Об утверждении Правил расположения специальных стационарных помещений и реализации в них периодической печатной продукции, публикующей материалы эротического характера, на территории Акмолинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил расположения специальных стационарных помещений и реализации в них периодической печатной продукции, публикующей материалы эротического характера, на территории Акмолинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру және оларда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-5/295
- Қабылданған күні
- 15.07.2008
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2012 41089_172747.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08B0003260
- ЭКБ идентификаторы
- 41089
- Редакция идентификаторы
- 41089_172747
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:06
0 Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру және оларда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелерін бекіту туралы
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-4 бабына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілген Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру және оларда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелері бекітілсін.
2 2. Аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктері эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізуге арналған арнайы стационарлық үй-жайларды белгілесін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.С. Әбдірайымовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Ақмола облысы әкімдігінің
2008 жылғы 15 шілдедегі
№ а-5/295 қаулысымен
бекітілген
Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру және оларда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелері
1 1. Жалпы ережелері
1
1. Осы Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру және оларда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-4 бабына сәйкес әзірленді және Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларда орналастыру тәртібі мен оларда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелерін белгілейді.
2 2. Осы Ережелер эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының барлығына, соның ішінде алыс және жақын шетелден әкелінетіндеріне де қатысты.
3 3. Осы Ережелерде төмендегі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімі - тұтас алғанда және үнемі секске әуестенушілікті қозғайтын баспасөз басылымы;
2 2) арнайы стационарлық үй-жай - эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімі өткізілетін іргетасы мен қабырғаларына нұқсан келтірместен бұзуға келмейтін ғимарат, құрылыс немесе оның бір бөлігі.
2 2. Арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасу тәртібі
4 4. Арнайы белгіленген стационарлық үй-жайлар:
балаларға арналған және оқу орындарының, мемлекеттік мекемелердің, мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің ғимараттарының, діни ғұрыптар орындалатын ғимараттар қоршауынан, қоршауы болмаған жағдайда ғимараттардан;
сәулет және тарихи ескерткіштерден радиусы 100 метрден астам аумақта орналастырылады.