Об утверждении Правил содержания собак и кошек на территории города Лисаковска, поселка Октябрьский, села Красногорское
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил содержания собак и кошек на территории города Лисаковска, поселка Октябрьский, села Красногорское
- Атауы (қаз.)
- Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Красногор селосының аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 89
- Қабылданған күні
- 10.07.2008
- Көрсетілген редакция
- 10.07.2008 41249_263712.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.07.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ND094123
- ЭКБ идентификаторы
- 41249
- Редакция идентификаторы
- 41249_263712
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:07
0 Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Красногор селосының аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 311-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Красногор селосының аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесі бекітілсін.
2
2. Қалалық мәслихатының «Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 16 наурыздағы № 44 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2864 болып тіркелген, 2004 жылғы 29 сәуірдегі № 18 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған).
3 3. Осы шешімді орындау үшін бақылау жасау заңдылық, азаматтардың құқығын қорғау және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Красногор селосының аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесі
Мәслихаттың
2008 жылғы 10 шілдедегі
№ 89 шешімімен
бекітілген
Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Красногор селосының аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау
Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ереже иттерді және мысықтарды күтіп - ұстау тәртібін реттестіреді, Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Красногор ауылы аумағында қолданылады.
Ереже иттер және мысықтардың барлық иелеріне, жеке меншік нысанына қарамастан заңды және жеке тұлғаларға таратылады.
2 2. Ережеде мынадай түсініктемелер қолданысқа енгізіледі:
1 1) ит - қасқыр текті, сүтқоректі, түрі - түсіне, көлемі және басқа да белгілеріне тәуелсіз үй хайуанаты;
2 2) мысық - сүтқоректі мысық текті, түрі - түсіне, көлемі және басқа да белгілеріне тәуелсіз үй хайуанаты;
3 3) хайуандар иесі - ит пен мысық иесі болатын тұлға, немесе жалға алған жағдайда хайуандардың күтімімен немесе басқа да себептермен иесінің келісімі бойынша айналысатын тұлға;
4 4) қаңғыған хайуандар - тіркелмеген хайуандар, иесін анықтау мүмкін болмаған, иесінің немесе жауапты тұлға жағынан қадағалаусыз қалған, иесінен қашып кеткен хайуандар;
5 5) ит пен мысықты серуендету - хайуанның ғимараттан тыс жерде, жеке меншік иелігіндегі немесе басқа тұлғадан жалдап алған иесі, әрі ит пен мысыққа арналып бөлінген жерде қыдырту.
2 2. Ит пен мысықты тіркеу тәртібі
3
3. Барлық қызмет бабындағы, күзеттегі, аңшы иттер және тұқымына Қатысы жоқ, тұрғындар, кәсіпорын, ұйымдар және мекемелер иелігіндегі иттер, сонымен катар мысықта міндетті түрде Лисаков қаласының ауыл шаруашылық және үй хайуанаттары тіркелу органдарында және ветеринарлық клиникаларда міндетті түрде есепке алу мен тіркеуге жатады, Лисаков қаласы бойынша ауыл шаруашылық және үй хайуандары теңдестіру компьютерлік базасына енгізу үшін қажет. Әрбір тіркелінген үй хайуандарына теңдестіру нөмірі беріледі, ол оның бүкіл өмір бойына сақталады. Иесіне иті мен мысығын тіркегеннен кейін ветеринарлық құжат және белгіленген үлгідегі нөмерлі жетон хайуан иесінің есебінен беріледі. Тіркелген кезде хайуандардың иесі осы Ережемен таныс болуы керек. Танысқан факті тіркелу кітәбінда хайуан иесінің қолымен куәландырылады. Үй хайуандарының теңдестіру белгісі микрочип болып табылады, оны оған осы қызметке арналған тиісті лицензиясы бар ветеринар дәрігері өткізеді.
4 4. Барлық иттер мен мысықтар екі айлығынан алғашқы тіркелуден өтеді.
5 5. Хайуандарды сатып алған және иелердің орын ауыстырғаны кезде үй хайуандары екі жетінің ішінде тіркелуге тиіс.
6 6. Ит пен мысықты тіркеу кезінде иесі туралы мынадай мәліметтер ұсынылады: иесінің жеке тұлғасын көрсететін құжат, тұратын мекенжайы, байланыс телефоны; хайуандар туралы мынадай мәліметтер: ит пен мысықтың шыққан тегі, жынысы, лақап аты, туған күні, түсі, ерекше белгісі немесе хайуанның бейнесі.
7 7. Үй хайуандары өлсе немесе өлтірілген жағдайда ветеринарлық құжаты және жетоны хайуанды алғашқы тіркелінген органға немесе мекемеге тапсырылады.
8 8. Тіркеуші орган хайуанды есептен шығару үшін оның шыққаны туралы (сатылса, жоғалса, өлсе, басқа тұлғаға берілетін болса) хабарланады.
3 3. Ит пен мысықтың күтімі
9 9. Иттер мен мысықтарды басқа аймақтан Лисаков қаласының әкімшілік аумағына немесе оның шегіне кіргізіп, шығарарда иелерінің қолында хайуандарының егілгеніне 12 айдан аспаған және кіргізгенге дейін 30 күннен кем емес деген денсаулық жағдайы туралы белгісі бар ветеринариялық куәлігі болуы керек.
Екі айлық жас мөлшерінен бастап иттер тектілігіне, жасына қарамастан тіркелу мен құтыруға қарсы және эпизоотикалық көрсетілім бойынша лептоспирозға, микроспорияға қарсы міндетті түрде егілуге, сонымен қатар гельминттер немесе дегельминтизациялық сақтандырудан тексерілу тиіс.
Мысықтар екі айлығынан бастап жалпы жануарларға және адамдарға Қатысты жұқпалы ауруларға, эпизоотикалық көрсетілім бойынша микроспорияға Қарсы егілуге тиісті, гельминтозға қарсы тексерілуден өтуі керек.
10 10. Кез келген 18 жасқа толған тұлға итке ие бола алады.
11 11. Егер хайуан иесі заңды тұлға болса онда ол хайуан күтіміне жауапты адам тағайындайды.
12 12. Ит пен мысықты асырау санитарлық - гигиеналық, зоогигиеникалық талаппен осы Ережені сақтағанда ғана рұқсат етіледі:
бір жанұя айналысатын тұрғын үйде;
кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтардың бірлескен коммерциялық емес бағбаншылық және саяжай, демалыс орындарында иттерді байлауда немесе жабық жерде және қоршаған ортаға ыңғайсыздық туғызбайтын және мазасын алмайтын жерде ұстайды.
13 13. Кез келген ит пен мысықтың түрлері үшін пәтерлерде паналату және питомниктер ұйымдастыруға жол берілмейді.
14 14. Көпшілік қолданатын (ас ұйде, дәлізде, баспалдақ алаңында, жертөледе, ұйдің төбесінде, лоджияда, балконда және де басқа қосымша үй- жайлар) үйдің жанындағы жерде (жеке тұрғын үйлер қорының қасындағы жерден басқа) қонақ үйде, жатахана дәліздерінде ит пен мысықты ұстауға рұқсат етілмейді.
15 15. Қонақ үйде әкімшілік келісімі бойынша және санитарлық - гигиеналық ережені сақтаған жағдайда иесі ит немесе мысықпен бірге тура алады.
16
16. Ит пен мысықты жеке тұрғын үй қорының үйлерінде, ғимараттың және оған жалғасқан аумағында тек қана сол аумақтың иесінің немесе басқа құқығы бар тұлғаның рұқсатымен ұстауға болады. Иттерді қоршалған жерде ұстау қажет, қоршау хайуанның қашуына, адамдарға және басқа жануарларға шабуыл жасап, өткіншілерге зақым көрсетуге жол бермейтін болуы керек. Ұйымның аумағында иттің бары туралы кіре берісте иттің барын ескертетін сақтандыру: «Ит күзетеді! Охраняется собакой!» деген тақтайшасын іліп қою ұсынылады.
17
17. Санитарлық-эпидемнологнялық және ветеринарлық қызметтің рұқсатымен зообұрыштарға, балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде "хайуанаттар бұрыштарында", қысқы және жазғы сауықтыру санаторий - курорт мекемелерінде (санаторияларда, демалыс үйлерінде, пансионаттарда) ит пен мысықты ұстауға рұқсат етіледі.
