Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О "Положении о порядке взимания платы за размещение рекламно-информационной продукции в городе Алматы"

Қаулы · № 872 · қабылданған 20.09.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4145/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О "Положении о порядке взимания платы за размещение рекламно-информационной продукции в городе Алматы" Күшін жойған 20.09.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О "Положении о порядке взимания платы за размещение рекламно-информационной продукции в городе Алматы"

Күшін жойған Қаулы № 872 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О "Положении о порядке взимания платы за размещение рекламно-информационной продукции в городе Алматы"
Атауы (қаз.)
"Алматы қаласында жарнама-ақпарат" өнiмдерiн орналастырғандығы үшiн алынатын төлем тәртiбi жөнiндегi Ереже туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
872
Қабылданған күні
20.09.1999
Көрсетілген редакция
20.09.1999 4145_235646.kaz
Соңғы өзгеріс
20.09.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99R000073_
ЭКБ идентификаторы
4145
Редакция идентификаторы
4145_235646
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:55
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Алматы қаласында жарнама-ақпарат" өнiмдерiн орналастырғандығы үшiн алынатын төлем тәртiбi жөнiндегi Ереже туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 11.10.2004 № 4/828 қаулысымен.
Сыртқы жарнама мен көрнекi ақпарат объектiлерiн орналастыруды, жарнама қызметiнен түскен қаражатты бақылауды реттеу мақсатында I сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1998 жылғы 30 қыркүйектегi " Алматы қаласында жарнама-ақпарат өнiмдерiн орналастыру тәртiбiн бекiту туралы" ХХII сессиясының және Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 567 шешiмдерi негiзiнде Алматы қаласының Әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ :

1. Бекiтiлсiн:

1.1. Алматы қаласында жарнама-ақпарат өнiмдерiн орналастырғандығы үшiн алынатын төлем тәртiбi туралы Ереже (N 1 қосымша).

1.2. Сыртқы жарнама және көрнекi ақпарат объектiлерiн орналастырғандығы, жарнама орындарын бергендiгi үшiн ай сайынғы төлем мен рұқсат бергендiгi үшiн бiр жолғы төлемнiң ставкаларының көлемi (N 2 қосымша).

1.3. Алматы қаласының негiзгi алаңдары мен магистральдарының тiзбесi (N 3 қосымша).

2. Осы шешiмнiң 1-тармағына сәйкес жарнама берушiлерден алынатын қаражатты бөлудiң төмендегi тәртiбi бекiтiлсiн:

- 60%-i қалалық бюджетке;
- 40%-i "Алматыжарнама" КМК ұстауға, қаржыландыру мен дамытуға.

3. "Алматыжарнама" КМК (М.Ерман):

- қаражатты аударуды ай сайын есеп беруден кейiнгi келесi айдың 10-шы жұлдызына дейiн жүргiзсiн.
- қалалық қаржы басқармасына түскен және аударылған қаражат туралы ай сайынғы есептi тапсыруды қамтамасыз етсiн.
- "Жарнама" Алматы қалалық қоғамдық қорының материалдық базасын дамытуды қарастырсын.

4. Күшi жойылған деп танылсын:

"Алматы қаласы Әкiмiнiң 9.12.94 ж. N 435 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Алматы қаласы Әкiмiнiң 2.10.95 ж. № 215 қаулысы.

5. Осы шешiмнiң»орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары Ә.Ж. Ыбыраевқа жүктелсiн.

9 ЕРЕЖЕ

Алматы қаласы Әкiмiнiң
1999 жылғы 21 қыркүйектегі
N 872 шешiмiне
N 1 қосымша
Алматы қаласында жарнама-ақпарат өнiмдерiн
орналастыру үшiн алынатын төлем тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже Алматы қаласының аумағында жарнама-ақпарат өнiмдерiн орналастырғаны үшiн төлем түрiнде түсетiн қаражатты алу тәртiбiн реттейдi.

2. Өкiлеттi орган - жергiлiктi атқарушы билiк белгiлейтiн, оның мүддесiн Алматы қаласындағы көрнекi ақпарат пен жарнама саласында бiлдiретiн орган.

3. Алматы қаласында жарнама-ақпарат өнiмдерiн орналастырғаны үшiн төлем - Алматы қаласының аумағында өзiнiң жарнама ақпарат өнiмдерiн тарату үшiн жарнама берушiлер төлейтiн алым.

II. Жарнама ақпарат орналастырғандығы үшiн төлем көлемi

4. Жарнама ақпарат өнiмдерiн орналастырғандығы үшiн төлем бекiтiлген ставкалар бойынша ай сайынғы алымдар мен бiр жолғы алым түрiнде алынады.

5. Алымды өкiлеттi орган - "Алматыжарнама" КМҚК жүргiзедi.

6. Жарнама берушiлер алымды жарнама ақпарат өнiмдерiн орналастыруға рұқсат алғанға дейiн енгiзедi.

7. Егер жарнама берушi жарнаманы оны орналастыру мерзiмi аяқталғанға дейiн орналастырмаса, алымды қайтару немесе қайта есептеу жүргiзiлмейдi.

III. Алматы қаласының аумағында жарнама-ақпарат өнiмдерiн орналастырғандығы үшiн төленетiн алым үшiн жауапкершiлiк және бақылау

8. Жергiлiктi бюджетке төленетiн алым сомасын дұрыс, толық және өз уақытында аудару үшiн жауапкершiлiк өкiлеттi органға жүктеледi.

9. Жергiлiктi бюджетке аударуға тиiс, белгiленген мерзiмге енгiзiлмеген соманы салық қызметтерi Қазақстан Республикасының заңында қарастырылған санкцияларды қолдану арқылы өндiредi.

22 Алматы қаласы Әкiмiнiң

1999 жылғы 21 қыркүйектегі
N 872 шешiмiне
N 2 қосымша
Сыртқы жарнама және көрнекi ақпарат объектiлерiн
орналастырғандығы, жарнама орындарын бергендiгi үшiн
ай сайынғы төлемдер мен рұқсат бергендiгi үшiн бiр
жолғы төлемдердiң ставкалары
(айлық есептемелiк көрсеткiштер бойынша)
Жарнама түрі
Төлем ставкалары
Ай сайын
Бір жолғы төлем
"А" категориясы
"В" категориясы
"С" категориясы
1. Көлемi 2 ш.м дейiнгi көрсеткiштер, маңдайшалар, ақпарат қалқаны
1.1. Лайтбокстар
3
6
2
3
1
2
4
5
2. Көлемi 2-ден 5 ш.м дейiнгi жарнама қалқаны
10
5
3
4
3. Көлемi 5-тен 10 ш.м дейiнгi жарнама қалқаны
20
10
6
4
4. Көлемi 10-нан 20 ш.м дейiнгi жарнама қалқаны
4.1. Қабырғалық және төбеге орнатылатын жарнама қалқаны
40
40
20
20
10
10
4
6
5. Көлемi 20-дан 30 ш.м дейiнгi жарнама қалқаны (жердегi)
5.1. Қабырғалық және төбеге орнатылатын жарнама қалқаны
60
60
30
30
15
15
4
6
6. Көлемi 30 ш.м-дан жоғары жарнама қалқаны (жердегi)
6.1. Қабырғалық және төбеге орнатылатын жарнама қалқаны
100
100
50
50
25
25
4
6
7. Уақытша үлгiдегi
дүңгiршектер мен павильондардағы жарнама
3
2
2
3
8. Жолаушылар көлiгi
құралдарындағы жарнама(автобустар, троллейбустар, трамвайлар)
8.1. Шағын автобустар,таксилер
15
5
15
5
15
5
3
3
Ескертпе: 1. Ставкалар бюджеттiк ұйымдар үшiн 30%-ке дейiн, отандық тауар өндiрушiлер мен бiрлескен өндiрiстiк кәсiпорындар үшiн 20%-ке дейiн төмендетуi мүмкiн. 2. Жеке меншiктегi объектiлер мен жерлердегi бiр жолғы төлем жарнама-ақпарат өнiмiнiң түрi мен көлемiне байланысты 10-20 АЕК құрайды. 3. Темекi бұйымдары мен алкоголь бұйымдарының жарнамасы үшiн бiр жолғы төлем ставкасы ай сайынғы жалақының көлемiне орайлас, алайда (тiркелген сауда маркаларын, логотиптер мен брэндiлердi қоса алғанда) 40 АЕК-тен аспайды.

23 ТIЗБЕСI

Алматы қаласы Әкiмiнiң
1999 жылғы 21 қыркүйектегі
N 872 шешiмiне
N 3 қосымша
Категориялар бойынша Алматы қаласының негiзгi
алаңдары мен магистральдарының
ТIЗБЕСI
"А" Категориясы: Абай д., Әл-Фараби д., Абылай хан д., Достық д., Фурманов к., Астана алаңы, Республика алаңы, Сәтпаев д., Қонаев к., Сүйiнбай д., Сайын д., Сейфуллин к., Қажымұқан к., Байтұрсынов к., Достық-Әл-Фараби зәулiм жолы, Алтынсарин к., Райымбек д., Рысқұлов д., Желтоқсан к., Гоголь к., Жiбек жолы к., Төле би к., Қабанбай батыр к., Мақатаев к., Б.Майлин к., Мате Залка к., Гагарин д., Б.Хмельницкий к., Солтүстiк шеңбер, "Медеу" СК, "Медеуге" баратын жол, Әуежай, Авто және темiржол бекеттерi, Розыбақиев к., Ш.Қалдаяқов к., Наурызбай батыр к., қаланың кiре берiстерi мен шыға берiстерi, Тимирязев к., Б.Момышұлы к., Спорт шаралары мен мәдени бұқаралық демалыс орындары, Жандосов к., Масанчи к., Мәметова к., Құрманғазы к., Т.Өзал к.
"В" Категориясы: Әуезов к., Бөгенбай батыр к., Марков к., Шаляпин к., Манас к., С.Ковалевская к., Навои к., Мұстафин к., Шемякин к., "Алмагүл" ықау., "Қазақфильм" ықау., "Айнабұлақ" ықау., Байзақов к., Щепкин к., Жароков к., Қазбек би к., Әйтеке би к., Мұқанов к., Фрунзе к., "Орбита" ықау., Панфилов к., Жансүгiров к., Пушкин к., Айманов к., Жамбыл к., Шәрiпов к., Қожамқұлов к., Қарасай батыр к., "Айнабұлақ" ықау., Шевченко к.
"С" Категориясы: "А" және "В" категорияларына енбеген барлық басқа магистральдар, алаңдар мен көшелер.