О создании местных финансовых органов Күшін жойған
Басқа 0
Жергiлiктi қаржы органдарын құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық әділет департаменті бастығының 02.12.2003 жылғы қорытындысымен.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң (жалпы бөлiм) 105 бабын, "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1.04.1999 ж. № 359-I Заңын басшылыққа ала отырып, "Жергiлiктi қаржы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 6.07.99 № 934 Қаулысын iске асыру мен жергiлiктi бюджеттi қалыптастыру мен атқаруды жүзеге асыруға уәкiлеттi қаржы органының жергiлiктi атқарушы органдардағы құрылымында болу қажеттiлiгi мақсатында, шешiм етемiн:
Тармақ 1
1. Мына мемлекеттiк мекемелер құрылсын:
Маңғыстау облыстық қаржы басқармасы
Ақтау қалалық қаржы бөлiмi
Жаңаөзен қалалық қаржы бөлiмi
Бейнеу аудандық қаржы бөлiмi
Қарақия аудандық қаржы бөлiмi
Маңғыстау аудандық қаржы бөлiмi
Түпқараған аудандық қаржы бөлiмi
Тармақ 2
2. Қоса берiлiп отырған мыналар бекiтiлсiн:
Тармақша 1
1) Маңғыстау облыстық қаржы басқармасы туралы ереже (№ 1 қосымша);
Тармақша 2
2) Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының қалалық және аудандық қаржы бөлiмдерiнiң құрылымдары (№ 2 қосымша);
Тармақша 3
3) Жергiлiктi қаржы органдары қызметкерлерi жалпы санының және қызметтiк жеңiл автомобильдерi санының шектерi (№ 3 қосымша).
Тармақ 3
3. Маңғыстау облыстық қаржы басқармасы мен облыстың қалалары мен аудандарының қаржы органдары қызметкерлерiнiң, қоса берiлiп отырған тiзiмдерге сәйкес 1999 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап 1999 жылдың 31 желтоқсанына дейiн облыс, қалалар мен аудандар әкiмдерiнiң қарамағында iс бабында болатындығы және республикалық бюджеттен қаржыландырылатындығы қаперге алынсын (№ 4 қосымшалар).
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi 2000 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңадан құрылған қаржы органдарын қаржыландыруды көздестiрсiн.
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудандардың әкiмдерiне мынадай уәкiлеттiк берiлсiн:
Тармақша 1
1) қалалық (аудандық) қаржы бөлiмiнiң ережесiн бекiту;
Тармақша 2
2) заңдармен белгiленген тәртiпте қаржы бөлiмiн тiркеудi жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) облыстық қаржы басқармасының келiсiмi бойынша қалалық (аудандық) қаржы бөлiмiнiң бiрiншi басшыларын қызметке тағайындау және қызметiнен босату.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Б.Шалғымбаевқа жүктелсiн.
Басқа 13
№ 1 қосымша
облыс әкімінің
2000 жылғы 24 шілдедегі
№ 463 шешімімен бекітілген
Маңғыстау облыстық қаржы басқармасы туралы
ЕРЕЖЕ
📌 Ескерту. № 1, 2 қосымшалар жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімінің 2000.07.24. № 463 шешімімен .
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Маңғыстау облыстық қаржы басқармасы (бұдан әрi - облқаржы басқармасы) мемлекеттiк қаржыны басқару саласындағы мемлекеттiк мекеме, бағдарламаның әкiмшiсi болып табылады.
Тармақ 2
2. Облқаржы басқармасы өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметiнiң, ҚР Қаржы министрлiгiнiң нормативтiк-құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Облқаржы басқармасы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртабаны, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде есеп-шоттары болады.
Облқаржы басқармасы өз атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседi және де, егер ол заңдарға сәйкес осыған уәкiлеттi болса, облыс әкiмiнiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың жағы ретiнде түсе алады.
Тармақ 4
4. Облқаржы басқармасы өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша, заңдармен белгiленген тәртiпте бұйрықтар шығарады, оның облыс аумағында мiндеттi күшi болады.
Тармақ 5
5. Облқаржы басқармасының құрылымы мен штат санының шегiн облыс әкiмi бекiтедi.
Тармақ 6
6. Облқаржы басқармасының заңды мекен-жайы: 466200, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан аудан, 1 үй.
Тармақ 7
7. Жергiлiктi мемлекеттiк органның толық атауы - Маңғыстау облыстық қаржы басқармасы.
Тармақ 8
8. Облқаржы басқармасының құрылтайшысы облыс әкiмi болып табылады. Облқаржы басқармасының құрылтай құжаттары облқаржы басқармасын құру туралы облыс әкiмiнiң шешiмi мен осы Ереже болып табылады.
Тармақ 9
9. Облқаржы басқармасының қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады. Облқаржы басқармасына, облқаржы басқармасының функциясы болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiсiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен келiсiм-шарт қатынасын жасасуға тыйым салынады.
Егер облқаржы басқармасына заңды актiлермен табыс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда осындай қызметтен табылған табыстар жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне бағытталады.
Тарау 2. 2. ФУНКЦИЯСЫ
2. ФУНКЦИЯСЫ
Тармақ 10
10. Облқаржы басқармасы заңдармен белгiленген тәртiпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) облыс аумағында бiрыңғай мемлекеттiк қаржы саясатын жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) қаржы басқару саласындағы мақсаттар мен басымдықтарды айқындауға қатысу;
Тармақша 3
3) бағдарламаларды, стратегиялық және индикативтiк жоспарларды әзiрлеуге қатысу;
Тармақша 4
4) облыстық салық комитетiмен бiрлесiп жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi түсiрiлiмдерiн болжамдау;
Тармақша 5
5) кiрiстер мен шығыстардың экономикалық негiзделе жоспарлануы, түсiрiлiмдер көлемiнiң есептемелерi негiзiнде алдаалдағыны қаржылық жылға арналған жергiлiктi бюджеттiң жобасын қалыптастыру және инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен уақытша кассалық алшақтықтың орнын жабу үшiн Қаржы министрлiгiнен қарыз алу шегiн келiсу;
Тармақша 6
6) жергiлiктi бюджеттi атқару, жергiлiктi бюджеттердi есептеу-кассалық қызметiн көрсету және оның орындалуын бақылау;
Тармақша 7
7) бюджет қаражатын жоспарлау, есепке алу, қалыптастырылуын талдау және мақсатқа сай пайдаланылуын бақылау;
Тармақша 8
8) жергiлiктi бюджеттердiң жоспарлануы мен атқарылуына әдiснамалық басшылық ету;
Тармақша 9
9) облыстық бюджеттiң өзiн айлар бойынша нақтылап жазылуын және тұтастай облыс бойынша жинақтап жазылуын қалыптастыру және бекiту;
Тармақша 10
10) бюджеттiк шығыстарды ұтымды ету, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың құрылымдарын жақсарту жөнiндегi, аймақ экономикасын сауықтыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
Тармақша 11
11) инвестиция бағдарламасына кiргiзу үшiн инвестициялық жобаларды iрiктеудi жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 12
12) мақсатты бағдарламалар кешенiн қаржыландыру тәртiбiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
Тармақша 13
13) жергiлiктi атқарушы органдарға қызмет көрсету және борышын өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi, облыс әкiмiнiң кепiлдiгi бойынша мiндеттемелердi орындау;
Тармақша 14
14) жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алу және борыш мониторингiн ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) облқаржы басқармасына заңдармен жүктелген өзге де функцияларды.
Тарау 3. 3. ОБЛҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI
3. ОБЛҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI
Тармақ 11
11. Облқаржы басқармасының негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) салық және ақша-кредит саясатымен өзара ықпалдасудың бюджеттiк саясатын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) жергiлiктi бюджеттi қалыптастыру және атқару үдерiсiн жетiлдiру, бюджеттiк бағдарламалау мен бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалаудың, жергiлiктi бюджеттiң есептiк-кассалық қызмет көрсетiлуi мен ақша ресурстарын басқаруды жақсартудың әдiстерiн енгiзу;
Тармақша 3
3) жергiлiктi бюджеттiң қаражатын ұтымды әрi мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) облқаржы басқармасына заңдармен жүктелген өзге де мiндеттер.
