Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының белгіленген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша бір айға төленетін төлем мөлшерін белгілеу туралы Қолданыста
Басқа 0
Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ
пайдаланатын автомобиль жолдарының
пелгіленген белдеуінде және елді мекендерде
орналастырылатын жарнама объектілері
бойынша бір айға төленетін төлем
мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 491-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының белгіленген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша бір айға төленетін төлем мөлшері белгіленсін (қосымша №1)
Тармақ 2
2. Түпқараған ауданының алаңдары мен негізгі желілері аумақтарға бөлінсін (қосымша №2)
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Маңғыстау облысы Түпқараған
ауданы бойынша салық комитетінің
төрағасының м.а:________Ж.Утепбергенова
«15» тамыз 2008 жыл
Басқа 4
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
15 тамыздағы №8/53 шешіміне
№1 қосымша
Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының белгіленген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша бір айға төленетін төлем мөлшері
№
Жарнама түрлері мен мөлшері
1 аумақ
2 аумақ
1
Плакаттар, стенділер, жарық түсіретін табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар 1-шаршы метрге дейінгі көлемде ( жерге, қабырғаға, шатырға орналастырылған)
2 АЕК
1 АЕК
2
Плакаттар, стенділер, жарық түсіретін табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар 1-шаршы метрден 3 шаршы метрге дейінгі көлемде ( жерге, қабырғаға, шатырға орналастырылған)
3 АЕК
1 АЕК
3
Плакаттар, стенділер, жарық түсіретін табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар 3-шаршы метрден 5 шаршы метрге дейінгі көлемде ( жерге, қабырғаға, шатырға орналастырылған)
4 АЕК
2 АЕК
4
Плакаттар, стенділер, жарық түсіретін табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар 5-шаршы метрден жоғарғыларға дейінгі көлемде ( жерге, қабырғаға, шатырға орналастырылған)
8 АЕК
3 АЕК
Басқа 5
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
15 тамыздағы №8/53 шешіміне
№2 қосымша
Түпқараған ауданының аумақтары бойынша алаңдар мен негізгі желілер тізбегі
1. аумақ
Ақтау – Форт-Шевченко жолы, Форт-Шевченко – Баутино кенті жолы, Форт-Шевченко – Аташ кенті жолы, Баутино – Аташ кенті жолы, Форт-Шевченко қаласының орталық көшесімен Ақтау жолына қосатын орталық көше жанындағы орналасқан жарнама нысандары.
2. аумақ
Форт-Шевченко қаласының орталық көшесінен тыс орналасқан және осы аудандағы барлық ауылдарда, ауыл аралық жолдарында орналасқан жарнама нысандары.