Құжат мәтініне өту

Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы

Өзге акт · № 7-3 · қабылданған 14.07.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 26.02.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-41208/?version=AI41208_2.kaz
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 7-3 ·14.07.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы

ҚАЗЖекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 7-3 · қабылданған 14.07.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7-3
Қабылданған күні
14.07.2008
Көрсетілген редакция
26.02.2010 · қолданыстағы AI41208_2.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
26.02.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZD000068
ЭКБ идентификаторы
41208
Редакция идентификаторы
AI41208_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:06

0 Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы

2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Мұқтаж азаматтардың санаттары мен түрлері N 1 қосымшаға сай бекітілсін.

2 2. Әлеуметтік көмектің мөлшері N 2 қосымшаға сай бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Мұқтаж азаматтардың санаттары мен түрлері

Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың
2008 жылдың 14 шілдедегі
N 7-3 шешіміне N 1 қосымша
Мұқтаж азаматтардың санаттары мен түрлері

1 1. Ауданда тұратын отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен отбасылар (азаматтар).

2 2. Мерекелік күндерге байланысты жекелеген санаттағы азаматтар.

3 3. Жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған жұмыссыз қайтыс болған жағдайда оның отбасына жерлеу үшін кіріс көзіне қарамастан және Астана, Алматы қалаларына дәрігердің жолдамасымен барған азаматтарға, емделу үшін жол шығынын төлеу.

4 4. Отбасы төтенше жағдайға ұшырағанда (өртке, сұрапыл табиғат апатына ұшырағанда).

5 5. Жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлер.

6 6. Бейбіт уақытта қаза болған жауынгерлердің отбасы.

7 7. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдар мен "Алтын алқа" иегерлеріне табысы есепке алынбай коммуналдық қызметтері үшін өтемақы төлеу (жиынтық тізбенің негізінде өтініш берілмей аударылады).

8 8. Сүйемелдеу фазасында жүрген туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға жылына бір рет 15 есе ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек тағайындалсын.

9 9. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда әскери қызметін атқарғаны үшін, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған, 1926-1927 жылдары туған әскерге шақырылған адамдар.

14 Әлеуметтік көмектің мөлшері

Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың
2008 жылдың 14 шілдедегі
N 7-3 шешіміне N 2 қосымша
Әлеуметтік көмектің мөлшері

1 1. N 1-қосымшаның 1, 2, 3, 4 тармақтары бойынша әлеуметтік төлем жылына бір рет отбасының мүшелеріне немесе бір мүшесіне ақшалай түрде комиссияның қорытындысы бойынша беріледі.

2 2. Әлеуметтік төлемнің мөлшерін әрбір нақты жағдайда комиссия белгілейді. Көмектің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген 40 айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиісті.

3 3. N 1-қосымшаның 5 тармағы бойынша әлеуметтік көмек ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.

4 4. N 1-қосымшаның 6 тармақшасы бойынша әлеуметтік көмек ай сайын 1 000 теңге мөлшерінде тағайындалады.

5 5. Мерекелік күндерге байланысты берілетін біржолғы әлеуметтік төлем аталған тарауда көрсетілген тұлғалардың есеп шоттарына жиынтық тізбенің негізінде өтініш берілмей мөлшері комиссия қорытындысы бойынша аударылады:

1 1) Жеңіс күніне орай, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

2 2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың жесірлеріне, Ауған соғысына қатысқандарға;

3 3) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің әйелдеріне;

4 4) Чернобыль АЭС–індегі апат зардаптарын жоюға қатысқандарға;

5 5) Балаларды қорғау күніне орай, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға.

6 6. Сүйемелдеу фазасында жүрген туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға жылына бір рет 15 есе ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек тағайындалсын.

7 7. 1-қосымшаның 9-тармағы бойынша тексерілген жағдайда 2,9 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын материалдық көмек тағайындалсын.