Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении размеров адресной социальной помощи и утверждении порядка назначения и выплаты адресной социальной помощи

Өзге акт · № 207 · қабылданған 12.09.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4143/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об установлении размеров адресной социальной помощи и утверждении порядка назначения и выплаты адресной социальной помощи Күшін жойған 12.09.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении размеров адресной социальной помощи и утверждении порядка назначения и выплаты адресной социальной помощи

Күшін жойған Өзге акт № 207 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размеров адресной социальной помощи и утверждении порядка назначения и выплаты адресной социальной помощи
Атауы (қаз.)
Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу және "Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу тәртібін" бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
207
Қабылданған күні
12.09.1999
Көрсетілген редакция
12.09.1999 4143_258114.kaz
Соңғы өзгеріс
12.09.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99N000117_
ЭКБ идентификаторы
4143
Редакция идентификаторы
4143_258114
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:55
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу және "Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу тәртібін" бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 13.06.2002 № 61 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджет жүйесі туралы" 3аңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 шілдедегі № 1036 "Атаулы әлеуметтік көмек керсетудің Уақытша ережелерін бекіту туралы" қаулысын орындауда ШЕШТIМ:

1. Облыстық қаржы басқармасы (М.А.Щеглова) 1999 жыл ішінде балалары бар отбасыларына 1996-1999 жылдары тағайыңдалған жәрдемақы бойынша несиегерлік берешекті өтесін.

2. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері төмендегідей белгіленсін:

1) Белгіленген тәртіп бойынша жұмыссыздық мәртебесін алғандарға материалдық көмек-1 айлық есепті көрсеткіш.

2) Жұмыссызды жерлеуге материалдық көмек - 10 еселік айлық есепті көрсеткіш.

3) Қосымша тіркелген "Атаулы әлеуметтік комекті тағайындау және төлеу тәртібі" бекітілсін.

4. Қала, аудан әкімдері бала туғанда және жұмыс істеген азаматтар қайтыс болғанда жерлеуге әлеуметтік көмектің, күнкөрістері төмен мөлшерін анықтап, тағайындау мен төлеуді жүзеге асырсын.

📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімінің 25.01.2000 № 16 шешімімен.

5. Осы шешім облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілсін.

6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасарлары С.Ш. Бектұрғановқа, С.А. Құламбаевқа жүктелсін.

9 Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ТӘРТIБI

Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 207 шешімімен бекітілген
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу
ТӘРТIБI
Осы Тәртіп 1993 жылғы 10 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабына сәйкес әзірленген.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Осы Тәртіп аз қамтылган мұқтаж азаматтарға әлеуметтік кемекті ұйымдастырудың ережелерін реттейді.

2. Әлеуметтік көмекті ұйымдастыру үшін еңбек, халыкты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың аудандық (қалалық) басқармалары

(бөлімдері) жанынан жергілікті өкілетті, атқарушы және басқа мемлекеттік органдары өкілдерінің арасынан арнаулы комиссиялар құрылады.

3. Арнаулы комиссиялар (бұдан әрі комиссиялар):

- азаматтардың көмек көрсету жөніндегі арыздарын қарайды;
- көмек сұраған отбасыларының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы мен қамтамасыз етілу деңгейін тексереді;
- әлеуметтік көмекті тағайындау және оның күшін жою туралы шешімдерді қабылдайды;
- туындайтын таластар мен жанжалдарды шешеді;

4. Жергілікті деңгейдегі әлеуметтік көмек арыздану нысанында болады және мынадай түрлерде ұсынылады:

- бекітілген тәртіппен жұмыссыз мәртебесіне ие болған азаматтарға материалдық көмек;
- тұрғын үйлік көмек;
- жұмыс істеген азаматтарды жерлеу үшін әлеуметтік көмек, жұмыссыздарды жерлеуге материалдық көмек;
-баланың туғанына әлеуметтік көмек;
Корсетілген әлеуметтік көмек түрлері (
тұрғын үй көмегінен басқа) ақшалай немесе заттай корсетіле алады.
Қалалар және аудандар әкімдері, сондай-ақ отбасыларының нақты мұқтаждарына (киім-кешек, ыдыс-аяқ, дәрі-дәрмек, отын) мақсатты жәрдем корсете алады.
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімінің 25.01.2000 № 16 шешімімен.

5. Әлеуметтік көмектің барлық түрлерін көрсеткен кезде, жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге көмек және жұмыссыздарды жерлеуге материалдық көмектен баска, оның негізіне отбасының Еңбек және халықты қорғау министірлігінің 1998 жылғы 5 наурыздағы 3 бұйрығымен енгізілген өзгертулер мен толықтыруларын ескере отырып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі 2 Бұйрығымен

бекітілген жиынтық табысты есептеу тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес есептелген, жиынтық табысы алынады.

6. Арызданушы азаматтар түсірген ақпараттарының шынайылығына толық жауапкершілікті мойындарына алады. Төлемдер жүргізілгеннен кейін қандай да болмасын бұрмаушылықтар анықталса немесе мәліметтер нақты болмаса заңсыз төленген сомалар, қолданылып жүрген заңдармен анықталған тәртіппен, кінәлі адамдардан өндіріліп алынады.

II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ

1. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы арызды оны алуға құқы бар адам әлеуметтік көмектің түріне байланысты сәйкесті құжаттарын қоса берген жағдайда түсереді.

2. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін берілген құжаттарды қарау құжаттар түскен күннен бастап 10-күндік мерзім аралығында жүзеге асырылады.

3. Әлеуметтік көмекті тағайындауға дәлелді бас тарту болган жағдайда комиссия арызданушыға жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

4. Комиссиясының шешімі сот тәртібімен шағым беру арқылы бұзыла алады.

III. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕККЕ ТӨЛЕМ ТӨЛЕУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ҚАРЖЫ

1. Әлеуметтік көмекке төлем төлеу жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылады.

Облыстық бюджеттің шығыстарында жұмыссыздарға материалдық көмекке және жұмыссыздарды жерлеуге төлем төлеуге ассигнования қарастырылады. Тұрғын үй жәрдемақысын, бала тууына әлеуметтік көмекке, жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге төлем төлеуге арналған ассигнования аудандар мен қалалар бюджеттерінің шығыстарында қарастырылған.

2. Әлеуметтік көмекке төлем "Республикалық бюджет туралы" Занда бекітілген айлық есептеу көрсеткіші мөлшерінің өзгеруін есепке ала отырып сәйкесті жылға төленеді.

3. Әлеуметтік көмек төлемі "Казақстан Халықтың Банкі" ААҚ филиалдары және олардың құрылымдық бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.

iv ІҮ. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТҮРЛЕРІ

1

1. Жұмыссыздарға көрсетілетін материалдық көмек

1) Жұмыссыздарға арналған материалдық көмек белгіленген тәртіппен жұмыссыз мәртебесін алған, кәсіби даярлықпен, біліктілгін жетілдірумен, қоғамдык, жұмыстармен айналаспайтын және отбасының жиынтық табысы отбасының әр мүшесіне шакқанда екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын азамаггарға көрсетіледі.

Материалдық көмек алып отырған жұмыссыз кәсіби окуға немесе қоғамдық жұмысқа жіберілген, жағдайда материалдық көмек көрсету оқу немесе жұмыс бастаған күнінен бастап, жұмыссыз адам есептен шығарылмаса да, тоқтатылады.
Материалдық көмек көрсетудін жалпы мерзімі 12-айлық кезең ішінде алты айдан аспауға тиіс.

2) Жұмыссыздарға материалдық көмек үстіміздегі айда өткен айға төлейтіндей болып үш айда бір рет тағайындалады.

Әлеуметтік көмектің бұл түрін есептеу арыз берілген айдан бастап жүргізіледі. Егер арызданушы арыз берген айдан бастап жұмыссыз деп танылған болса, онда материалдық көмекті есептеу ол жұмыссыз деп танылған күнтізбелік күндер бойынша жүргізіледі.

3) Жұмыссыздарға материалдық көмек ай сайын төленеді.

2

2. Баланың туылуына арналған әлеуметтік көмек

1) Баланың туылуына арналған әлеуметтік көмек отбасындағы орташа жан басына шакқандағы айлық жиынтық табыс екі еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаған жағдайда көрсетіледі.

2) 2 және одан көп балалар туылған жағдайда әлеуметтік көмек әр балаға бөлек төленеді.

3) Бала өлі туылған жағдайда әлеуметтік көмек ретінде төлем төлеу жүргізілмейді.

4) Әлеуметтік көмек ретінде төлем төлеу оны сұрау бала туылғаннан кейінгі алты айдан кешіктірілмей берілсе жүзеге асырылады.

3 З. Жұмыс істеп жүрген азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек, жұмыссыздарды жерлеуге материалдық көмек көрсету

1) Жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге төленетін әлеуметтік көмек көз жұмған кезге дейін жұмыс істеп келіп қайтыс болған адамға төленеді. Жұмыссыздарды жерлеуге төленетін материалдық көмек ресми түрде жұмыссыз деген мәртебесі бар қайтыс болған адамға төленеді.

2) Жұмыс істеп жүріп қайтыс болған азаматты жерлеуге арналған әлеуметтік көмек және жұмыссыздарды жерлеуге арналған материалдық көмек отбасының табысына қарамастан беріледі.

3) Көрсетілген әлеуметтік көмек түрлерін төлеу өлген адамның отбасы мүшелеріне беріледі. Егер азаматты жерлеуді оның отбасының мүшелері болып табылмайтын кісілер жүзеге асырса, төлем сол кісілерге төленеді. Әлеуметтік көмек оны қайтыс болғаннан кейін алты ай өтпей тұрып сұраса төленеді.

4. Тұрғын үйлік көмек.

📌 Ескерту. 4 бөлім жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімінің 25.01.2000 № 16 шешімімен.
Тұрғын үйлік көмек аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке меншік тұрғын үйден басқа) және коммуналдық қызметке ақы төлеуге беріледі. Тұрғын үйлік көмек бір жерде тұрғылықты тұратын, тұрғын үйді меншіктенуші әйтпесе жалдаушы болып табылатын адамға беріледі. Тұрғын үйлік көмектің мөлшері мен беру тәртібін жергілікті өкілетті органдар анықтайды.

v Ү. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан және төлем төлеуден бас тарту

1) Комиссия әлеуметтік көмекті алуға құқын растайтын құжаттарды бермеген немесе жалған мәліметтері бар құжаттарды берген адамдарға әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартады.

2) Әлеуметтік көмекті төлеу оны тағайындау үшін негіз жоғалған жағдайда немесе алушы қайтыс болған күннен бастап тоқтатылады.