Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов на административной территории города Лисаковска для кандидатов в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов на административной территории города Лисаковска для кандидатов в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына үміткерлерге арналған Лисаков қаласының әкімшілік аумағында насихаттау баспасөз материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1018/3
- Қабылданған күні
- 15.08.2008
- Көрсетілген редакция
- 15.08.2008 41265_263715.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.08.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ND094124
- ЭКБ идентификаторы
- 41265
- Редакция идентификаторы
- 41265_263715
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:58
0 Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына үміткерлерге
арналған Лисаков қаласының әкімшілік аумағында насихаттау баспасөз материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттарын сайлау кезеңінде насихаттау баспасөз материалдарын орналастыруды тәртіпке келтіру мақсатында, Лисаков қаласының әкімдігі және Лисаков қалалық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМІЗ:
1 1. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттығына барлық үміткерлерге сайлау компаниясының кезеңінде қаланың аумағында насихаттау баспасөз материалдарын орналастыру үшін орындарда ақпараттық тумбалар анықталсын:
1-шағын аудан - “Рассвет” және № 10 үйдегі “Арай” дүкендерінде;
2-шағын аудан - сауда орталығында;
3-шағын аудан - “Махаббат” және “Деко” дүкендерінде;
4-шағын аудан - сауда орталығында;
5-шағын аудан - “ФортунАвто” дүкенінде;
6-шағын аудан - “Арай” және “Рүстем” дүкендерінде;
Октябрь кенті - әкімдік ғимаратында және шағын базары
Красногор селосы - дүкен ғимаратының хабарландыру тақтасы.