О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1450
- Қабылданған күні
- 31.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2014 AI41488_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400001450
- ЭКБ идентификаторы
- 41488
- Редакция идентификаторы
- AI41488_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:07
0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 159-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Республикалық мемлекеттік мекеме – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» құрылсын.
2 2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру 2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3 3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң республикалық мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң аумақтық органдары – мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1450 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі