Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ
пайдаланатын автомобиль жолдарының
пелгіленген белдеуінде және елді мекендерде
орналастырылатын жарнама объектілері
бойынша бір айға төленетін төлем
мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 491-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының белгіленген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша бір айға төленетін төлем мөлшерін белгілеу туралы от 15.08.2008 г. № 8/53 (Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының белгіленген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша бір айға төленетін төлем мөлшерін белгілеу туралы)
1. Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының белгіленген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша бір айға төленетін төлем мөлшері белгіленсін (қосымша №1)
2. Түпқараған ауданының алаңдары мен негізгі желілері аумақтарға бөлінсін (қосымша №2)
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Маңғыстау облысы Түпқараған
ауданы бойынша салық комитетінің
төрағасының м.а:________Ж.Утепбергенова
«15» тамыз 2008 жыл
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
15 тамыздағы №8/53 шешіміне
№1 қосымша
Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының белгіленген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша бір айға төленетін төлем мөлшері
№
Жарнама түрлері мен мөлшері
1 аумақ
2 аумақ
1
Плакаттар, стенділер, жарық түсіретін табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар 1-шаршы метрге дейінгі көлемде ( жерге, қабырғаға, шатырға орналастырылған)
2 АЕК
1 АЕК
2
Плакаттар, стенділер, жарық түсіретін табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар 1-шаршы метрден 3 шаршы метрге дейінгі көлемде ( жерге, қабырғаға, шатырға орналастырылған)
3 АЕК
1 АЕК
3
Плакаттар, стенділер, жарық түсіретін табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар 3-шаршы метрден 5 шаршы метрге дейінгі көлемде ( жерге, қабырғаға, шатырға орналастырылған)
4 АЕК
2 АЕК
4
Плакаттар, стенділер, жарық түсіретін табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар 5-шаршы метрден жоғарғыларға дейінгі көлемде ( жерге, қабырғаға, шатырға орналастырылған)
8 АЕК
3 АЕК
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
15 тамыздағы №8/53 шешіміне
№2 қосымша
Түпқараған ауданының аумақтары бойынша алаңдар мен негізгі желілер тізбегі
1. аумақ
Ақтау – Форт-Шевченко жолы, Форт-Шевченко – Баутино кенті жолы, Форт-Шевченко – Аташ кенті жолы, Баутино – Аташ кенті жолы, Форт-Шевченко қаласының орталық көшесімен Ақтау жолына қосатын орталық көше жанындағы орналасқан жарнама нысандары.
2. аумақ
Форт-Шевченко қаласының орталық көшесінен тыс орналасқан және осы аудандағы барлық ауылдарда, ауыл аралық жолдарында орналасқан жарнама нысандары.