Об утверждении Правил «О предоставлении малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома), потребления коммунальных услуг и телефонной абонентской связи» Қолданыста
Басқа 0
«Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерге төлемақы жасау үшін әл-ауқаты төмен отбасыларға (азаматтарға тұрғын үй және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру» Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы 2006-2008 жылдарына арналған тұрғын үй-коммуналдық саласын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Щучье аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерге төлемақы жасау үшін әл-ауқаты төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру» Ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Щучье аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-4/9 «Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерге төлемақы жасау үшін әл-ауқаты төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру» Ережелерді бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу номері 1-19-115, 25 желтоқсан 2007 жыл) 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 5 «Луч», 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 2 «Бурабай» газеттерінде жарияланған, «Щучье аудандык мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-4/9 «Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерге төлемақы жасау үшін әл-ауқаты томен азаматтарға тұрғын үй және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу номері 1-19-122, 25 қаңтар 2008 жыл) 2008 жылғы ақпандағы № 10 «Луч», 2008 жылғы 7 ақпандағы № 7 «Бурабай» газеттерінде жарияланған, шешімдері өз күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысы Щучье аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Щучье аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 3 шілдедегі № С-7/7
шешімімен бекітілді
Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерге төлемақы жасау үшін әл-ауқаты төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 кыркүйектегі № 949 «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуыла өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы № 553 «Қазақстан Республикасындағы 2006-2008 жылдарына арналған тұрғын үй-коммуналдық саласын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйлерін (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқасына) ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға және қалалық телекоммуникацияларға қосылған телефонға абоненттік ақының көтерілуіне байланысты көмек көрсетіледі (бұдан әрі - тұрғын үй көмегі).
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйде тұратын аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі Щучье ауданының қала мен ауылдық жерлерде тұрақты тұратын азаматтарға, және үй иелері болып табылатын (жалдаушы) (жеке тұрғын үйден басқа) жеке тұлғаларға тағайындалады.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі тұрғын жайларын (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқасына) ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға және қалалық телекоммуникацияға қосылған телефонға абоненттік ақының көтерілу бөлігінде бойынша байланыс қызметтеріне шығуға тиісті шығын үлесінің шегінен дәлелді шығатын жоғары болған кезде тағайындалады. Тұрғын үй көмегінің көлемі, тұрғын үйді ұстау және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тұтынуға төлемнің нақты сомасынан аспауы тиіс.
Тармақ 5
5. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 1 адамға 18 шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 30 шаршы метр, алайда бір бөлмелі пәтердің көлемінен аз болмауға тиісті.
Тармақ 6
6. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығын үлесінің шегі отбасының жиынтық табысының 11 % мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 7
7. Тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, канализация, электр қуатымен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару) нақты пайдаланылған қызметтерден шыға отырып белгіленеді бірақ ҚНмЕ (құрылыс нормалары мен ережелері) есеп айырысуына сәйкес шекті көлем шамасынан аспайды.
Тармақ 8
8. Осы ережелерінің 1 тармағына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар отбасылар мен тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, жөндеу жұмыстары аяқталғанан кейін кондоминиумның жалпы мүлкі күрделі жөндеуге шыққан шығынына жәрдемақы алуға құқығы бар.
Тармақ 9
9. Егер тұрғын үйді үстау және коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормативтері мен тарифтері заңнамалық тәртіппен белгіленбеген жағдайда, шығынның орның толтыру дәлелді шыққан шығын бойынша төленеді, алайда ол коммуналдық қызметтерді тұтынудың белгіленген нормативтерінен жоғары болмауы керек. Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есепке алу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеулерге қосылатын шығындар өткен тоқсандағы немесе соңғы тоқсандағы қызметтер толық көлемде көрсетілген есептеу қүралдарының негізінде белгіленеді, алайда ол коммуналдық қызметтерді тұтынудың белгіленген нормативтерінен аспауға тиіс.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін барлық коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерінің тарифтерін және оларға өзгертулер енгізуді қызмет көрсетушілер ұсынады.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй жәрдемақысы бір тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу - ресімдеудің бастапқы үлгісіне тәріздес жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызмет көрсету ақысының тарифтері өзгерген жағдайда, бұрын есептелген тұрғын-үй көмегіне қайта есептеу жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін беру тәртібі
2. Тұрғын үй көмегін беру тәртібі
Тармақ 13
13. Жеке иелігінде бірнеше үйлері бар немесе үйін жалға (арендаға) беретіндер тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Тармақ 14
14. Еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында емес және еңбекпен қамту бөлімінде тіркелмеген жұмысқа жарамды тұлғалары болса, тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жойылады, бұған мүгедектерге күтім жасап отырған адамдар, немесе 3 жасқа дейінгі (бір немесе одан да көп) баланы тәрбиелеумен айналысатын адамдар және зейнеткерлікке шығуға жақын қалғандар (3 ай қалғандар) жатпайды. Жедел қызметтегі әскери қызметкерлер отбасы құрамына есептелмейді.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй көмегі тағайындалуға үміткер отбасыларға (азаматтарға) есептеулер жүргізілгенде келесі шектеулер есепке алынады:
Тармақша 1
1) өтініш беруші занды некеде тұрса, алайда жұбайы бұл мекен-жайда тіркелмеген болса да, екеуінің де табысы есепке алынады және тұрғын үй көмегі тұрғын үй көмегіне өтініш берген жұбайының мекен-жайы бойынша тағайындалады;
Тармақша 2
2) өтініш беруші заңды некеде тұрса, жұбайының қайда екенін білмесе (көрсетпесе) және бұл жөнінде құқық қорғау органдарына хабарламаса, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды;
Тармақ 16
16. Тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі шешім меншік иесінің (жалдаушының) өтінішпен бірге келесі құжаттарды (түпнұсқалары мен көшірмелері) қосып тапсырған күннен бастап он күн ішінде қабылданады:
Тармақша 1
1) тұрғын үйдін иесімен (жалға алушымен) бірге тұратын отбасының барлық мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар;
Тармақша 2
2) тұрғын үйге құқықтылығын белгілейтін (бірінші рет өтініш берушілерге меншіктендіру шарты - (егер пәтер меншіктендірілмесе, ордер, сату-сатып алу шарты, айырбас шарты, сыйлау шарты, заңды түрде мұраға қалғаны туралы куәлік, пайдалануға және сатуға құқық беретін сенімхат және т.б.) құжат;
Тармақша 3
3) тұратын мекен-жайын және отбасы құрамын растайтын құжат;
Тармақша 4
4) тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, канализация, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару) ағымдағы тоқсанға арналған шығындар туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) қалалық телекоммуникациялар торабына қосылған телефонға абоненттік төлемі артқанына байланысты, қызметтерге ақы төленгендігі туралы мағлұмат;
Тармақша 6
6) тұрғылықты емес газ плиталы үйлер үшін газ балондарын сатып алғандықтары туралы анықтама (өткен тоқсан үшін);
Тармақша 7
7) электрқуатымен жабдықтау жөніндегі есеп кітапшалары (өткен тоқсандағы төлем жасағаны туралы түбіртектер);
Тармақша 8
8) отбасының табыстары және өз еріктерімен көрсеткен басқа да табыстары туралы мәліметтер (өткен тоқсан бойынша);
Тармақша 9
9) жұмыссыз азаматтарға - жұмыссыз ретінде есепте тұрғандығы жөніндегі анықтама;
Тармақша 10
10) меншік құқығы бар тұрғын үй бірлігінің (пәтерлер, үйлер) саны туралы ақпараттық анықтама (жылына бір рет);
Тармақша 11
11) жалғыз басты аналар үшін әділет органынан № 4 нысандағы анықтама (өтініш бірінші рет берушілерге).
