Құжат мәтініне өту

О предоставлении социальной помощи отдельным категориям граждан

Өзге акт · № 79 · қабылданған 02.09.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-41645/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О предоставлении социальной помощи отдельным категориям граждан Күшін жойған Өзге акт ·№ 79 ·02.09.2008
20.11.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении социальной помощи отдельным категориям граждан

Күшін жойған Өзге акт ·№ 79 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении социальной помощи отдельным категориям граждан
Атауы (қаз.)
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
79
Қабылданған күні
02.09.2008
Көрсетілген редакция
20.11.2013 AI41645_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.11.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08KO000092
ЭКБ идентификаторы
41645
Редакция идентификаторы
AI41645_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:54

0 Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарының негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. "Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік төлемдердің соммалары төменде аталған аудан азаматтардың санаттарына тағайындап және алушының қалаған банктік операцияларының түрімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер арқылы аударсын:

1 1) зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі - ЗТМО) ұсынған тізім негізінде Ұлы Отан соғысына қатысқандарға және мүгедектерге Жеңіс күніне (9-мамыр);

2 2) ЗТМО ұсынған тізім негізінде Ұлы Отан соғысы жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтарға ерен еңбегі мен тылдағы әскери міндетті атқарғандары үшін бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған тұлғаларға Жеңіс күніне (9-мамыр);

3 3) ЗТМО ұсынған тізім негізінде Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен Отан соғысының мүгедектер жеңілдігіне теңестірілген тұлғаларға;

4 4) ЗТМО ұсынған тізім негізінде Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен Отан соғысының мүгедектеріне және Ауған соғысында қайтыс болғандар отбасына ай сайынғы коммуналдық төлеміне;

5 5) жасы 70-тен асқан зейнеткерлерге Қарттар күні ЗТМО ұсынған тізім негізінде (1–қазан күні);

6 6) ЗТМО ұсынған тізім негізінде Балалар күніне 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

7 7) ЗТМО ұсынған тізім негізінде Мүгедектер күніне 1, 2 топтағы мүгедектерге (қазан айының әрбір екінші жексенбісі);

8 8) табысы кедейшілік деңгейінен төмен ауданның аз қамтылған әлеуметтік қорғалмаған азаматтарына:

ауыр материалдық жағдайға байланысты;
аурудың ауыр түріне шалдыққанда;
құжаттауға;
апатты жағдайларды жоюға;
авария жағдайдағы тұрғын үйді жөндеуге;
қайтыс болуға байланысты;

9 9) тұлғаларға, туберкулезбен ауыратын науқастың стационарда емделу кезеңіне және емделу мекемесіне баруына және қайтуына;

10 10) ЗТМО ұсынған тізім негізінде Жауынгер–интернационалистер күніне (ауған) басқа мемлекет аймақтырында жауынгерлік әрекетке қатысқандарға;

11 11) Азық–түлік және қуат көздері өнімдері бағасының өсуіне байланысты әлеуметтік көмек келесі азаматтарға көрсетіледі:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тізімі бойынша, отбасының әр мүшесіне;
жас мөлшері бойынша ең төменгі зейнетақы алатын жалғызбасты зейнеткерлерге;
жалғызбасты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға (мүгедектік, асыраушысынан айрылғандар);
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алушы көп балалы отбасыларға, алушылардың тізімі бойынша ай сайын әр балаға.

2 2. Әлеуметтік көмектің көлемі және төлем тәртібі әр нақты жағдайда азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау аудандық комиссияның шешімімен беріледі.

3 3. "Осакаров ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін көмекте мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" бағдарламасына аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде қаражат бөлсін.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы