Құжат мәтініне өту

О создании государственного учреждения "Международный центр культур и религий Министерства юстиции Республики Казахстан"

Қаулы · № 785 · қабылданған 28.08.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-41340/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О создании государственного учреждения "Международный центр культур и религий Министерства юстиции Республики Казахстан" Қолданыста Қаулы ·№ 785 ·28.08.2008
31.12.2015 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании государственного учреждения "Международный центр культур и религий Министерства юстиции Республики Казахстан"

Қолданыста Қаулы ·№ 785 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании государственного учреждения "Международный центр культур и религий Министерства юстиции Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
785
Қабылданған күні
28.08.2008
Көрсетілген редакция
31.12.2015 AI41340_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000785_
ЭКБ идентификаторы
41340
Редакция идентификаторы
AI41340_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:55

0 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.

2

2. Мекеме қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасының конфессияаралық келісімді және Қазақстан халқының бірлігін халықаралық деңгейде нығайту жөніндегі бірегей тәжірибесін насихаттау, мәдениетаралық және конфессияаралық диалогтың халықаралық орталықтарының бірі ретінде Қазақстанның рөлін жаңа деңгейге ілгерілетуге жәрдемдесу, халықтың рухани жақындасуына бағытталған халықаралық ауқымдағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, мәдени және діни келісімді нығайту, мәдениет және дін саласындағы қатынастарды үйлестірудің халықаралық тәжірибесін зерделеу және қолдану, халықаралық мәдени және діни орталықтардың мемлекеттік органдармен және Қазақстанның азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып белгіленсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) мекеменің жарғысын бекітсін және әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4 4. Мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

5 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1 1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 37-жолмен толықтырылсын:
"37. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы" мемлекеттік мекемесі";

2 2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

3 3) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысында :

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
11-бөлімде:
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:" деген жолда 3-бағанда "30712" деген сандар "30762" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:" деген жолда 3-бағанда "26242" деген сандар "26292" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы 50".

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы