Қолданыстағы ред. 30.06.2008

Еңбекшіқазақ ауданының Малыбай ауылдық округін құру туралы от 30.06.2008 г. № 140а (Еңбекшіқазақ ауданының Малыбай ауылдық округін құру туралы)

0

Еңбекшіқазақ ауданының Малыбай ауылдық округін құру туралы
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабындағы 3-тармаққа сәйкес және Малыбай ауылы тұрғындарының, Еңбекшіқазақ ауданы өкілетті және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Еңбекшіқазақ ауданының Малыбай ауылдық округі, өзінің жер пайдалану шекараларында құрылсын (орталығы - Малыбай ауылы) және осы ауданның Октябрь ауылдық округінің құрамынан шығарылсын.

2

2. Облыстық статистика басқармасы (Б. Төлепбаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірлігін есепке алу мен тіркеуге тиісті өзгертулер енгізсін.

3

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Баталовқа жүктелсін.

4

4. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.