Тарау 4. 4. ҚҰҚЫҒЫ
4. ҚҰҚЫҒЫ
Тармақ 12
12. Облқаржы басқармасының негiзгi мiндеттерiн iске асыру мен функциясын жүзеге асыру үшiн өз құзыретi шегiнде заңдармен белгiленген тәртiпте мынадай құқықтары бар:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақпарат сұратып алуға және алуға;
Тармақша 2
2) салық органдарынан, Қаржы және Мемлекеттiк Кiрiстер министрлiктерi белгiлеген мерзiм мен үлгi бойынша бюджет алдындағы салықтар мен басқа да мiндеттемелердiң түсiрiлiмдерi сомасы туралы есептi, барлық заңды тұлғалардан бухгалтерлiк баланс пен бюджет жобасын жасау үшiн қажеттi салық салу құрамы мен объектiлерi туралы статистикалық және өзге де материалдарды алуға, сондай-ақ облқаржы басқармасына жүктелген және оның құзыретiне кiретiн басқа да функцияларды орындау үшiн оның орындалуын ұйымдастыруға;
Тармақша 3
3) өз құзыретi шегiнде төменгi сатыдағы қаржы органдарының орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк-құқықтық актiлердi шығаруға;
Тармақша 4
4) жергiлiктi бюджеттiң жобасын қалыптастыруға;
Тармақша 5
5) облыс бюджетiн қалыптастыру кезiнде облыстың қалалары мен аудандары бюджеттерiнiң түсiрiлiмi көлемiн келiсуге;
Тармақша 6
6) қалалар мен аудандар бюджеттерiнiң атқарылуы туралы есептердi алуға, облыс бойынша жинақталған есептi жасауға;
Тармақша 7
7) жылдық бекiтiлген жергiлiктi бюджет шегiнде жергiлiктi бюджеттi айлар бойынша нақтылап жазылғанын бекiтуге;
Тармақша 8
8) жергiлiктi бюджеттiң шығыстарын қаржыландыруды нақтылы iс жүзiнде түсiрiлген кiрiстерге сәйкес жүзеге асыруға;
Тармақша 9
9) қаржылық қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;
Тармақша 10
10) банктiк операциялардың жекелеген түрiн ұлттық және шетелдiк валютамен жүзеге асыруға;
Тармақша 11
11) өз құзыретi шегiнде, бюджеттiк мекемелердiң қаржы тәртiбiн сақтауына бақылау жасау мен қадағалауды жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды қолданудағы заңдармен белгiленген тәртiпте жауапкершiлiкке тартуға;
Тармақша 12
12) облыс әкiмiнiң тапсырмасы бойынша қарыз алуды жүзеге асыруға, қарыз алудың шарттарын, бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру шарттарын айқындауға, займ мен жергiлiктi бағалы қағаздар эмиссияларының келiсiм-шарттарын тiркеудi жүргiзуге;
Тармақша 13
13) облыс әкiмiнiң атынан инвестициялық бағдарламаларға арнап кредиттер беруге, сондай-ақ шағын бизнес субъектiлерiн кредиттеудi жүзеге асыруға;
Тармақша 14
14) мекемелердiң, олардың бюджеттiк қаражатты заңсыз не мақсатқа сай емес пайдалануы кезiнде, сондай-ақ жұмсалған қаражат туралы есептердi табыс етпеуi кезiнде жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылуын шектеуге, тоқтатуға, даусыз түрде бюджетке қаражатты қайтарып алуды (керi қайтарып алуды) жүргiзуге;
Тармақша 15
15) салық комитетiмен бiрлесiп жергiлiктi салықтарды төлеудi кейiнге қалдыру мәселесiн қарауға;
Тармақша 16
16) облыстың бюджеттiк мекемелерiнде бухгалтерлiк есеп пен есеп беру жөнiнде әдiстемелiк басшылық етудi жүзеге асыруға;
Тармақша 17
17) облқаржы басқармасына заңдармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
Тарау 5. 5. ОБЛҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МYЛКI
5. ОБЛҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МYЛКI
Тармақ 13
13. Облқаржы басқармасының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады, ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң оған берген мүлiктерi есебiнен қалыптастырылады және негiзгi және айналым қаражатынан, сондай-ақ олардың құны облқаржы басқармасының балансында көрiнiс табатын өзге де мүлiктерден тұрады.
Тармақ 14
14. Облқаржы басқармасына бекiтiлiп берiлген мүлiк, коммуналдық меншiкке жатады.
Тармақ 15
15. Облқаржы басқармасының, оған бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiмен дербес оқшаулауға не өзгедей тәсiлмен өкiмдiк етiп билеуге қақысы жоқ, оған заңдармен белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке өкiмдiк етiп билеу құқығы берiлуi мүмкiн.
Тарау 6. 6. ОБЛҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ
6. ОБЛҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Тармақ 16
16. Облқаржы басқармасы және оның қалалық, аудандық бөлiмдерi облыстың бiрыңғай қаржы жүйесiн құрайды.
Тармақ 17
17. Облқаржы басқармасының бастығын облыс әкiмi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. Облқаржы басқармасы бастығының, облыс әкiмiнiң келiсiмi бойынша облқаржы басқармасының бастығы қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын екi орынбасары болады.
Тармақ 18
18. Облқаржы басқармасының бастығы облқаржы басқармасының, қалалық және аудандық бөлiмдерiнiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi және басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функциясының жүзеге асырылуына жеке дара жауапкершiлiк артады.
Тармақ 19
19. Осы мақсатта облқаржы басқармасының бастығы:
Тармақша 1
1) өз орынбасарларының, бөлiмдер бастықтарының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындап белгiлейдi;
Тармақша 2
2) заңдарға сәйкес облқаржы басқармасының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
Тармақша 3
3) заңдармен белгiленген тәртiпте облқаржы басқармасының қызметкерлерiне тәртiптiк жазалар бередi;
Тармақша 4
4) облқаржы басқармасының бұйрықтарына қол қояды;
Тармақша 5
5) облқаржы басқармасының штат саны мен кестесiн бекiтедi;
Тармақша 6
6) қолданудағы заңдарға сәйкес барлық мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда облқаржы басқармасына уәкiлдiк етедi;
Тармақша 7
7) қалалық, аудандық қаржы бөлiмдерiнiң меңгерушiлерiн қызметке тағайындауды келiседi;
Тармақша 8
8) заңға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Облқаржы басқармасы бастығының қабылдаған шешiмдерi бастықтың не оның мiндетiн атқарушы адамның бұйрығымен ресiмделедi.
Тармақ 21
21. Облқаржы басқармасында облқаржы басқармасының бастығы, оның орынбасарлары, бөлiмдердiң бастықтары, қалалық, аудандық қаржы бөлiмдерiнiң меңгерушiлерi құрамында алқа құрылады. Алқа құрамына өзге де адамдардың кiргiзiлуi мүмкiн.
Алқаның сандық құрамы облыс әкiмiмен келiсiледi.
Алқаның жеке құрамын, лауазымы бойынша алқа төрағасы болып табылатын облқаржы басқармасының бастығы бекiтедi.
Алқа шешiмдерi, алқа мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады, дауыстардың тең болған жағдайында шешiмдi алқа төрағасы қабылдайды. Алқа шешiмдерi облыстың барлық қаржы органы орындауы үшiн мiндеттi алқа қаулысымен iске асырылады.
