Ірі қара малының «Қарасан» ауруының шығуына байланысты Қараөзен ауылдық округінің «Маламбай» нүктесіне шектеу белгілеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ірі қара малының «Қарасан» ауруының шығуына байланысты Қараөзен ауылдық округінің «Маламбай» нүктесіне шектеу белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Ірі қара малының «Қарасан» ауруының шығуына байланысты Қараөзен ауылдық округінің «Маламбай» нүктесіне шектеу белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 277
- Қабылданған күні
- 24.07.2008
- Көрсетілген редакция
- 24.07.2008 · қолданыстағы 41319_329691.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.07.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZH000070
- ЭКБ идентификаторы
- 41319
- Редакция идентификаторы
- 41319_329691
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:02
0 Ірі қара малының «Қарасан» ауруының шығуына байланысты Қараөзен ауылдық округінің «Маламбай» нүктесіне шектеу белгілеу туралы
Аудан көлемінде ірі қара малдарынан қарасан ауруының шығуына байланысты шектеу салу жөніндегі Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бас ветеринариялық инспекторының 2008 жыл 23 шілдедегі ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасының 2002 жыл 10 шілдедегі №339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңының 10, 26, 27 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148 - II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сүйене отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қараөзен ауылдық округінің «Маламбай» елді мекендерінде ірі қара малының қарасан (Эмкар) ауруы шығуына байланысты , ауру ошағы деп танылғандықтан шектеу белгіленсін.
2
2. Ауру ошағы табылған ауылға Маламбай нүктесіне шектес жатқан елді-мекендерге аурудың таралмауының алдын-алу шараларын жүзеге асыруҚараөзен ауылдық округінің әкіміне /М.Халимуллин/ және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі инспекциясының комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясына /Н.Құтхожин келісім бойынша/ тапсырылсын.
3 3. Маламбай нүктесінен мал өнімдерін шығаруға және басқа жерден әкелуге тиым салынсын.
4
4. Казталов аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы /Т.Хайдаров келісім бойынша/ және Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің «Казталов ауданының Жалпақтал аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны /Е.Рабаев келісім бойынша/ ауырған малдармен қарым-қатынаста болған адамдарды анықтап, тиісті шараларын алсын.