Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Мангистауской области

Қаулы · № 517 · қабылданған 14.07.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-41355/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений и признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Мангистауской области Күшін жойған Қаулы ·№ 517 ·14.07.2008
25.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Мангистауской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 517 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Мангистауской области
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу және кейбіреуінің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
517
Қабылданған күні
14.07.2008
Көрсетілген редакция
25.06.2012 41355_174519.kaz
Соңғы өзгеріс
25.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08M0002025
ЭКБ идентификаторы
41355
Редакция идентификаторы
41355_174519
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:06

0 Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу және кейбіреуінің күші жойылды деп тану туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы үкіметінің "Қазақстан Республикасы үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 20 наурыздағы N 276 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. алынып тасталды.

2

2. Маңғыстау облысы әкімдігінің "Маңғыстау облысының коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру Нұсқаулығын бекіту туралы" 2007 жылғы 12 маусымдағы № 165 қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде № 1973 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2007 жылғы 18 тамызда жарияланған) Маңғыстау облысы әкімдігінің "Облыс әкімиятының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 26 маусымдағы № 205 қаулысымен өзгерістер енгізілген, мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде № 1949 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2006 жылғы 15 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген, Маңғыстау облысының меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру Нұсқаулығында:
2 тараудың 11 тармағының 4) тармақшасынан басқа, бүкіл мәтін бойынша "Департамент", "Департаменттің", "Департаменттің", "кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің", "Департаментіне" деген сөздер тиісінше "Басқармасы", "Басқармасымен", "Басқарма", "кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы", "Басқармаға" деген сөздермен ауыстырылсын;

3

3. Маңғыстау облысы әкімдігінің "Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 27 маусымдағы № 205 қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде № 1949 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2006 жылғы 15 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
2 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 1 тармағының 5) тармақшасынан, 2 тармақтың 5) тармақшасынан басқа, бүкіл мәтін бойынша "Департамент", "Департаментінің", "кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің" деген сөздер тиісінше "басқарма", "басқармасының", "кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
бүкіл мәтін бойынша "Қағидасын", "Қағидасы" деген сөздер тиісінше "Нұсқаулық", "Нұсқаулықпен" деген сөздермен ауыстырылсын.

4 4. Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

Маңғыстау облысы әкімиятының "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың Ережесін бекіту туралы" (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде № 560 болып тіркелген) 2001 жылғы 20 қыркүйектегі № 35 қаулысы;
Маңғыстау облысы әкімиятының "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың Ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 қыркүйектегі № 35 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде № 882 болып тіркелген) 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 96 қаулысы.

5 5. Маңғыстау облысының қаржы басқармасы (М.Б. Әлібекова) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларын қабылдасын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. М. Әбдірахмановқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы