Еңбекшіқазақ ауданының Малыбай ауылдық округін құру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Еңбекшіқазақ ауданының Малыбай ауылдық округін құру туралы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабындағы 3-тармаққа сәйкес және Малыбай ауылы тұрғындарының, Еңбекшіқазақ ауданы өкілетті және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Еңбекшіқазақ ауданының Малыбай ауылдық округі, өзінің жер пайдалану шекараларында құрылсын (орталығы - Малыбай ауылы) және осы ауданның Октябрь ауылдық округінің құрамынан шығарылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық статистика басқармасы (Б. Төлепбаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірлігін есепке алу мен тіркеуге тиісті өзгертулер енгізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Баталовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.