Құжат мәтініне өту

О Правилах оказания социальной помощи нуждающимся гражданам, больным активным туберкулезом

Ереже · № 114/18-IV · қабылданған 09.07.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-41557/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О Правилах оказания социальной помощи нуждающимся гражданам, больным активным туберкулезом Күшін жойған Ереже ·№ 114/18-IV ·09.07.2008
27.06.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О Правилах оказания социальной помощи нуждающимся гражданам, больным активным туберкулезом

Күшін жойған Ереже ·№ 114/18-IV · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О Правилах оказания социальной помощи нуждающимся гражданам, больным активным туберкулезом
Атауы (қаз.)
Белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
114/18-IV
Қабылданған күні
09.07.2008
Көрсетілген редакция
27.06.2014 AI41557_9.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08A000540_
ЭКБ идентификаторы
41557
Редакция идентификаторы
AI41557_9
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:08

0 Белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік  Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңының 8 бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса берілген белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.

2 Белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету қағидасы

2. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін Қағиданың 6 тармағының 2) тармақшасынан басқа, осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Астана қаласы
мәслихатының сессия төрағасы                    С.Богатырев
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы                            В.Редкокашин
Астана қаласы мәслихатының
2008 жылғы 09 шілдедегі
N 114/18-IV шешімімен
бекітілген
Белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету қағидасы
Осы белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету қағидасы белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарды әлеуметтік қолдаудың бір түрі болып табылады.

1 1. Жалпы қағидалар

1

1. Белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек (бұдан әрі - Әлеуметтік көмек) "Астана қаласының Туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - Туберкулезге қарсы диспансер) диспансерлік есепте тұратын, Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға беріледі.
Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі мен түрлері осы Қағидамен белгіленеді.

2 2. Астана қаласының бюджеті Әлеуметтік көмекті қаржыландырудың көзі болып табылады.

3

3. Әлеуметтік көмек әкімшісі "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Әкімші) болып табылатын және осы мақсатқа қала бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде тиісті қаржылық жылға "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасына сәйкес (бұдан әрі - Бағдарлама) беріледі.

4

4. Әкімші бағдарламаны іске асыру мақсатында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларға сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің түрлері бойынша қызмет жеткізушілерді (бұдан әрі - Жеткізушілер) анықтайды, тараптардың міндеттері мен оларды орындаудың шарттары айтылатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалады.

5 5. Әлеуметтік көмекті беру Әлеуметтік көмек алушы Астана қаласында тіркеуден шыққан жағдайда немесе қайтыс болғанда осы айғақтар анықталған айдан бастап тоқтатылады.

2 2. Әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі

6 6. Әлеуметтік көмек:

1 1) қалалық жолаушылар көлігінде белгіленген үлгідегі ай сайынғы жол жүру билеттері (бұдан әрі - жол жүру билеті):

2 2) азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз ету түрінде ұсынылады.

7 7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін Туберкулезге қарсы диспансері ай сайын көмектің түрін көрсетіп Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың тізімін (бұдан әрі - Тізім) жасайды.

Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар деп Астана қаласының Туберкулезге қарсы диспансерінде диспансерлік есепте тұрған және амбулаторлық емделудегі азаматтар деп танылсын.

8 8. алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 2009.09.18  N 249/38-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

9 9. Әкімші "Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен Туберкулезге қарсы диспансерімен бірлесіп жыл сайын Әлеуметтік көмек көрсету үшін азық-түлік жиынтығының тізімін жасайды.

10 10. Туберкулезге қарсы диспансер ай сайын 1-не дейін Жеткізушілерден жол жүру билеттері мен азық-түлік жиынтығын қабылдауды жүзеге асырады.

11 11. Жол жүру билеттері мен азық-түлік жиынтығын беру Тізімге сәйкес ай сайын әр айдың 3-нен кешіктірмей алушының жеке қолымен Туберкулезге қарсы диспансері жүзеге асырады.

12 12. Егер Тізімге енгізілген Әлеуметтік көмек алушы дәлелді себептер бойынша ағымдағы жылы Әлеуметтік көмекті алмаған жағдайда, Әлеуметтік көмек келесі айда беріледі.

13 13. Әлеуметтік көмек алушы жол жүру билетін жоғалтқан жағдайда, Туберкулезге қарсы диспансері тиісті акті жасап, оның көшірмесін әкімшіге ұсынады.

14 14. Пайдаланған жол жүру билеттері үш жыл ішінде Туберкулезге қарсы диспансер де сақталады.

15

15. Туберкулезге қарсы диспансері ай сайын есепті келесі айдың 3-не дейін Әкімшіге Денсаулық сақтау басқармасымен келісілген, алушының тегі, аты, әкесінің атын, жеке куәлігінің (паспорттың) нөмірін, тіркелімі және нақты тұрып жатқан жері бойынша мекен-жайын, байланыс телефонын, пайдаланған жол жүру билетінің нөмірі мен Әлеуметтік көмек алу туралы белгісін көрсетіп Әлеуметтік көмек алушылардың тізімін ұсынады.

Қолданыстағы