Тармақ 17
17. Кондоминиумның жалпы мүлкін күрделу жөндеуден өткізуге кеткен шығынға жәрдемақы алуға құқығы бар тұлғалар мен отбасылар осы Ережелердің 16 тарауында көрсетілген (4, 5, 6, 7 тармақтарынан басқалары) қүжаттардан басқа қосымша келесілер ұсынады:
Тармақша 1
1) кондоминиумның жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге жиналған мақсатты төлемдердің төленгендігі туралы түбіртек;
Тармақша 2
2) кондоминиумның жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін тұрғын үй иесінің, тұрғын үй иелерінің кооперативтері мен жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын үйым арасында жасалған шарттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) кондоминиумның жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы тапсыру-қабылдау алу актісінің көшірмесі.
Тармақ 18
18. Ұсынылған құжаттарды қараудың нәтижесі бойынша отбасының табысы және коммуналдық төлемдер енгізіліп, отбасына есептеулер жасалады. Есептеуге отбасының өкілі немесе отбасының атынан келген тұлға және құжаттарды қабылдауды жүзеге асырған тұлға қол қояды. Аталған есеп, тұрғын үй көмегін беру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 19
19. Тұрғын үй көмегін алушы өз үйінің меншік нысанының түрлі өзгеріске түсуі, отбасы құрамы және оның табыс түрлерінің сомасы, сондай-ақ көмек дұрыс есептелінбегенде, осы жағдайлар туралы «Щучье ауданнының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме 10 күн ішінде хабарлауға міндетті. Жәрдемақы көмегі қызметіне жалған мәліметтер беріп көтеріңкі немесе заңсыз тұрғын үй көмегін алған меншік иелері 1 жыл бойына жәрдемақы алу құқығынан айырылады. Ал заңсыз тұрғын үй көмегі түрінде алынған ақша заң бойынша қайтарылады.
Тармақ 20
20. Ұсынылған ақпараттың сенімді екендігіне күмән туындаған жағдайда, тұрғын үй көмегің тағайындайтын қызметкер отбасының табыстары, тұрғын үйге шығатын шығындар және бұл жерде отбасы мүшелерінің тұрақты тұратындары туралы қосымша құжаттар сұрауға кұқылы. Егер талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасылардың (азаматтардың) жиынтық кірісін есептеу
3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасылардың (азаматтардың) жиынтық кірісін есептеу
Тармақ 21
21. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде, тұрғын үй, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, қайтыс болған адамды жерлеуге және бала тууына байланысты берілетін біржолғы төлемдерден басқа тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы алынған нақтылы табыстың барлық түрлері есептеледі:
Тармақша 1
1) еңбекақы түріндегі табыстар:
енбекақының барлық түрлері, соның ішінде сыйақы, қосымша ақы, ақшалай және заттай түрдегі әлеуметтік жеңілдіктер мен қосымша ақылар, сондай-ақ негізгі және қосалқы жұмыс орындарында заңнамаға сәйкес жұмыс істелген уақытқа жұмыскерлерге төленген ақша сомасы енгізіледі;
төлемдердің басқа түрлері (жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда, жеке еңбек шарты бұзылған кезде пайдаланылмағаны жыл сайынғы еңбек демалысы үшін, жұмыскерді басқа жерге, ұйымымен бірге ауыстырған кезде төленетін өтемақылар, оқуға ақы төлеу);
Тармақша 2
2) зейнетақының барлық түрлері, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдер, асыраушының қайтыс болуына және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; мемлекеттік арнайы жәрдемақылар; сондай-ақ жергілікті басқару органдарының шешімдерімен және жұмыс берушілердің тәртібімен тағайындалған заңдармен және басқа нормативтік құқықтық актілермен төленетін төлемақылар;
Тармақша 3
3) балаларға және басқа да асыраудағы адамдарға төленетін алименттер;
Тармақша 4
4) стипендиялар;
Тармақша 5
5) жарақат алу немесе денсаулыққа басқа да зардаптар алғанда шығынның орнын толтыру тәртібінде алынған біржолғы сомалар;
Тармақша 6
6) жеке қосалқы шаруашылықтан алған табыс;
Тармақша 7
7) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыстар;
Тармақша 8
8) азаматтардың өз еріктерімен айтқан басқа да табыстары.
