тармақтың 6)- 12) тармақшаларында көрсетілген санаттағылардың ішінен Жезқазған қаласының жоғары оқу орныда және Қарағанды медицина академиясында оқу үшін ақшалай төлем төленгендер;
15
15) комиссия – Қазақстан Республикасы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы (әрі қарай ТМД) елдерінің медицина Академиясынан Жезқазған қаласына жұмысқа жіберілген түлектеріне оқудың ақысын төлеу үшін, жалпы білім беретін мектеп түлектеріне, ақшалай төлем тағайындау жөніндегі қалалық комиссия. Комиссияны қалалық әкімдік құрады және бекітеді.
2 2-тарау. Тегін қызмет түріндегі әлеуметтік көмек
1 1 бөлім. Жалпы ережелер
9 9. Осы бөлім әлеуметтік көмектің тегін қызмет түрін көрсету тәртібін айқындайды:
1 1) қаладағы жолаушылар тасымдалдау маршруттарында жол жүру (таксиден басқасы);
10 10. Жеткізіп берушілердің қызметіне ақы төлеуді Әкімші әр айдың 20 –сына дейін МЗТО ның мәліметтер базасынан алынған әлеуметтік көмек алушылардың тізімін өызмет көрсетілген азаматтардың тізімімен салыстыра отырып істелінген жұмыс актісін, көрсетілген қызмет тізімін тегізге ала отырып жүргізеді.
11 11. Пайдаланылмай қалған әлеуметтік көмектің тегін қызмет көрсету түріне ақшалай өтемақы төленбейді.
2 2 бөлім. Жолаушылар тасымалдау көлігі қалалық маршруттарда жол жүру әлеуметтік көмегі (таксиден басқа)
12 12. Жолаушылар тасымалдау көлігі қалалық маршруттарында жол жүру әлеуметтік көмегі 1 және 2 топтағы мүгедектерге көрсетіледі (таксиден басқа).
13 13. Жезқазған қаласы автомобиль жолдары және жолаушылар транспорты, тұрғын үй коммуналдық бөлімі жеңілдік беретін жол билеттерін дайындауды қамтамасыз етіп, Әкімшіге өткізеді.
14 14. Әкімші бекітілген үлгідегі жеңілдік беретін жол билеттерін МЗТО мәліметтер базасына сай келетін Қағиданың 12 тармағында көрсетілген санатқа сай келетін азаматтарға таратып береді.
15 15. Қаладағы жолаушылар тасымалдайтын машруттарға азаматтарды тегін тасуға негіз болатын – бекітілген үлгідегі жеңілдік беретін жол билеті және Қағиданың 12 тармағында көрсетілгендей азаматтардың сол санатқа жататынын растайтын куәліктің түп нұсқасы.
16
16. Қаладағы жолаушылар тасымалдайтын машруттарда тегін жүру (таксиден басқа) жеңілділігіне үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшенің әлеуметтік өызметкерлеріне де беріледі, олар жеңілдікке ие жол билетімен бірге әлеуметтік қызметкердің куәлігінің түпнұсқасын кірсетеді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар білімі жеңілдікке ие жол билетін беру үшін, үйде әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің тізімін қалыптасқан тәртіп бойынша ұсынады.
17
17. Әкімші азаматтар пайдалану барысында жарамсыз болып қалған жеңілдікке ие жол билеттерін айырбастайды. Жеңілдікке ие жол жүру билеттерін қайрадан беру жыл ішінде бірақ рет жүзеге асырылады, жоғалғаны, ұрлатып алғаны туралы құжатпен расталған жағдайда (тауып алу столының анықтамасы, мерзімдік баспасөзде жоғалғаны туралы хабарландыру шығып, ұрланған жағдайда ішкі істер органдарынан расталған құжат болғанда) беріледі.
18 18. Жқмыспен қамту және әлеуметтік бақдарламалар бөлімі ай сайын қалалық жолаушылар транспорты жеткізіп берушілерінің атқарған қызметіне есеп жүргізуді қамтамасыз етеді.
19 19. Жеткізіп беруші әр айдың 15-інен кешіктірмей Әкімшіге атқарған жұмыстың актілерін тапсырады.
3 3- тарау. Ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек
1 1 бөлім. Жалпы ережелер
20 20. Бұд тарау әлеуметтік көмек көрсету тәртібін айқындайды:
1 1) коммуналдық қызмет түрін төлеуге ақшалай төлем;
2 2) әлеуметтік көмекті төлеу үшін ақшалай төлем;
3 3) бірмезеттік ақшалай төлем;
4 4) Жезқазған қаласындағы жоғары оқу орны мен Қарағанды қаласындағы медициналық Академиядағы оқу ақысы үшін жалпы білім беретін орта мектептердің түлектеріне ақшалай төлем;
5 5) Қарағанды қаласындағы медициналық Академиясын бітіріп Жезқазғанға жүмысқа жіберілген түлектерге төленетін ақшалай төлем.
21 21. Ақшапай төлем түріндегі әлеуметтік көмек Жезқазған қаласындағы екінші деңгейдегі банк бөлімшелері арқылы ж.зеге асырылады, ақша қаражаты алушының шотына жіберу арқылы немесе карта шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
22 22. Жезқазған қаласындағы екінші деңгейдегі банктер ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік кқмектің төленген сомасын банктер ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмектің төленген сомасын салыстырып акті жасайды және ай сайын әкімшіге тапсырады.
2 2 бөлім. Коммуналдық қызметті төлеуге әлеуметтік жәрдемақы
23 23. Коммуналдық қызметті төлеуге әлеуметтік көмек беріледі:
1 1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Ұлы Отан соғысы мұгедектеріне, Ауған соғысының ардагерлері, мұгедектері және ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлер отбасына, тіркеліп, көп қабатты жайлы пәтерде тұрғанда ақшалай төлем ретінде;
2 2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мұгедектеріне, Ауған соғысының ардагерлері, мұгедектері және ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлер отбасына, тіркеліп, жеке салынған ұйлерде төрғанда ақшалай төлем ретінде.
3 3 бөлім. Әлеуметтік көмектің ақшалай төлімі
24 24. Әлеуметтік көмек төмендегі санаттағы азаматтарғы көрсетіледі:
1 1) омыртқасына зақым келгендер - арнаулы қозғалыс құралдарымен (кресло коляскалармен) жылжитын 1 және 2 топтағы мүгедектерге тоқсан сайын 3000 теңге көлемінде;
2 2) туберкулезбен ауыратындарға ақшалай төлем түрінде тоқсан сайын – 3000 теңге көлемінде;
3 3) аз қамтамасыз етілген отбасыларына ақшалай төлем түрінде ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.
4 4 бөлім. Бір мезеттік ақшалай төлем
25 25. Бір мезеттік ақшалай төлем төмендегі санаттағы азаматтарға беріледі:
1 1) Женіс күні мерекесіне орай арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатындар бойынша;
а а) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне – 30000 (отыз мың) теңге
б
б) Қазақстан Респуьбликасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мұгедектерін және оларға теңестірілген тқлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Заңның 6,8 баптары бойынша мәртебесі анықталған Ұлы Отан соғынысының мөгедектері мен қатысушыларынв теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер одағының ордендерімен медальдарымен марапатталғандарғы, сондай - ақ, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін алты айдан кем емес мерзімде Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек етіп, қажырла еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер одағының ордендерімен медалдарымен марапатталмағандарға, фашизм тұтқынында болғандар, Ұлы Отан соғысында қаза болған, хабарсыз кеткен әскери қызметкерлердің қайрадан тұрмыс құрмаған жесірлеріне – 5000 (бес мың) теңге;
2 2) Жезқазған қаласы бюджет қаражаты есебінен оқып, Жезқазғанаға жұмысқа жіберілген Қарағанды медицина Академиясының түлектеріне.
26 26. Әкімші МЗТО мәліметтер базасы негізге ала отырып Қағиданың 24 тармағының 1 тармақшасының а), б) көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тізімін жасайды.
5 5 бөлім. Жезқазған қаласындағы жоғары оқу орнына және Қарағанды мелициналық Академиясына жалпы білім беретін мектеп түлектерінің оқу ақысы үшін берілетін ақшалай төлем
1 1. Жалпы ереже
27
27. Жалпы білім беретін мектеп түлектеріне Жезқазған қаласындағы жоғары оқу орнынында және Жезқазғанда дәрігерлердің жетіспеуіне байланысты Қарағанды қаласындағы медицина Академиясында оқу үшін оқу ақысы (бұдан әрі оқуға ақшалай төлем) қала мектептерін бітірген түлектердің ішінде жетім балаларға, бала жасынан мүгедек түлекке, көп балалы және аз қамтылған отбасының балаларына, қаланың бюджеттік мекемелері қызметкерлерінің балаларына, балалар үйінде тәрбиеленушілерге төленеді. Ақшалай төлем күндізгі бөлімде оқитындарғы Жезқазған қаласындағы жоғарғы оқу орнының және Қарағанды медицина Академиясындағы оқудың белгіленген нақты кұны көлемінде төленеді, және қаланың тиісті қаржылық жылында бюджетте осы мақсатқа қарастырылған қаржы шегінде беріледі.
28 28. Жезқазған қаласы әкімі жыл сайын қаланың қажетіне қарай керекті мамандықтар тізімін және оқитындардың санын бекітіп отырады.
2 2. Оқуға ақшалай төлем алу үшін қажетті құжаттар тізімі
29 29. Оқуға ақшалай төлем алуға үміткерлер әкімшіге төмендегідей құжаттар тапсырады:
1 1) Қағиданың қосымшасындағыға сәйкес үлгідегі ітініш;
2 2) жеке бас куәлігі (төлқұжат);
3 3) азаматтарды тіркеу кітабы;
4 4) мүгедектігін айғақтайтын құжат (бала жасынан мүгедектер үшін);
5 5) көп балалы отбасын айғақтайтын құжат (көп балалы отбасының балалары үшін);
6 6) туу туралы куәлік (ата-анасыз қалған жетім балалар үшін);
7 7) ата -анасы қайтыс болғаны туралы куәлік (ата - анасыз қалған жетім балалар үшін);
8 8) ата –анасының жұмыс орнынан ата –анасының бюджеттік мекемеде қызмет істейтінін аймақтайтын анықтама қағаз;
9 9) аз қамтамасыз етілген отбасынан екендігін куәландыратын құжат (аз қамтылған отбасының балалары үшін);
10 10) тестінің қортындысын айғақтайтын кешенді тесті өткізу орыны берген мемлекеттік сертификат;
11 11) Жезқазған қаласына қажетті мамндыққа оқу үшін Қарағанды медицина академиясымен жасалған келісім шарт.
30 30. Әкімші жыл сайын 5-і тамызға дейін оқыға ақшалай төлем алуға талапкерлердің құжаттарын қабылдайды.
3 3. Оқуға ақшалай төлем тағайындау тәртібі
31 31. «Жезқазған қаласының білім білім» ММ жыл сайын Әкімшіге ағымдағы жалдың мамыр айының 1-не қаладағы жалпы білім беретін мектеп түлектірінің ішінен Қағиданың 8 тармағы 6 тармақшасында кірсетілгендей санаттағы балалардың тізімін береді.
32.Бағдарлама әкімшісі жалпы мектеп түлектерінің ұсынылған тізіміне сәйкес оқуға ақшалай төлем алуға талапкерлерден құжат қабылдайды. Олардың қойылып отырған талаптарға сәйкестігін қарап, комиссияға ұсыну үшін іс жобасын жасайды.
33 33. Оқуға ақшалай төлем алуға талапкерлерді іріктеу кезінде кешенді тесті кезінде жоғары балл алғандарға артықшылық беріледі. Баллдары тең болған жағдайда бірінші кезекте жетім балаларға артықшылық құқығы беріледі.
34 34. Комиссия жыл сайын і тамызға дейін ақшалай төлем алуға үміткерлердің құжаттарын қарап, шешім шығарады.
35 35. Комиссияның шешімін негізге ала отырып бағдарлама әкімшісі Жезқазған қаласындағы жоғары оқу орнымен, Қарағанды медицина Академиясымен жіне оқуға ақшалай төлем алушымен білім қызметін көрсету келісімшартына отырады (бұдан әрі қарай келісімшарт).
36 36. Келісім шартқа отырған соң әкімші 10 банк күні ішінде оқуға ақшалай төлем алушының жеке шотына оқудың бірінші жылына ақша аударады.
37 37. Ақшалай төлем алушы ақша қаражаты түскен күннен 3 банк күні ішінде оқуға оқу ақысын төлейді, төлегені туралы түбіртек қағазды әкімшіге көрсетеді. Оқуға ақшалай төлем алушы жеке шотындағы ақшаны өкімшінің келісімімен алады.
38 38. Оқуға ақшалай төлем келесі жылдарда оқу жылының басына қарай төленеді.
4 4. Оқуда жүру тәртібі
39 39. Оқуға аұшалай төлем алушы оқуға қабылданған кезден бастап Әкімші жоғары оқу орнымен бірге оның оқуда болуын қадағалайды.
40
40. Төлем үлгерім, себепсіз сабаққа қатыспау немесе басқа да жағдайларды негізге ала отырып жоғары оқу орнының жарғысына сәйкес жоғарғы оқу орнының әкімшілігі оқуға ақшалай төлем алушыны оқу орнынан шығару туралы мәселе қарайтын болса, әкімшілікті хабардар етеді. Ақшалай төлем алушыны оқудан шығарған жағдайда жоғары оқу орны күн мерзім ішінде әкімшіні бұйрықтың кқшірмесін ұсынып, хабардар етеді.
41
41. Оқуға ақшалай төлем алушы жоғарғы оқу орнынан шығып қалған жағдайда Комиссия жоғары оқу орыны әкімшілігінің ұсынысымен оқудан шыққан студентті жоғары оқу орны әкімшілігінің ұсынысымен сол оқу орнындағы бейімдік мамандығы бойынша Қағиданың тармағының ) ) тармақшасында көрсетілгендей студенттермен алмастыра алады. Айрықша жағдайда жоғары оқу орнының әкімшілігі басқа мамандық бойынша оқитын студентті ұсына алады. Оқудан шыққан студентті ауыстыру туралы ұсыныс болмаған жағдайда жоғары оқу орыны Жезқазған қаласының бюджетіне оқуға төленген қаржыны қайтарады, бұл ретте оқыту үшін жұмсалған шығындарды есептеп алып қалады.
42 42. Оқуға ақшалай төлем алушыдан оқудан шығып қалған жағдайда төленген ақшаны қайтару талап етілмейді.
43 43. Оқуға ақшалай тілем алушы денсаулығына байланысты академиялық демалысқа шыққан болса, қайтадан оқуын жалғастырса одан әрі қарай оқуға ақшалай төлем ала береді.
44 44. Жоғарғы оқу орнын аяқтаған соң диплом алған оқуға ақшалай төлем алушы 10 күн мерзім ішінде әкімшіні оқуды бітіргені туралы хабардар етеді.
102 Өтініш
Жезқазған қалалық маслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 8/87 шешімімен бекітілген Жезқазған қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасына қосымша
Жезқазған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне
___________________________________ (аты -жөні)
_____________________________________ (мекен- жайда тұратын, телефон)
Өтініш
Сізден ____________________________________________________________
(жоо -ның атауы)
_________________________факультеті _____________________мамандығы
бойынша ____________________________________ретінде оқу ақысын төлеу
(мәртебесі)
үшін әлеуметтік төлем тағайындауды сұраймын.
Мынадай құжаттарды қоса ұсынамын:
1.________________________________
2.________________________________
3.________________________________
4.________________________________
5.________________________________
Күні ___________________ Қолы ____________________