Құжат мәтініне өту

О некоторых мерах по реализации международной стипендии "Болашак"

Бұйрық · № 424 · қабылданған 18.07.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-41609/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О некоторых мерах по реализации международной стипендии "Болашак" Күшін жойған Бұйрық ·№ 424 ·18.07.2008
19.05.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых мерах по реализации международной стипендии "Болашак"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 424 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых мерах по реализации международной стипендии "Болашак"
Атауы (қаз.)
"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
424
Қабылданған күні
18.07.2008
Көрсетілген редакция
19.05.2009 AI41609_4.kaz
Соңғы өзгеріс
19.05.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005288_
ЭКБ идентификаторы
41609
Редакция идентификаторы
AI41609_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:04

0 "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы

"Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 573 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді конкурстық іріктеуді өткізу жөніндегі нұсқаулық;

2 2) Академиялық бағдарлама бойынша оқу және ғылыми тағылымдамадан өту үшін тәуелсіз сараптама комиссиясының "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлермен жеке әңгімелесу парағы бекітілсін.

2 2. Дамыту стратегиясы департаменті (С. Ырсалиев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

0 "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді конкурстық іріктеуді өткізу жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің м.а.
2008 жылғы 18 шілдедегі
N 424 бұйрығымен
бекітілген
"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді конкурстық іріктеуді өткізу жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Нұсқаулық "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлерді (бұдан әрі – үміткерлер) конкурстық іріктеуді өткізуді нақтылайды.

2 2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясына конкурс (бұдан әрі – Конкурс) үш турдан тұрады.

Бірінші тур мына кезеңдерді: шет тілін білу деңгейін анықтауға арналған тестілеуді (бұдан әрі – тілдік тестілеу), мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтауға арналған тестілеуді (бұдан әрі – мемлекеттік тіл бойынша тестілеу) өткізуді, шетелдік оқу орындарының талабы бойынша пәндік емтихандарды (бұдан әрі – пәндік емтихандар), үміткерлердің шетелде оқуға және тұруға қабілеттерін психологиялық диагностикалауды (бұдан әрі – психологиялық тестілеу) қамтиды.
Екінші тур үміткердің тәуелсіз сараптама комиссиясының (бұдан әрі – ТСК) мүшелерімен жеке әңгімелесуін қамтиды.
Үшінші тур Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның үміткерлердің материалдарын қарастыруын қамтиды.

3 3. Үміткерлерге арналған Конкурстың турлары мен кезеңдері шетелдік және отандық ұйымдардың, Республикалық комиссияның жұмыс органының (бұдан әрі – Жұмыс органы) келісімі бойынша "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ (бұдан әрі – Қоғам) бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.

4 4. Конкурстың бір турының (кезеңінің) қорытындылары бойынша жіберілмеген үміткерлердің құжаттары Қоғам мұрағатына тапсырылады және үміткердің өтініші бойынша қайтарылады.

5 5. Құжаттары Конкурс турларының (кезеңдерінің) қорытындылары бойынша жіберілмеген үміткерлер Конкурсқа одан әрі қатысуға жіберілмейді.

6

6. Бірінші турдың әрбір кезеңі бойынша дербес қорытындыны Қоғам алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбе күні ішінде үміткерге нәтижелері және Конкурсқа одан әрі қатысуға жіберілу немесе жіберілмеу себептері көрсетілген жазбаша хабарлама жіберіледі. Көрсетілген нәтижелер Қоғамның ресми веб-сайтында жарияланады.

2 2. Шет тілін білу деңгейін анықтауға арналған тестілеуді өткізуді

7 7. Тілдік тестілеуді өткізуді шет тілі деңгейін анықтайтын шетелдік ұйымдар (бұдан әрі – Тілдік тестілеуді өткізу ұйымы) жүзеге асырады.

8 8. Үміткерлер үшін шет тілін білудің қажетті ең төменгі деңгейін шетелдік жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтардың, зертханалардың талаптарын ескере отырып, Жұмыс органы анықтайды.

9 9. Өткізілетін тілдік сынақтың түріне сәйкес Қоғам үміткерлердің тізімін жасайды, тізімді Тілдік тестілеуді өткізу ұйымына арнайы жолдайды.

10 10. Қоғам тілдік тестілеудің өткізілетін уақыты мен орнын белгілейді және үміткерлерге тілдік тестілеуді өткізудің күні мен уақыты туралы өткізілуіне дейін 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлайды.

11 11. Шет тілін білу деңгейін анықтау бойынша тестілеуден Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 573 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесінде көрсетілген адамдар босатылады.

12 12. Тілдік тестілеу осы Нұсқаулықтың 8-тармағына сәйкес бекітілген шет тілін білудің қажетті ең төменгі деңгейіне сәйкес ресми және ресми емес тілдік тестілеу бойынша жүргізілуі мүмкін.

13 13. Тілдік тестілеу қорытындылары бойынша Тілдік тестілеуді өткізу ұйымы Қоғамға ресми түрде нәтижелерді ұсынады.

14 14. Тілдік тестілеудің нәтижелері ең төменгі өту балдарына сәйкес келетін үміткерлер мемлекеттік тіл бойынша тестілеуге жіберіледі.

3 3. Мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтауға арналған тестілеуді өткізу

15 15. Мемлекеттік тіл бойынша тестілеуді өткізуді қызметінің негізгі бағыттарының бірі тестілеулер өткізу, оның ішінде мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау болып табылатын ұйым (бұдан әрі – Мемлекеттік тіл бойынша тестілеуді өткізу ұйымы) жүзеге асырады.

16 16. Үміткерлерге арналған мемлекеттік тілді білудің қажетті ең төменгі деңгейін Жұмыс органы бекітеді.

17 17. Қоғам Мемлекеттік тіл бойынша тестілеуді өткізудің орны мен уақытын белгілейді және үміткерлерге өткізілетін тестілеу жөнінде кем дегенде 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын хабарлайды.

18 18. Тестілеудің қорытындылары бойынша Мемлекеттік тіл бойынша тестілеуді өткізу ұйымы Қоғамға пәндік емтихандардың нәтижелерін ұсынады.

19 19. Мемлекеттік тіл бойынша тестілеу нәтижелері ең төменгі өту балдарына сәйкес келген үміткерлер психологиялық тестілеуге жіберіледі.

4 4. Шетелдің жоғары оқу орындарының талаптары бойынша пәндік емтихандарды өткізу

20 20. Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында білім алуға үміткерлерге тілдік тестілеудің орнына таңдап алынған мамандығына сәйкес пәндік емтихандар өткізіледі.

21 21. Пәндік емтихандарды өткізуді құрамына Ресей Федерациясының білім беру саласындағы уәкілетті органдарының өкілдері немесе Ресей Жоғары оқу орындарының оқытушылары кіретін Бірыңғай көшпелі алқалық комиссия (БКАК) жүзеге асырады, ол пәндік емтихандардың өткізілуіне 30 күн қалғанда құрылады.

22 22. Үміткерлерге пәндік емтихандар қорытындылары бойынша қажетті ең төменгі деңгейді Ресей Федерациясының білім беру саласындағы уәкілетті органдарының ұсыныстарына сәйкес жұмыс тобы анықтайды.

23 23. Қоғам мамандығы және оқу бағдарламасын көрсетете отырып, Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлердің тізімін жасайды және бұл тізімді пәндік емтихандардың өткізілуінен 20 күн бұрын БКАК мүшелеріне жолдайды.

24 24. Қоғам пәндік емтихандардың өткізілуінен кем дегенде 5 күнтізбелік күн бұрын үміткерлерге емтихандардың өткізілетін орны мен уақытын хабарлайды.

25 25. Пәндік емтихан нәтижелері ең төменгі өту балдарына сәйкес келген үміткерлер мемлекеттік тіл бойынша емтиханға жіберіледі.

5 5. Үміткерлердің шетелде оқуға және тұруға қабілеттерінің психологиялық диагностикасын жүргізу

26 26. Үміткерлерді психологиялық тестілеуді қызметінің негізгі бағыттарының бірі тестілеу өткізу, оның ішінде психологиялық тестілеу өткізу болып табылатын жеке және/немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі - психологиялық тестілеу өткізетін адам) жүзеге асырады.

27 27. Психологиялық тестілеуді өткізу ұйымы үміткерлердің шетелде оқуға және тұруға психологиялық дайындық деңгейін анықтау мақсатында психологиялық тестілеуді өткізеді.

28 28. Қоғам үміткерлердің тізімін жасайды, оларға кодтар белгілейді және оны Психологиялық тестілеуді өткізу ұйымына психологиялық тестілеу өткізуге дейінгі 1 (бір) күн бұрын ұсынады.

29 29. Қоғам психологиялық тестілеу жүргізетін орын мен уақытты белгілейді және үміткерлерге өткізілетін тестілеу туралы кем дегенде 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын хабарлайды.

30 30. Психологиялық тестілеуді өткізгеннен кейін Психологиялық тестілеуді өткізу ұйымы әр үміткер үшін жеке (дербес) қорытындылар мен ұсынымдар дайындайды және оны Қоғамға ұсынады.

31 31. Жеке (дербес) қорытындылар үміткердің психологиялық диагностикасының нәтижелерін, ақыл-ойының даму деңгейін, коммуникативтік, эмоциялық-еріктік жеке сипаттамаларын анықтауды қамтиды.

32 32. Психологиялық тестілеуді өткізу ұйымының шетелде оқуға және тұруға ұсынған үміткерлері тәуелсіз сараптама комиссия мүшелерімен жеке сұхбаттасуға жіберіледі.

6 6. Үміткерлердің тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке әңгімелесуін жүргізу

33 33. Үміткерлермен жеке әңгімелесуді ТСК мүшелері үміткердің кәсіби дайындық деңгейін, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан тарихын, мемлекеттік рәміздерді білуін, сондай-ақ үміткердің оқудың/ғылыми тағылымдаманың таңдалған бағыты бойынша дайындығын анықтау мақсатында жүргізеді.

34 34. Қоғам жеке әңгімелесуге жіберілетін үміткерлердің тізімін жасайды, үміткерлерге өткізілетін әңгімелесу жөнінде кем дегенде 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын хабарлайды және ТСК отырысына материалдар дайындайды.

35 35. Қоғам Жұмыс органына ТСК мүшелерімен жеке әңгімелесуге жіберу үшін үміткерлердің (оқудың/ғылыми тағылымдаманың таңдалған бағыты және оқитын елі бойынша бөле отырып) бастапқы тізімін ТСК отырысы өткізілетін күннен кем дегенде 3 (үш) күн бұрын ұсынады.

36 36. ТСК құрамын оқудың немесе ғылыми тағылымдаманың бағыты бойынша топтарға бөле отырып, Жұмыс органы бекітеді.

37 37. ТСК құрамына мыналар кіреді :

Республикалы қ комиссияны ң бір немесе бірнеше м ү шесі (келісім бойынша);
Жұмыс органының өкілдері ;
бейінді мемлекеттік органдарды ң басшы құ рамынан жеке салалар бойынша сарапшылар (келісім бойынша);
Қ аза қ стан Республикасыны ң жо ғ ары о қ у орындарынан,
ғ ылыми-зерттеу институттарынан ж ә не бас қ а да арнайы мекемелерден сарапшылар (келісім бойынша);
шет тілін білу де ң гейін аны қ тайтын шетелдік ұ йымдарды ң ө кілдері (келісім бойынша);
Қоғамның өкілі.

38 38. ТСК хатшысы Қоғам қызметкерлері арасынан ағайындалады.

39 39. ТСК отырысы кезінде әрбір ТСК мүшесіне Жұмыс органы бекіткен нысан бойынша жеке әңгімелесу парағы беріледі.

40 40. ТСК отырысы кезінде ТСК мүшелеріне танысу үшін үміткердің жеке іс парағы және конкурстың бірінші турыны ң н ә тижелері беріледі.

41 41. Үміткерге сұрақтар мемлекеттік және орыс тілдерінде немесе оқитын елінің тілінде қойылуы мүмкін.

42 42. Әрбір ТСК мүшесі үміткердің сұрақтарға берілген жауаптарын ескере отырып, қойылған сұрақтардың әрбір блогы бойынша жеке әңгімелесу парағына бағалар қояды.

43 43. Үміткерлердің ТСК мүшелерімен жеке әңгімелесуін бағалау 5 балдық жүйе бойынша жүргізіледі.

44 44. Әрбір үміткер бойынша ТСК мүшелерінің шешімі сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең түскен кезде ТСК төрағасының немесе, ол болмағанда, төраға орынбасарының дауысы шешуші болып табылады.

45 45. ТСК мүшелерінің шешімі:

1 1) отырыс өткізілген күнді, уақытты және орынды;

2 2) отырысқа қатысушы тұлғалар туралы мәліметті;

3 3) қабылданған шешімдерді (жеке әңгімелесу бағасының және дауыс берудің нәтижелерін) қамтитын хаттамамен ресімделеді.

46 46. Отырыс өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ТСК отырысының хаттамасына ТСК төрағасы және ТСК хатшысы қол қояды.

47 47. ТСК отырысының хаттамалары ТСК хатшысында сақталады.

48 48. Жеке әңгімелесуді бағалау парағы үміткердің жеке іс парағында сақталады.

49 49. ТСК мүшелерімен әңгімелесу нәтижелері бойынша Қоғам ТСК-ның барлық мүшелерінің жеке бағаларын және әрбір үміткер бойынша ТСК мүшелері ұсынымдамаларының есебін есепке ала отырып, әрбір үміткер бойынша әңгімелесудің қорытынды орта бағаларын шығару арқылы нәтижелерге өңдеу жүргізеді.

7 7. Үміткерлердің материалдарын Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында қарау

50 50. Қоғам Конкурстың 1 (бірінші) және 2 (екінші) турының нәтижелері бойынша үміткерлердің материалдарын жинақтап, Жұмыс органына ұсынады.

51 51. Жұмыс органы үміткерлердің материалдарын Республикалық комиссия отырысына енгізеді.

52 52. Конкурс жеңімпаздарының тізімін Қоғам Республикалық комиссия отырысының хаттамасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

1 Ба ғ алау саясаты

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
м.а. 2008 жылғы 18 шілдедегі
N 424 бұйрығымен
бекітілген
ТӘУЕЛСІЗ САРАПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ "БОЛАШАҚ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
СТИПЕНДИЯСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН ҮМІТКЕРЛЕРМЕН ЖЕКЕ ӘҢГІМЕЛЕСУ
ПАРАҒЫ
I. ҮМІТ­КЕР ТУ­РА­ЛЫ ЖАЛ­ПЫ АҚ­ПА­РАТ
Те­гі/Аты/Әке­сі­нің аты:
Бі­лі­мі ту­ра­лы құ­жат­тың ор­та­ша ба­лы:
Ди­плом бой­ын­ша ма­манды­ғы (ма­ги­стра­ту­ра үшін):
Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы:
Бағ­дар­ла­ма, ма­ман­дық, оқу кур­сы:
Ағым­дық үл­ге­рі­мі:
Жұ­мыс ор­ны, ла­у­а­зы­мы, ғы­лы­ми дә­ре­же­сі:
II. КОН­КУРС БОЙ­ЫН­ША АҚ­ПА­РАТ
Үміт­кер­дің са­на­ты:
Кво­та бой­ын­ша қа­ты­су:
Бо­лжан­ған оқу/ғы­лы­ми та­ғы­лым­да­ма­дан өту елі:
Оқу бағ­дар­ла­ма­сы:
Бо­лжан­ған ма­манды­ғы:
Шет тіл­ден те­сті­леу нәти­же­сі: ___­мүм­кін болған ___
Мем­ле­кет­тік тіл­ден те­сті­леу нәти­же­сі: __ мүм­кін болған __
III. ЖЕ­КЕ ӘҢ ГІ­МЕ­ЛЕ­СУ Н Ә ТИ­ЖЕ­СІ
1. Қ аза қ стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ны ң
Кон­сти­ту­ци­я­сын ж ә не р ә міз­де­рін
бі­луі:
2. Қ аза қ стан та­рихын бі­луі:
3. Жал­пы бі­лім алу дай­ын­ды ғ ыны ң
де ң гейі:
4. Таң­да­уды са­на­лы түр­де жа­са­уы
және таң­дал­ған оқу ба­ғы­ты бой­ын­ша
үміт­кер­дің дай­ынды­ғы:
5. Кә­сі­би дай­ын­дық дең­гейі:
5 - өте жақ­сы
4 - жақ­сы
3 - қа­на­ғат­та­нар­лық
2 – қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз
5 - өте жақ­сы
4 - жақ­сы
3 - қа­на­ғат­та­нар­лық
2 – қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз
5 - өте жақ­сы
4 - жақ­сы
3 - қа­на­ғат­та­нар­лық
2 – қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз
5 - өте жақ­сы
4 - жақ­сы
3 - қа­на­ғат­та­нар­лық
2 – қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз
5 - өте жақ­сы
4 - жақ­сы
3 - қа­на­ғат­та­нар­лық
2 – қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз
Әң­гі­ме­ле­су нәти­же­сі бой­ын­ша ТӘУ­ЕЛ­СІЗ СА­РАП­ТА­МА КО­МИС­СИ­Я­СЫ
МҮ­ШЕ­СІ­НІҢ ұсы­ны­мы
КОН­КУР­СҚА ӘРІ ҚА­РАЙ ҚА­ТЫ­СУЫН ҰСЫ­НА­МЫН
КОН­КУР­СҚА ӘРІ ҚА­РАЙ ҚА­ТЫ­СУЫН ҰСЫН­БАЙ­МЫН
______________________________________   _______________ Тәу­ел­сіз са­рап­та­ма ко­мис­си­я­сы мү­ше­сі­нің Т.А.Ә.  қо­лы
"______" ____________ 2008 ж.
ҮМІТ­КЕР­ДІҢ ЖЕ­КЕ ІСІ ПА­РА­ҒЫ­МЕН ТА­НЫ­СТЫМ ___________________
қо­лы
IV. ҚО­РЫ­ТЫН­ДЫ БА­ҒА
Осы бө­лім­ді же­ке әң­гі­ме­ле­су нәти­же­сі бой­ын­ша "Ха­лы­қа­ра­лық
бағ­дар­ла­ма­лар ор­та­лы­ғы" АҚ-тың қыз­мет­кер­ле­рі тол­ты­ра­ды
___________ _____________________________________ _________
Қо­ры­тын­ды   "Ха­лы­қа­ра­лық бағ­дар­ла­ма­лар ор­та­лы­ғы"   қо­лы
ба­ға       АҚ жа­у­ап­ты қыз­мет­ке­рі­нің Т.А.Ә.
"______" ____________ 2008 ж.
Ба ғ алау саясаты
Ө те жа қ сы
"5"
- Те­ре ң тео­ри­я­лы қ бі­лім (жа­у­ап­тар­ды ң то­лы қ-
ты ғ ы мен д ұ ры­сты ғ ы);
- Та ң да ғ ан ма­ман­ды ғ ыны ң же­ке ба­сы ү шін ж ә не
к ә сі­би ма ң ызды­лы ғ ын са­на­лы т ү рде се­зі­нуі;
- Аза­мат­ты қ к ө з қ ара­сы­ны ң то­лы қ ты ғ ы;
- Ма­те­ри­ал­ды са­у­ат­ты ж ә не са­на­лы т ү рде
жет­кі­зуі;
- Ло­ги­ка­лы қ ой­ы­ны ң жо ғ ары д ә ре­же­де да­муы
Жа қ сы
"4"
- Тео­ри­я­ны жа қ сы бі­луі;
- Та ң да ғ ан ма­ман­ды ғ ыны ң к ә сі­би ма ң ызды­лы ғ ын
са­на­лы т ү рде се­зі­нуі;
- Аза­мат­ты қ к ө з қ ара­сы­ны ң то­лы қ ты ғ ы;
- Ма­те­ри­ал­ды жет­кі­лік­ті де ң гей­де са­у­ат­ты
са­на­лы т ү рде жет­кі­зуі;
- Ло­ги­ка­лы қ ой­ы­ны ң жет­кі­лік­ті де ң гей­де да­муы
Қ ана ға т-
та­нар­лы қ
"3"
- Тео­рия бой­ын­ша бі­лі­мі­ні ң ү зік­ті­лі­гі;
- Та ң да ғ ан ма­ман­ды ғ ыны ң к ә сі­би ма ң ызды­лы ғ ын
жет­кі­лік­сіз де ң гей­де се­зі­нуі;
- Ма­те­ри­ал­ды ба­ян­да­уы­ны ң са­у­ат­ты­лы ғ ы мен
са­на­лы­лы ғ ыны ң жет­кі­лік­сіз де ң гейі;
- Аза­мат­ты қ ұ ста­ны­мы­ны ң на қ ты еме­сті­гі;
- Ло­ги­ка­лы қ ой­ы­ны ң жет­кі­лік­ті де ң гей­де да­муы
Қ ана ғ ат-
та­нар-
лы қ сыз
"2"
- Тео­ри­я­ны біл­ме­уі;
- Та ң да ғ ан ма­ман­ды ғ ыны ң к ә сі­би ма ң ызды­лы ғ ын
жет­кі­лік­сіз де ң гей­де се­зі­нуі;
- Ло­ги­ка­лы қ ой­ы­ны ң жет­кі­лік­сіз де ң гейі

Қолданыстағы