18 18. Егілмеген және бірдейлендіру тәртіпті өтпеген ит пен мысықты ұстауға рұқсат етілмейді.
19
19. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ветеринария облысындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысымен бекітілген, науқастығы анықтаған жағдайда, аймақтық Бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының шешімі немесе сот шешімі бойынша иесінен ит пен мысық алып қойылады және өлтіріледі. Егер хайуан сау деп табылса, ол иесіне қайтарылады. Ит немесе мысық адамды тістеп немесе тырнап алса, адамға жұғатын аурудың, не болмаса адамға қауіпті аурулардың бар болуына зерттеу жүргізу үшін иесінен алынып қойылуға мүмкін.
20 20. Ит пен мысық қатынасатын көрме, сайыс және көптеген басқа да іс- шараларға қатысу ветеринарлық, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау өкілдерінін жазбаша келісімімен және Лисаков қаласы әкімінің рұқсатымен өткізіледі.
21 21. Ит пен мысықтың етін сату және өндеу мақсатында өсіруге және аулауға жол берілмейді.
22 22. Лисаков қаласы, Октябрь поселкесі, Красногорск селосының аумағында хайуанаттарға қатысты қатыгездікке жіберетін иттердің бәсекесін және басқа да шаралар ұйымдастыру және өткізуге жол берілмейді.
23 23. Итті серуендеткенде иелері төмендегі көрсетілген талаптарды орындауға тиіс:
1 1) иттерді серуендетуге тұмылдырық кигізіп (кішкентай декоратив тұқымды иттен басқа) және ұзындығы шылбырмен, маңайындағыларға кедергі туғызбайтын және мазасын алмайтын болуы керек;
2 2) ит иесі хайуанның мойнына иттің лақап аты көрсетілген, тұқымы, иесінің тұрағы, байланыс телефоны және иесінің қалауымен басқа да ит туралы мәліметтер жазылған жетонмен бекітілген қарғы тағып қояды;
3 3) итті қалалық көлікте тасымалдау көліктің арт жағында жолаушылардың жүріс-тұрысына кедергі жасап, қауіпсіздік тудырмайтын болу керек;
кішкентай тұқымды иттер мен мысықтарды сөмкеде, әдейі дайындалған торда (контейнерде алып жүруге арналған) немесе қолға көтеріп алып жүруге болады;
ауру ит пен мысықты қоғамдық көлікпен алып жүруге жол берілмейді;
4 4) итті тұрғын үйлердің маңайында қыдыртқанда иесі 23.00-ден 06.00-ге дейінгі уақыт аралығы ішінде тыныштық сақтауды қамтамасыз етуі керек;
5 5) рұқсат етілмейтін белгісі жоқ жерлерге қысқа шылбырмен, тұмылдырықпен мекемелерге, өнеркәсіп тауарлары дүкендеріне, поштаға және басқа жерлерге кіруге болады;
кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелер объектілеріне кіруге рұқсат етілмейтін кесте іліп және оларды байлап қоятын орын бөлінуі ұсынылады;
6
6) итті уақытша ғимараттың жанында тұмылдырықпен және қысқа байланған шылбырмен қалдыруға болады, осы уақытта хайуанның иесі осы ғимаратта болады, ол өздігінен шешіле алмаса, егер басқа адамдарға қауіп туғызбаса, қоғамдық тәртіпті бұзбаса, иттің денсаулығына қауіп тумаса; сондықтан ит адамдардың кіріп шығуына кедерге жасамауы қажет;
7 7) иттер қоғамдық орындарда тек қызметтік тапсырыстарды орындаған кезде шылбырсыз бола алады;
8 8) көше қиылысынан және жақын жердегі магистралдан өтерде иттің иесі (итті серуендететін адам) жол-көлік апатын болдырмау үшін және көлік жүретін жолда иттің өлуіне жол бермеу үшін қысқа шылбырмен мықтап ұстау керек.
24 24. Иттің иелеріне:
1 1) құтыруға қарсы егуден өтпеген итті қыдыртуға;
2 2) балалар ауласында және спорт аландарында, мектеп жасына дейінгі балалар аумағында және оқу орындарында, емдеу мекемелерінде, азаматтар демалатын қоғамдық орындарында, рұқсат жоқ деген белгісі бар жерлерде ғана, осы мақсатпен рұқсат етілген немесе арнайы бөлінген жерде хайуандарды серуендетуге;
3 3) қалалық жағажайларда иттерді серуендетуге, хайуандарды қоғамдық шомылу орындарында, тоғандарда, фонтандарда, суқоймаларында және су агарларда суға түсіріп және шомылдыруға;
4 4) көз жанарлары нашар көретін адамдар үшін жетекші иттерден басқа, коғамдық тамақтану орындарына, қызмет көрсету, сауда және өндірістік залдарға, азық-түлік дүкендерінде, мәдени мекемелерге әкеліп, ұстауға;
5 5) адамдарды құтқару бойынша, сонымен қатар қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық тәртіп күзеті бойынша қызметтік иттерді және көз жанары нашар көретін адамдардың жетекші иттерді қоспағанда, адам көп жиналған жерлерде, коғамдық шаралар ұйымдастырылып өткізіліп жатқан жерлерде хайуандармен бірге болуға;
6 6) мас адамдарға қоғамдық орындарда, көліктерде иттерді қыдыртып немесе әкелуге жол берілмейді.
4 4. Ит пен мысық иелерінің құқығы
25 25. Ит пен мысық олардың иесінің меншігі болып табылады және қолданып жүрген заңдарға сәйкес қорғалады.
5 5. Ит пен мысық иелеріне талаптар
26 26. Ит пен мысық иелері төмендегі көрсетілген талаптарды орындауға
тиіс:
1 1) айналадағыларға ыңғайсыздық пен қауіпсіздік туғызбау үшін ит пен мысықтың мінез-құлығын қамтамасыз ету;
2 2) тұрғын үйлер ішінде 23.00-ден 06.00 уақыт аралығында у-шуға жол бермеу жөнінде шараларды қабылдау;
3 3) ауланың, кіре берістердің, баспалдақ алаңдарының, лифттердің, балалар алаңдарының, жолдардың, тротуарлардың, саябақтардың, парктердің, Демалыс орындарының ластануына жол бермеу, ал ластанған жағдайда тездетіп тазалау жұмысын жүргізу;
4 4) хайуандарды олардың ерекшелігіне және тегі бойынша зоотехникалық, зоогигиеникалық және ветеринариялық - санитарлық талабына сәйкес жағдайда күтіп-ұстауға, қоғамдық қауіпсіздік талабының орындалуы;
5 5) ит пен мысқты олардың биологиялық ерекшелігіне сәйкес күтіп- ұстауға, қараусыз қалдырмауға, жануарларды тамақсыз, сусыз қалдырмауға, қатыгездік көрсетпеуге;
6 6) ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша диагностикалық тексерулер мен емдеу - алдын ала өңдеу үшін кедергісіз ит пен мысықты жеткізуге;
7 7) жыл сайын, екі айлығынан бастап ит пен мысықты ветеринарлық клиникаға көрсетуге және құтыруға, жұқпалы ауруға қарсы сақтандырып егілгендігі, хайуанның ветеринарлық құжатында міндетті түрде белгі қойылуы;
8 8) ұдайы, тоқсан сайын бір рет ит пен мысықты терінің қансорғыш жәндіктерінен және гельминиттік ауруларға қарсы алдын алу өңдеу жүргізу;
9 9) ит пен мысықтың сырқаттаған жағдайында немесе ауру деп күмәнданса, тез арада ветеринарлық мекемелерге хабар беріп сараптама бойынша мамандардың кеңесін бұлжытпай орындауға;
10
10) ит пен мысық адамды немесе малды тістеп алған барлық жағдайда, тез арада медициналық мекемеге, ветеринарлық клиникаға хабарлауға міндетті, сол жануарларды карантиндық іс-шараларды жасау және тексеру үшін жеткізуге тиіс, залал келтірген ит пен мысықтың иесі, зардап шегушіге өзінің атын, тегін және мекенжайын хабарлауы керек;