Құжат мәтініне өту

Об предоставлении единовременной социальной помощи медицинским работникам, прибывающим на постоянную работу в Тимирязевский район

Қаулы · № 246 · қабылданған 28.08.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-41417/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об предоставлении единовременной социальной помощи медицинским работникам, прибывающим на постоянную работу в Тимирязевский район Күшін жойған Қаулы ·№ 246 ·28.08.2008
14.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об предоставлении единовременной социальной помощи медицинским работникам, прибывающим на постоянную работу в Тимирязевский район

Күшін жойған Қаулы ·№ 246 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об предоставлении единовременной социальной помощи медицинским работникам, прибывающим на постоянную работу в Тимирязевский район
Атауы (қаз.)
Тимирязев ауданына тұрақты жұмысқа келген дәрігерлерге біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
246
Қабылданған күні
28.08.2008
Көрсетілген редакция
14.10.2011 41417_206885.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08SL000079
ЭКБ идентификаторы
41417
Редакция идентификаторы
41417_206885
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:55

0 Тимирязев ауданына тұрақты жұмысқа келген дәрігерлерге біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихаттың кезекті 5 сессиясының ««2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 4/1 сессиясының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»» 2008 жылғы 21 наурыздағы № 5/4 шешімін (2008 жылғы 19 сәуірде № 17 «Нива» газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13-12-60 тіркелген) шешімін іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Тимирязев ауданына тұрақты жұмысқа келген медициналық қызметкерлерге біржолғы әлеуметтік көмек төлеу мөлшері белгіленсін:

дәрігерлерге және жоғары медициналық оқу орындарының түлектеріне 200 000 (екі жүз мың) теңге;
орта медициналық қызметкерлерге және орта медициналық оқу орындарының түлектеріне 50 000 (елу мың) теңге;

2 2. «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі алушылардың жеке шоттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек төлеуді қамсыздандырсын.

3 3. "Тимирязев ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті қаржыландыруды аудан бюджетімен бекітілген 451- 007-000 бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат шегінде жүргізсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.В.Циммерманға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы