Қолданыстағы ред. 30.06.2008 (Редакция 41084_217382.kaz)

Алматы облысы, Ескелді ауданы, Төленгіт ауылдық округіне қарасты Жетісу, Екпінді және Жеңдік ауылдарындағы кейбір көшелерінің атауларын өзгерту туралы от 30.06.2008 г. № 29 (Алматы облысы, Ескелді ауданы, Төленгіт ауылдық округіне қарасты Жетісу, Екпінді және Жеңдік ауылдарындағы кейбір көшелерінің атауларын өзгерту туралы)

0

Алматы облысы, Ескелді ауданы, Төленгіт ауылдық округіне қарасты Жетісу, Екпінді және Жеңдік ауылдарындағы кейбір көшелерінің атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабындағы 4-тармағын басшылыққа алып, Ескелді ауданы, Төлеңгіт ауылдық округіне қарасты Жетісу, Екпінді және Жеңдік ауылдарының тұрғындарының пікірлерін және Ескелді аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып Төлеңгіт ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Ескелді ауданы, Төлеңгіт ауылдық округіне қарасты Жетісу, Екпінді және Жеңдік ауылдарындағы төмендегі көшелердің атаулары өзгертілсін:

1

1) Ескелді ауданы, Жетісу ауылындағы Ленин көшесі Бауыржан Момышұлы көшесі деп ауыстырылсын;

2

2) Ескелді ауданы, Жетісу ауылындағы Дзержинский көшесі Мұқан Толебаев көшесі деп ауыстырылсын;

3

3) Ескелді ауданы, Жетісу ауылындағы Большевик көшесі Исаев Байбатыр көшесі деп ауыстырылсын;

4

4) Ескелді ауданы, Жетісу ауылындағы Казарма көшесі Зейнеп Қойшыбаева көшесі деп ауыстырылсын;

5

5) Ескелді ауданы, Екпінді аулындағы N 1 көшесі Ескелді би көшесі деп аталынсын;

6

6) Ескелді ауданы, Екпінді ауылындағы N 2 көшесі Бақтыбай Жолбарысұлы көшесі деп аталынсын;

7

7) Ескелді ауданы, Екпінді ауылындағы N 3 көшесі Қаблиса Жырау көшесі деп аталынсын;

8

8) Ескелді ауданы, Екпінді ауылындағы N 4 көшесі Дәнеш Рақышев көшесі деп аталынсын;

9

9) Ескелді ауданы, Жеңдік ауылындағы N 1 көшесі Қаратал көшесі деп аталынсын.

2

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.