Тармақ 22
22. Қалалық және ауылдық жерлерде тұратын тұрғындар үшін жеке қосалқы шаруашылықтарынан түсетін есептік көрсеткіш шамасының бес есе мөлшеріндегі кіріс (саяжай учаскесінен, үйдің жанындағы учаскеден, бақшадан түскен табыстардан басқалары) есептеледі.
Тармақ 23
23. Кәсіпкерлік қызмет, мүлік және жер пайынан алынған табыс, өздері көрсеткен табыс ретінде есептеледі.
Тарау 4. 4. Жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйлерде тұратын аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі
4. Жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйлерде тұратын аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі
Тармақ 24
24. Жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйлерде тұратын аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі, тұрғын үйдің иесіне, жалға алушыларға тұрғын үйді жалға алғандығы туралы жалға алу шарты болған кезде ұсынылады.
Тармақ 25
25. Жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйлерде түратын аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін есептеу үшін, әлеуметтік тұрғын үй нормасына сәйкес отын шығыны 1 шаршы метрге 49,85 килограмм мөлшерінде есепке алынады, бірақ жылына бір отбасыға 5 (бес) тоннадан аспау керек.
Тармақ 26
26. Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегі есептелген алдынғы тоқсандағы тоқсанның соңғы айындағы (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан), жағдай бойынша аудандық ақпарат және статистика бөлімінің ұсынған аудан бойынша орташа баға пайдаланылады.
Тармақ 27
27. Жергілікті жылу берілетін жеке меншіктегі үйлерде пайдаланылатын отынның басқа түрлерінің құны мен шығын нормалары тұрғын үй көмегін есептеген кезде көмірдің құны мен шығын нормасына сәйкес есептеледі.
Тармақ 28
28. Жергілікті жылу берілетін жеке меншіктегі үйлерде тұратын отбасыларға (азаматтарға) жылу берілетін мерзім деп 1 қазаннан бастап 30 сәуірге дейін мерзімі саналады.
Тармақ 29
29. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде жеке меншіктегі үйде тұратын отбасының (азаматтардың) орташа табысы өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.
Тармақ 30
30. Электрқуатымен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, қоқыс шығару бойынша шығындар өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектер бойынша есептеледі.
Тарау 5. 5. Телефон абоненттеріне тарифтің өсуіне байланысты айырмашылығын кері қайтару.
5. Телефон абоненттеріне тарифтің өсуіне байланысты айырмашылығын кері қайтару.
Тармақ 31
31. Телекоммуникациялардың қалалық торабының абоненті (әрі қарай - абонент) -телекоммуникацияларын торабынан келісім шарт арқылы жеке тұлға, телефонный абонентік номерін, немесе идентификациялық код иеленген.
Тармақ 32
32. Абонентерге телефонға абонентік тарифтың өсуіне байланысты бұрынғы төлеммен айырмашылығы тұрғын үй-коммуналдық төлемақы мөлшеріне қосылады.
Тарау 6. 6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу
6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу
Тармақ 33
33. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылады.
Тармақ 34
34. Ұстау және коммуналдық қызмет көрсетуге есептеу-нормативтік шығындарын анықтау өкілетті органдардың бақылауымен жүргізіледі.
Тармақ 35
35. Коммуналдық қызметтерге бөлінетін тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтер көрсетушілеріне қаражат аудару арқылы жасалады.
Тармақ 36
36. Жергілікті жылу берілетін жеке меншіктегі үйлерде тұратын аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі, қалалық телекоммуникацияға қосылған телефонға абоненттік ақының көтерілу бөлігінде байланыс қызметтері, телефон абоненттеріне тарифтің өсуіне байланысты айырмашылығын кері қайтару, кондоминиумның жалпы мүлкіне күрделу жөндеу өткізу шығынына жәрдемақы жеке өтініш жазу арқылы екінші деңгейдегі банктен жеке есеп шотына ақша аудару арқылы жасалады (келісім бойынша).