Об оказании материальной помощи семьям, имеющим детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании материальной помощи семьям, имеющим детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому
- Атауы (қаз.)
- Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 212
- Қабылданған күні
- 14.08.2008
- Көрсетілген редакция
- 05.07.2012 AI41507_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08NL000082
- ЭКБ идентификаторы
- 41507
- Редакция идентификаторы
- AI41507_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:58
0 Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 29 бабының 7 тармағына, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 128 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету Стандартын бекіту туралы" қаулысына, Қарабалық аудандық мәслихатының 2008 жылғы 18 шілдедегі № 90 "Қарабалық аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 "2008 жылға арналған Қарабалық ауданының аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" шешіміне сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында үйде тәрбиеленетін және мүгедек балалары бар отбасыларына тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген алты еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек белгіленсін (әрі қарай-материалдық көмек).
2 2. Материалдық көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушының дербес шотына ақша қаражатты аудару жолымен уәкілетті органның тізімі бойынша жүргізіледі.
3 3. Әлеуметтік көмектің қаржыландыру "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша іске асырылсын.
4
4. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 1 ақпандағы № 54 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы", 2007 жылғы 21 ақпандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі № 9-12-34, ақпараттық бюллетенінде 2007 жылдың 15 наурызында № 4 жарияланған қаулының күші жойылды деп есептелсін.