Құжат мәтініне өту

Аудан су тоғандарында балықтың "Аэромоноз" ауруы тіркелуіне байланысты карантин енгізу жайлы

Қаулы · № 159 · қабылданған 23.07.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-41293/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Аудан су тоғандарында балықтың "Аэромоноз" ауруы тіркелуіне байланысты карантин енгізу жайлы Күшін жойған Қаулы ·№ 159 ·23.07.2008
23.11.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Аудан су тоғандарында балықтың "Аэромоноз" ауруы тіркелуіне байланысты карантин енгізу жайлы

Күшін жойған Қаулы ·№ 159 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аудан су тоғандарында балықтың "Аэромоноз" ауруы тіркелуіне байланысты карантин енгізу жайлы
Атауы (қаз.)
Аудан су тоғандарында балықтың "Аэромоноз" ауруы тіркелуіне байланысты карантин енгізу жайлы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
159
Қабылданған күні
23.07.2008
Көрсетілген редакция
23.11.2009 · қолданыстағы AI41293_1.kaz
Соңғы өзгеріс
23.11.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08CE000076
ЭКБ идентификаторы
41293
Редакция идентификаторы
AI41293_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:03

0 Аудан су тоғандарында балықтың "Аэромоноз" ауруы тіркелуіне байланысты карантин енгізу жайлы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңының 10-бабы 2-тармағы 9) тармақшасы, 27-бабы мен ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2008 жылғы 18 шілдедегі N 3-4/332 ұсынысы негізінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Балықтардың "Аэромоноз" ауруы тіркелген су айдындарында карантиндік режим енгізіліп, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.

2 2. Карантиндік режим кезінде:

1 1) Бір су айдындарынан басқа су айдындарына балықтарды ауыстырып салуға;

2 2) аэромонозға бейім тұқым балықтарды түрлеріне және жастарына қарай араластырып салуға тиым салынсын.

3 3. Балық аулаумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен "Ырғыз- Торғай мемлекеттік табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесіне өздеріне бекітілген су тоғандарында іс шаралар жоспарына сәйкес санитариялық тазалық жұмыстарына, ауру балықтарды көмуді ұйымдастыруға тиісті қызметтерге қолдау көрсету ұсынылсын.

4 4. Карантиндік режим балықтардың ауруының соңғы тіркелгенінен бір жыл өткеннен және ветеринариялық-санитариялық шаралар кешені толық өткізілгеннен кейін алынсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Қосаяқовке тапсырылсын.

6 6. Қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі             М.ДУАНБЕКОВ

Қолданыстағы