Тармақ 22
22. Мемлекеттiк қаржы саясатын жүргiзу жөнiндегi функциясын iске асыру үшiн облқаржы басқармасының, мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiнiң келiсiмi бойынша, сондай-ақ жекелеген мамандарды оның құрамына кiргiзе отырып уақытша жұмыс топтарын құруға құқығы бар.
Тармақ 23
23. Облқаржы басқармасының жұмысына тексерiс жасауды, екi жылда бiр реттен кем емес мерзiм аралығымен бағыныстылық ретiмен жоғарғы сатыдағы орган, сондай-ақ заңдарға сәйкес өзге де органдар жүргiзедi.
Тармақ 24
24. Төменгi сатыдағы қаржы органдары мен бюджеттiк мекемелерге тексерiс жасауды облыстық қаржы бақылау басқармасымен бiрлесiп бөлек кесте бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 25
25. Облқаржы басқармасының қызметiн ұйымдастырудың өзге де мәселелерiн, лауазымды адамдардың құқықтары мен мiндеттерiн, оның қызметiн қамтамасыз ететiн бөлiмшелерiнiң құзыреттерi мен өкiлеттiктерiн, белгiленген тәртiпте бекiтiлетiн облқаржы басқармасы жұмысының регламентiмен белгiленедi.
Тарау 7. 7. ОБЛҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
7. ОБЛҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
Тармақ 26
26. Облқаржы басқармасын қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Басқа 91. Саны
№ 2 қосымша
облыс әкімінің
2000 жылғы 24 шілдедегі
№ 463 шешімімен бекітілген
ОБЛЫСТЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Саны
1. Басқарма бастығы 1
2. Басқарма бастығының орынбасары 2
3. Бюджет бөлiмi 8
4. Халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмi 4
5. Кiрiстер түсiрiлiмдерiн болжамдау
және талдау бөлiмi 4
6. Бухгалтерлiк есеп және есептiлiк 5
7. Қарыз алу және борыш, бюджеттiк
несиелендiру бөлiмi 4
8. Бюджеттiк рәсiмдерiнiң атқарылуын
бақылау жөнiндегi бөлiмi 4
9. Кадр және ұйымдастыру жұмысы бөлiмi 4
10. Қызмет көрсетушi қызметшi адамдар
(жүргiзушi) 1
БАРЛЫҒЫ 37
АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ҚАРЖЫ БӨЛIМIНIҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1. Қалалық қаржы бөлiмiнiң меңгерушiсi 1
2. Меңгерушiнiң орынбасары - бюджет
бөлiмiнiң бастығы 1
3. Бюджет бөлiмi 7
4. Бухгалтерлiк есеп және есептiлiк
бөлiмi 5
5. Әлеуметтiк қамсыздандыру, түсiрiлiмдердi
болжамдау және талдау бөлiмi 4
6. Қызмет көрсетушi қызметшi адамдар 1
БАРЛЫҒЫ 19
ЖАҢӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ ҚАРЖЫ БӨЛIМIНIҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1. Қалалық қаржы бөлiмiнiң меңгерушiсi 1
2. Қалалық қаржы бөлiмi меңгерушiсiнiң
орынбасары - бюджет бөлiмiнiң бастығы 1
3. Бюджет бөлiмi 6
4. Бухгалтерлiк есеп және есептiлiк
және кiрiстер болжамын талдау бөлiмi 5
5. Қызмет көрсетушi қызметшi адамдар 1
БАРЛЫҒЫ 14
АУДАНДЫҚ ҚАРЖЫ БӨЛІМДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1. Аудандық қаржы бөлiмiнiң бастығы 1
2. Аудандық қаржы бөлiмi бастығының
орынбасары - бюджет бөлiмiнiң бастығы 1
3. Бюджет бөлiмi 4
4. Түсірілімдерді болжамдау және
талдау, бухгалтерлік есеп пен есептілік бөлiмi 3
5. Қызмет көрсетушi қызметшi адамдар 1
БАРЛЫҒЫ 10
Басқа 92
№ 3 қосымша
облыс әкімінің
2000 жылғы 24 шілдедегі
№ 463 шешімімен бекітілген
Қызметкерлер Автомобильдер
саны саны
Маңғыстау облыстық қаржы
басқармасы 34 1
Бейнеу аудандық қаржы бөлiмi 9 1
Қарақия аудандық қаржы бөлiмi 9 1
Маңғыстау аудандық қаржы бөлiмi 9 1
Түпқараған Аудандық қаржы бөлiмi 9 1
Ақтау қалалық қаржы бөлiмi 18 1
Жаңаөзен қалалық қаржы бөлiмi 13 1
Жиыны: 101 7
Басқа 93
№ 4 қосымша
облыс әкімінің
2000 жылғы 24 шілдедегі
№ 463 шешімімен бекітілген
1999 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап 1999 жылдың
31 желтоқсанына дейiн облыс әкiмiнiң қарамағында
iс бабында болатын Маңғыстау облыстық қаржы
басқармасы қызметкерлерiнiң
Тiзiмi
________________________________________________________________
рет! !
№ ! Тегi, аты, әкесiнiң аты ! Қызметi
________________________________________________________________
1 ! 2 ! 3
________________________________________________________________
1. Шаметова Светлана Борисовна облыстық қаржы басқармасының
бастығы
2. Ким Ада Николаевна облқаржы басқармасы
бастығының
орынбасары
3. Өсербаева Шолпан Құдабайқызы облқаржы басқармасы
бастығының
орынбасары
4. Нұрғалиева Халила Хабижанқызы бюджет бөлiмiнiң бастығы
5. Стефанова Ирина Ивановна бюджет бөлiмiнiң бас экономисi
6. Карева Антонина Валерьевна бюджет бөлiмiнiң бас экономисi
7. Альбекова Марина Борисовна бюджет бөлiмiнiң бас экономисi
8. Ли Ирина Михайловна бюджет бөлiмiнiң бас экономисi
9. Ильмұханбетова
Шолпан Лазаревна бюджет бөлiмiнiң бас экономисi
10. Ұланова Жаңагул Ұланқызы бюджет бөлiмiнiң бас экономисi
11. Төребаева Ақзия Мұханбетқызы бюджет бөлiмiнiң бас экономисi
12. Воробьева Нина Алексеевна халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң
бастығы
13. Малкова Надежда Андреевна халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң
бас экономисi
14. Әбдiқұлова Айгул Үмбетқызы халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң
жетекшi экономисi
15. Манапова Бағдат Магомедовна кiрiстердi болжамдау және
өндiрiстiк емес сала бөлiмiнiң бас
экономисi
16. Колонина Галина Германовна кiрiстердi болжамдау және
өндiрiстiк емес сала бөлiмiнiң бас
экономисi
17. Илиясова Нұрлаш Темiрғалиқызы кiрiстердi болжамдау бөлiмiнiң бас
экономисi
18. Хамзина Светлана Ивановна кiрiстердi болжамдау бөлiмiнiң
жетекшi экономисi
19. Сатубалдиева Лима бухгалтерлiк есеп және есеп беру
Ғарифуллақызы бөлiмiнiң бухгалтерлiк есеп
және есеп беру бөлiмiнiң
бас бухгалтерi
20. Амақосова Сайлаш бухгалтерлiк есеп және есеп
Нұрәдiлқызы беру бөлiмiнiң бас бухгалтерi
21. Смирнова Ия Александровна бухгалтерлiк есеп және есеп беру
бөлiмiнiң жетекшi бухгалтерi
22. Генералова Анна Александровна аппарат қызметiн қамтамасыз ету
жөнiндегi сектор мечгерушiсi -
кадр жөнiндегi бас маман
23. Әбдеш Жұмағыз Ахатайқызы жетекшi маман - аудармашы
24. Нұрғалиева Гулмира Әбуқызы хатшы - машинка басушы
25. Булах Валентина Домеуовна машинка басушы
26. Чернопятов Юрий Михайлович жүргiзушi
27. Уақытша бос қызмет орны бухгалтерлiк есеп және есеп беру
бөлiмiнiң бастығы